Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер коспектісі.html.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Тоқтату жүйелері.

Тоқтату жүйелері маңызы үлкен программаға маңызы төмен программалардың жұмысын тоқтатуға, содан соң тоқтатылған команданың жұмысын қайта келтіруге мүмкіндік береді.

ЭЕМ-нің мультипрограммалық жұмыс режимінде бір программадан келесі программаға өтуді қамтамасыз ететін арнайы аппаратты және программалық құралдар жиынтығын программаларды тоқтату жүйесі деп атайды. Тоқтату тоқтату сұраныстары бойынша орындалады.Тоқтату сұраныстары келесідей бөлінеді:

  • Сыртқы-басқа ЭЕМ-дерден, датчиктерден және т.б.

  • Ішкі-басқару аппаратураларынан, программалардағы қате және т. б.

Тоқтатуға сұраныстар олардың түсу реті бойынша немесе олардың маңыздылығы бойынша орындалуы мүмкін.Тоқтату жүйелерінің негізгі характеристикалаы келесілер:

  • Реакция уақыты -= t сұраныстың түсу уақыты мен сұраныстың өңделе басталуының арасы

  • Тоқтату тереңдігі -= бір бірін тізбектей сұраныстарының пайда болуы арқылы тоқтататын программалардың максимал саны

Орындалып жатқан программаны әртүрлі t моментінде тоқтатуға болады(ЭЕМ-де қойылғаны бойынша):

  • Тоқтатуға рұқсат беретін команданың біткенінен кейін(арнайы разрядтың көмегімен)

  • Кез келген ағымдағы команда орындалғаннан кейін

  • Ағымдағы команданың орындалуы кезінде ЭЕМ жұмысының кез келген тактісінің біткенінен кейін

ЭЕМ тоқтатуға кірер алдында келесілерді есте сақтауы керек:

  • Негізгі ақпаратты-келесі команданың адресін(орындалмаған алғашқы), басқарушы триггерлердің күйін, тоқтатылған команданың жұмыс режимін, тоқтату маскаларын және т.б. әрқашан аппаратты құралдар арқылы есте сақталады.

  • Қосымша ақпаратты- тоқтатушы программа жүгінетін регистрлердің құрамы, тоқтатушы программаның бастапқы командасымен сақталады.

Тоқтатуды өдеу аяқталғаннан кейін сақталған ақпаратты қалпына келтіру осындай тәсілмен жүзеге асырылады.

Дербес ЭЕМ-дерде(компьютерлерде) тоқтатудың векторлық жүйесі қабылданған, оның кезінде ЭЕМ құрамына кіретін әр құрылғыға өз векторы тағайындалады, оның ішіне келесілері кіреді:

  • Өңдеуші программаның бастапқы адресі

  • Жалаулар регистрі

Векторлар арнайы бөлінген векторлар облысында сақталады(ОП-ның кіші адрестері).Барлық векторлар 5 маңызды классқа бөлінген. Әр кластың ішінде бекітілген электрлік маңыздылық әрекет етеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Процессор не үшін арналған?

  2. Командаларды басқару блогы не үшін арналған?

  3. Операцияларды басқару блогы не үшін арналған?

  4. Басқару құралы қандай қызмет атқарады?

  5. Схемалы-логикалық типтегі басқару құралының микропрограммалық типтегі басқару құралынан айыпмашылығы қандай?

  6. Мультипрограммалық жұмыс режимін ұйымдастыру үшін есептеу техникасында қандай құрылғылар қарастырылған?

  7. Жадыны қорғаудың қандай тәсілдерін білесіздер?

  8. Векторлар жүйесінің көмегімен тоқтатуды ұйымдастырғанда есептеу машинасының жұмысын тоқтату қалай жүреді?

№12 Дәріс

ЭЕМ-де ақпаратты енгізі/шығару

Ақпаратты енгізу/шығару құрылғылары(ЕШҚ) сыртқы объекттер немесе оператор-адамның есептеу жүйесімен байланысын қамтамасыз ету үшін арналған. ЕШҚ ЭЕМ-мен және сыртқы ортамен өз байланысы бойынша 2 топқа бөлуге болады:

  • Адам-ЭВМ байланысына арналған құрылғылар

  • Басқару объектілерімен байланысқа арналған құрылғы

ЭЕМ тек 2-лік сандармен кодталатын физикалық күйлер тілін ғана түсінетіндіктен ЕШҚ-да әдетте ЭЕМ-де тасымалданатын ақпаратты кодтау(декодтау) жүргізіледі.

ЕШҚ-да электрлік схемаларға қарағанда сенімділігі төмен механикалық элементтер көп, сонымен қатар электрлік кедергілер кесірінен және процесс(жады) пен ЕШҚ(ЕШҚ контроллері) арасында мәліметтер тасымалдаған кезде қателер пайда болу мүмкін. Сондықтан қателерді табу үшін немесе оларды ішін-ара түзеу үшін жие ақпарат тасымалдағанда кедергіден қорғалған әртүрлі кодтар қолданады(жұптыққа тексеру, бақылау суммалары, Хемминг коды және т.б.).Сәйкесінше кодталған мәліметтерді байланыс линиялары арқылы 2 түрлі тәсіл арқылы жібереді:

  • Параллельді

  • Тізбектей

ЭЕМ алыстағы ЕШҚ-лармен немесе басқа ЭЕМ-мен мәлімет алмасу керек болғанда объекттер арасындағы салыстырмалы үлкен арақашықтық мәліметтермен алмасудың тізбектей(битті) түрін анықтайды. Байланыс құралдары ретінде жие телефон линияларын немесе радиоканал қолданылады.

Екісымды желі байланысын немесе ЕШҚ мен ЭЕМ арасындағы радиоканалды қолданған кезде мәліметтерді параллельді кодтан тізбектей кодқа және керісінше айналдыруға арналған құрылғылар болады. Байланыс линиялары арқылы мәліметті жібергенде 3 режимнің біреуі қолданылады:

  • Симплексті

  • Жартылайдуплексті

  • Дуплексті