Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
20 Мб
Скачать
☆

Тромбоз, эмболия

Микроскопиялық көрiнiсi бойынша венадағы тромбқа - Thrombosis venae - диагноз қою. Препарат 20 гематоксилин эозинмен боялған. Микроскоптың кiшi көрiнiсiнде венаның қабырғасын тауып, қуысы обтурациялық тромбпен бiтелгенiне назар аударыңыз. Ол фибрин мен тромбоциттерден, эритроциттерден тұрады. Тромбтың тамыр қабырғасына бекiтiлген орнын көрсетiп, суретiн салыңыз.

Өкпе тамырларының iсiк торшаларымен эмболиясы - Emboliae cancer cellularae vasa pulmonum. Препарат 14, гематоксилинмен және эозинмен боялған. Микроскоптың кiшi және үлкен көрiнiстерiнде өкпе тiнiн және тамырларына көңiл аударыңыз. Тамыр қуысында атипиялық полиморфты гиперхромды ядролары бар iсiк жасушаларын табыңыз. Кейбiр жерлерде олар өкпе тiнiн бойлай өскен.

Өкпе қан тамыраларының қағанақ суымен эмболиясы. 5/НЕ боялған. Кіші көріністе қағанақ сұйығының элементтері-қабыршақ және миконии түрі де қан тамырда,бронхтарда,өкпенің интерстициалды тінінде көрінеді.

ЭКССУДАТИВТІ ҚАБЫНУ І

71/НЕ Крупозды пневмония (Pneumonia cruposa) Микроскоптың кiшi көрiнiсiнде альвеоланың экссудат әсерiнен тотальды тығыздалуын, тамырлардың айқын гиперемиясын көруге болады. Ал үлкен көрiнiсiнде барлық альвеолаларда фибрин талшығынан және сегменттi ядролы лейкоциттерден тұратын экссудат байқалады.

74/НЕ Iрiңдi лептоменингит (Leptomeningitis purulenta) Микроскоптың кiшi көрiнiсiнде мидың жұмсақ қабатының қалыңдауына, iсiнуiне және тамырлардың тез кеңеюi әсерiнен қан толуына көңiл бөлу керек. Ал үлкен көрiнiсiнде мидың жұмсақ қабатының диффузды сегменттi ядролы лейкоциттiк инфильтрациясы көрiнедi, оның құрамында бiрең-сараң эритроциттер байқалады. Ми тiнiнде периваскулярлы және перицеллюлярлы iсiну айқын көрiнедi

72/НЕ Грипп кезіндегі геморрагиялық пневмония. Кіші көріністе қан тамырлары тола қанды және альвеола қуысында эритроциттері бар өкпе тінін табу.

Продуктивті қабыну

26/НЕ Өкпенің милиарлы туберкулезі. Микроскоптың кіші көрінісінде өкпедегі туберкулездік гранулеманы табыңыз. Үлкен көріністе гранулеманың ортасында казиозды некроз ақшыл қызыл түске боялған. Оның айналасында көптеген эпителиойдты жасушалар, олардың ішінде көп ядролы Перогов-Лангханс алып жасушалары кездеседі. Шеткі аймақта Т-в лимфациттермен қатар бірен саран макрофактар мен плазмалық жасушалар кездеседі, сонымен бірге аздаған капиллярларда бар.

69/НЕ Мерездік мезаортит. Микроскоптың кіші көрінісінде қолқаның ортаңғы қабатына vasa-vasorum мен адвентиция жағынан таралған қабыну инфильтратын табыңыз. Осы қабынудың әсерінен қолқаның ортаңғы қабатында эластикалық талшықтар бұзылған, яғни үзілген эластикалық талшықтары бар дәнекер тін ошақтары көрінеді. Ал үлкен көрінісінде қабыну инфильтраты және плазмалық жасушалардан құралғанына назар аударыңыз.

30/НЕ Актиномикозға тән гранулема. Кіші көріністе актиномикоздық гранулеманы табыңыз. Үлкен көріністе ортасы гомогенді саңыраулақтың қысқа таяқша тәрізді элементтерінен құралған друзаларды анықтаңыз. Друзалардың айналасында нейтрофильді лейкоциттерден құралған ірің ошақтары көрінеді. Оның сыртында макрофактар, плазмалы, ксантомды жасушалар, фибробластар, фиброциттер сонымен бірге жаңа пайда болған қан тамырлары көрінеді.