Ұлттық кадрлар
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі.
Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда.
Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.
Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы.
Бұл бағдарлама бойынша, сарапшылырдың қатал сынынан іріктеліп өткен талапкерлер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді.
Сондай – ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі – ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
Кемел көшбасшы
Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі.
Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді
Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан – теңіз
Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді.
Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры.
Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға
Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы
Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс.
Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек.
Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды.
Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі.
Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында.
Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.
Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
білім - өмір шырағы
«Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген мақалда терең мағына жатыр. Сол себепті, әрбір адам оқу-білімге құштар болуы керек. Біздің мақсатымыз да сол. Болашақта еліміздің көркеюіне үлес қосу үшін мектепте жақсы оқуымыз керек. Тек қана оқу арқылы ойлаған арманыңа жете аласың. Балалар, білімді, еңбекқор болуға талпынайық! Оған барлық жігеріміз бен күш-қуатымызды жұмсайық! Еліміздің барлық тұрғындары толықтай сауатты болуы тиіс. Ол үшін барлық жағдай жасалған да. Қай кезде болмасын білім беру мәселесі бірінші орынға қойылып келеді. Соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан «100 мектеп» мемлекеттік бағдарламасы арқылы көптеген мәселелер шешімін табуда.
Адам мен табиғат егіз
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.
Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.
