- •§ 21 Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- •§ 22 Алтын Орда (хііі-хүі ғғ басы) (хү ғ ортасы)
- •§ 23 Ақ Орда (хііі-хv ғасырдың басы)
- •§ 24 Моғолстан xiVғ ортасы XVI ғ басы
- •§ 25 Әмір Темір жорықтары
- •§ 26 Ноғай ордасы XIII-xVғғ
- •§ 27 Әбіқайыр хандығы (Өзбек хандығы) 1428-1468
- •§ 28 Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрлысы:
§ 24 Моғолстан xiVғ ортасы XVI ғ басы
*Құрылуы, аумағы
- XIVғ ортасында Шағатайдың шығыс бөлігі- Оңтүстік –Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды.
-Мауреннахрдың батысында-Әмір Темір мемлекеті құрылды.
-Дулат тайпасынан шыққан Әмір Поладшы бастаған хандықтың құрылуына белсене араласты.
-1348 жылы Тоғылық Темір Моғолстанның алғашқы ханы болды
-Әмір Поладшының қолында саяси билік болды, Мауараннахрдан бөлініп тәуелсіз хандық құруға кіріседі.
-Дулат тайпалары ның беделдері бұрынғыдан қүшейді. Олар Шағатай ханның кезінен белгілі болған.
*Мұхамемед Хайдардың жазуында « дулат әмірі адал қызмет еткені үшін Маңлай сүбе жерін берген.Ол жер Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі жерлер.Осы аумақта дулат тайпалары Моғолстан хандығының құрылуыңа белсене араласты»
*«Тарихи Рашиди» «Моғолстан жері 7-8 айлық Шығыс шеті қалмақтардың жері-Барыскөл,Емел,Ертіс өзендері, солтүстігінде-Көкше теңіз Түркстанмен.Ташкентпен шектесті,оңтүстігінде-Ферғана,Қашғар, Ақсу, Шалыш пен Тұрфанмен шектеседі»
*Қазақстанда-Оңтүстік және Жетісу аймақтары кірген.
*Этникалық құрамы:
-Арлат, чорас, карлучи тайпалары Монғол шапқыншылығы кезінде болған. Түркі тілдес тайпалармен сіңісіп кеткен. Қалғандары-Шығыс Түркістандағы ұйғырларға қоныс аударған
-Б.з.б үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген.
-V-VI ғғ түркі тілдес тайпалар қоныстанған.
-Дамыған орта ғасыр кезеңінде-дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы өмір- сүрген.
*3.Саяси тарихы.
*Тоғылық Темір хан және әулеті XVI ғ басына дейін билік жүргізді.
*Алмалық- қаласы орталығы болған.
*Хан билігі бұрынғы қалыптасқан ұлыстық жүйемен жүргізілді.
-Дулат тайпасының жоғары лауазымы- ұлысбегі сол қалпында қалды .
*Ислам дінін- мемлекеттік дін ретінде қабылдады.
Мұхаммед Хайдар жазуы бойынша 160 мың адам ислам дінін қабылдаған
қабылдамиаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кесіп отырған
-Тоғылық Темір-Орта Азия жеріндегі билікті қолына келтіруге әрекет жасайды.
-1360-1361 жж екі рет жорық жасайды. Баласы Ілияс Қожаны
Мауараннахрдағы билікке отырғызады.Әкесінің қазасынан кейін Ілияс қожа
Моғолстанға қпйта келеді
-Әмір Темір билікті алу үшін, Ілияс Қожа хан арасында бірнеше қақтығыстар болды. Ілияс Қожа жеңіліп жаңа күш жасақтап -1365 жылы 22 маусымда «Батпақ шайқасы» Ташкент қаласы маңында-Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасында болды. 10 мың адам қырылып- Ілияс Қожа- жеңіске жетті.
-Ілияс Қожа- Самарханға барып, қаланы ала алмайды қала халқы жан алмай қорғанады. Шағатай ұлысы кезіндегі билікті қалпына келтіру сәтсіздікпен аяқталады.Себебі-феодалдар арасындағы алауыздық, саяси феодалдық бытыраңқылық
-Билікті дулат тайпасының әмірлері Қамарад-дин мен Шамсаддиндер жүргізіп таққа Тоғылық Темірдің соңғы ұрпағы- Қызыр Қожа оғланды қан тағына отырғызады.
*Моғолстан мемлекетінің әлсіреуі-Әмір Темір жорықтары:
-Әмір Темір күшейіп -Моғолстанды жаулап алуға кіріседі.
-1371-1372 жылдары -Алмалыққа дейін барып, жол жөнекей елді тонайды.
-1375-1377 жылдары- Оңтүстік қазақстан арқылы Жетісудың Шарын өзеніне дейін жетеді. Қамарад-дин жеңіліп -Шығыс Түркістанға қашады.
-1380-1390 жылдары -120 мың әскерімен бірнеше жорық жасап Моғолстанды әлсіретеді.
-Моғолстан саяси жағынан бірнеше иеліктерге бөлініп, Қызыр Қожа Әмір Темірге тәуелді болды.
-Мұхаммед хан тұсында -1408-1416жж Әмір Темірден тәуелсіздігін алды.
-Темір немерелері Ахмед хан мен Ұлықбек арасындағы таласта Ахмед ханға көмектеседі.
-Қызыр Қожаның немересі -Шер-Мұхаммедтің хан болуын және тәуелді болуын Ұлықбек талап етеді.
-Моғол шонжарлары -Уәйісті хан тағына отырғызады.
-1425 ж Ұлықбек Моғолсанға шапқыншылық жасап, халықты қырғынға ұшыратады.
-1428 жылы Моғолстанда билік үшін талас Жүніс пен Есенбұға арасында басталды.
-Есенбұға 1433-1462ж хан тағына отырады.
-Темір әулеті Әбу Саидтан көмек сұрап, хан тағына отырады.
-Абдар –Рашид кезінде Моғолстан ыдырап қазақ хандығының қол астына өтеді.
