Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Raihan fizika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

33. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. SI жүйесінде жұмыс джоульмен (Дж) өлшенеді: 1Дж=1A*1B*1c;

Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр техникасында қуат Р әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат:

Р=A/t=I*U.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек. Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс: РU2/R және P=I2R.

SI жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған. Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.

Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал: Q=I2Rt.

34. Металдардағы электр тогы. Элоктролит ерітінділеріндегі электр тогы. Элоктролиз заңы

1. 1) Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар элоктрондар болып табылады.

2) Металдардағы электр тогы – еркін элоктрондардың реттелген қозғалысы.

3) Электр өрісінің әрекетінен металдардағы элоктрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады. (300 000км/с).

2. 1) Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, тұздар мен металдардың қорытпалары элоктролиттер деп аталады.

2) Элоктролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

3)Элоктролиттердегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы. Элоктролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі элоктролиз деп аталады.

3. Сонымен, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткеенде, электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды. Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М.Фарадей 1832ж эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр мөлшеріне пропорционал. Бұл заң Фарадей заңы деп аталады: m=kq немесе m=kIt.

Затттың электрохимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1Кл заряд өткенде электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.

35. Газдардағы электр тогы. Вакуумдегі электр тогы

1. Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр тогы дегеніміз-электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады. Егер иондалған газда соққы иондалу есебінен еркін электрондармен иондардың саны шұғыл өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады. Плазмада электр тогы пайда болады. Иондалу дәрежесіне қарай плазмалар әлсіз иондалған, орташа иондалған және толық иондалған деп бөлінеді.

2.

1) Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы термоэлектрондық эмиссия деп аталады.

2) Вакуумдегі электр тоггы дегеніміз – термоэлекторндық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы. Термоэлектрондық эмиссия құбылысы қолданылатын ең қарапайым құралдарға электрондық шамдар жатады. Практикада екі электродты және үш электродты электр шамдары кеңінен қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]