- •1 Салықтардың экономикалық мәні мен маңызы және құрылу деңгейлері
- •1.1 Салықтардың пайда болуы мен дамуы
- •1.3 Салық салудың құрылу деңгейлері
- •2 Корпоративтік табыс салығын анықтау және талдау
- •2.1 Корпоративтік табыс салығының салық салу объектілері
- •2.3 Корпоративтік табыс салығының кәсіпорын қызметіне әсер етуін талдау
- •3 Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары
- •3.1 Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары: шетелдік тәжірибе
- •3.2 Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын жетілдіру
3 Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары
3.1 Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары: шетелдік тәжірибе
Корпоративтік салық немесе компаниядан табыс салығы Ұлыбританияда 1965ж енгізілді. Бұл салық бұрын қолданылған компанияның салық салу жүйесін ауыстырды. 1965 ж дейін олар жеке тұлғаларға бірдей салынған және сонымен қатар оларға қосымша 15% табыс салығы қолданылған. Ұлыбританияда 1965 жылдан 1973 жылға дейін қолданылған корпоративтік салықтың классикалық жүйесінің орнына корпорациялық салықты алудың импутациондық жүйесі келді.(imputation system).
Резиденттік компаниялардың жалпы салық жылындағы пайдасына корпорациялық салық қолданылады. «Компания» ұғымына ағымдық салық заңдылығына енетіндер: корпоративтік органдар және корпоративтік емес ассоциоциялар, оған серіктестіктер енбейді (оларға жеке тұлға ретінде салық салынады). Резиденттік компания корпоративтік орган болып саналады, егер оның кәсіпкерлігі осы елде бақыланса, онда компанияның басқару органы орналасады. Корпоративтік салық компания кірісінің рұқсат етілген есептеулерінен алынады. Салық ставкасы жыл сайын елдің бюджетімен тағайындалады және келешектегі қаржылық жылдың кірістеріне қолданылады. Қазіргі таңда қолданылатын ставка 33 және 24% (кіші бизнес үшін). Корпорациялық салық салу 12 аспайтын есептеу кезеңінің негізінде жүргізіледі. Егер есептік кезең екі қаржылық жылға келсе, ал бұндай көбіне кездеседі, онда компанияның кірісі екіге бөлінеді және әрбір осы бөлікке белгіленген қаржылық жылда қолданылатын салық ставкасы қолданылады. Көбінесе салық есептік кезең аяқталғаннан кейін 9 айдан кейін төленеді. Импутациондық жүйеге сәйкес компанияға корпоративтік салық салу оның жалпы табыс соммасы қатынасы негізінде жүргізіледі. Егер бұл табыс акционерлер арасында бөлінетін болса, онда компания төлеген салық бөлігі акционерлер төлейтін табыс салығын төлеуде есептеледі. Имрутациондық жүйе келесі бес белгімен сипатталады: [13]
1) Компания корпорациялық салықты барлық пайдадан бірігей ставка бойынша төлейді (бөлінген және бөлінбеген).
2) Табыс салығы дивиденттер көздерінен алынбайды.
3) Егер компания дивиденттер төлесе, онда олар корпорациялық салық шотына алдын ала төлем жүргізу қажет немесе акционерлер арасында бөлінуге жататын кірістер соммасына салық ставкасын есептеу арқылы аванстық корпорациялық салықты төлеу.
4) Дивиденд алатын Ұлыбритания резиденті табыс салығын төлеу кезінде аванстық төлемлер соммасына шегерімдерді жүргізуге болады. Шегеріс ставкасы көбіне жеке табыс салығы ствкасымен байланысты.
5) Есептік кезең аяқталғанда компаниямен төленген аванстық корпорациялық салықты жалпы міндеттемелер соммасы корпорациялық салықты төлеу шотына шегеріледі.
Резиденттік емес корпорациялардың кірісіне корпорациялық салық салынады келесі жағдайларда, егер корпорация сауданы Ұлыбританияда филиалдар немесе бөлімшелер арқылы жүргізсе. «Ұлыбританияда сауданы жүргізу» түсінігі заңмен анықталмаған, бірақ ағылшын соттарымен бұндай кәсінкерлікті жүргізу критерилері анықталған. Осылайша «сауданы жүргізу үшін» тауарларды сатып алу актісі жеткіліксіз болады. Бірақ, ағылшын тұтынушыларына қызмет көрсету және сату келісімшарты жүргізілетін орын резидент емеспен жүргізілетін сауданың басты маңызды факторы болып табылады.
Ұлыбританияда бөлімшелер арқылы саудамен айналысатын резиденттік емес компанияларға корпоративтік салық салынады:
а) бөлімше немесе бөлімше аты арқылы тікелей немесе жанама сауда жүргізуден табыс.
б) осы бөлімшемен қолданатын меншік немесе меншік құқығының кірісі арқылы.
в) осы бөлімшемен қолданатын капиталдық активтердің өсімімен.
Резиденттік емес компания Ұлыбританияда пайда болған бірақ капитал өсіміне корпоративтік салық салуға жатпайтын кез – келген кірістен базалық ставка бойынша табыс салығы салынады.
Резиденттік емес компанияның қайта бөлінген табысына корпоративтік аванстық салық салынбайды.
Кейбір жағдайларды есептемесе резиденттік емес компанияларға корпоративтік салық резиденттер мен бірдей корпоративтік салықты төлейді. Бірақ жылдық пайыздар және басқа да жыл сайынғы төлемдер резиденттер емес пайдасына есептелмейді; егер салықтық келісіммен қарастырылған жеңілдіктер қолданылмаса. Ұлыбритания резиденттерінің пайдасына төлемдерді есептеу тек келесі жағдайларда жүргізіледі, егер олар корпорациялық салық салуға жататын кірістерінен төленсе.
Компанияның салық салатын кірісі ағымдағы салықтың жылда жүргізілген компанияның жалпы кірісінен заңмен рұқсат етілген жалпы кірісті есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұның ішінде көптеген заң актілері шығыстарды шегеру сипатына ие емес, ол орындалмайтын шығыстарды шегеруді қарастырады.Осы себептен тыйым салынбаған барлық шығыстар шегерімге жатады. Шегеру құқығына ие болу үшін бұл шығыстар «Ағымдағы шығыстар» баптары бойынша жүргізілуі қажет және толығымен тек кәсіпкерлік іскерлікте қолданылуы керек.
Жалпы кірістен шегерімге жатады:
1) Іскерлік сипаттағы ағымдағы шығыстарға, өндірістік үй-жайды жалға алу (оны сатып алу емес), ремонт құны (қайта жарақтандыру, толықтыру, өзгерту құны емес), валюталық курстың өзгеруі нәтижесінде валюталық қарыздан жоғалтулар, егер бұл баптар «Ағымдағы шығыстар» бойынша жүргізілсе (жеке сипаттағы ағымдағы шығыстар) үйді жалға беру, өндірістік емес сипаттағы кез-келген жоғалтулар, пайыздардан айырылу, әртүрлі сипаттағы жылдық төлемдері резидентті емес тұлғаларға жоғары пайыздық ставка бойынша төлемдер, салықтық ойынпұлдар, капиталдық салымдар сипатыны шығындар шегерімге жатпайды.
2) Жұмысшылардың жеке қызметкерлердің жұмыстан шыққандағы компенсациялық төлемдер, өндірістік қажеттілікпен талап етілген, кадрларды техникалық және мамандық қайта даярлау шығындары, сыйақы түріндегі төлемдер.
3) Компанияның қаржылық сұрақтары бойынша заңдар бойынша кеңес беру шығындары, бухгалтерлік қызмет көрсету бойынша төлем, көлік шығындары, өндірістік іскерлікке байланысты шығындар.
4)Лицензиялық және тағы басқа төлемдер және болашақ табысты төлеумен байланысты мысалы: ауылшаруашылыққа қарау шығындары, саяси партиялардың төлемдері.
5) Компания қызметкерлерінің көңіл көтеру сипатындағы өкілетті шығындар, егер олар іскерлік сипатқа ие емес белгіленген шекте; жарнамалық сипаттағы сыйақылар. Оның құны 10 ф.с. азық-түліктен басқа сусындар және темекі өнімдері; компанияның өнімі түріндегі өнімдер түрлері.
6) Әрбір алушыға сыйақы шығыны 10 ф.с. аспауы керек, жылына.
7) Қызметкерлердің еңбекақысына шығындар, жәрдемақы мақсатындағы қызметтер және (1987.ж бастап) оқытушылық қызметке.
8) Құрал – жабдықтарды қалпына келтіру шығындары шегерімге жатпайды. Бірақ бұл шығыстар шегеріледі егер олар ағымдағы шығындарды білдірсе.
9) Еңбекақы бойынша шығындар, су құбырлары, газ, электр қуаты, жарық ету, жылыту почта жіберулері, телефон, канцеллярлық тауарлар, егер олар толығымен жүргізілсе және тек өндірістік мақсатта қолданылса.
10) Жәрдемақы қорларына салымдар.Бұл шығындар бойынша максимальді шегерім дивидент соммасының 3% құрайды.
11) Коммерциялық және коммерциялық емес шығындар.
12) Компанияның кіріс пайызы көзінен алынатын табыс салығы, роялти, жалдық және патенттік төлемдер, табыс салығынан шегерімге жатады, егер осындай төлемдер жүргізілсе.
13) Мерзімі өтіп кеткен қарыздар ағымдары кезеңде шегерілген бірақ тек коммерциялық сипаттағы ғылыми зерттеулерге шығындар компанияның жалпы табысынан толығымен шегеріледі.
Арнайы салықтық режим. Солтүстік теңізде мұнай өндіретін компанияларға бекітілген. Бұл компаниялар корпорациялық мұнай салығын төлейді (rotroleum revenue tax) 75 ставкасы бойынша. Бірақ олар жалпы корпорациялық табысты төлеуден босатылмайды.
Сонымен қоса Ұлыбританияның компаниялары капитал өсуіне салық төлейді.
Италияда корпоративтік табыс салығын өндіріп алу механизмін қарастырайық. Бұл категорияның әрбір бағалау кезінде орташа баға қолданылады. Кәсіпорын мен өндірілген және алынған тауарлар құнынан олардың санына бөлумен анықталады. Айта кету керек, жаңа салықтық заңдылығы бойынша кәсіпорынның келесі жылдың балансына босалқы қорларды ауыстыруға тыйым салынады. Сондықтан да соңғы жылдарда 1988 ж. салыстырғанда ТМУ артылып қалуында орташа баға қолданылады және бұлардың нәтижесі кәсіпорынның пайда мен шығыстар шотында көрініс табады.
Кәсіпорынның жалпы табысынан алынатын артылып қалулар мен шығыстар балтық кең көлемін алады. Ең алдымен компания директорларына төленетін төлемдерді есептеусіз жұмыскерлердің еңбекақысы. Негізгі қорларды жұмылдыруға және жөндеу жұмыстарының эксплуатациялық шығындары салықтық кезең басына құнның 5% көлемінде рұқсат етілген. Ғылыми инженерлік конструкторлық жұмыстарға шығыстар оларды жүргізудің бірінші жылындағы кірістерінен толық көлемінде алынады; келесі кезеңде шегеру көлемі-фактілік шығыстардың 25% көлемін алады.
Сонымен қатар кәсіпорын табысы арқылы салық салынуға жатпайтын қорлар құрылуы мүмкін. Жалпы сомадан қор 0,2% -ке жеткенге дейін жалпы табыстың 0,5% көлемінде сенімсіз берешектер қорына аудару рұқсат етілген. ¤ткізуден түсімдер 5% -ке жетпегенге дейін аударымдар көлемі 0,2% дейін қысқарады. Шаруашылық қызмет нәтижесі бойынша компания шығыстарға ұшырар жағдайларда олардың соммасынан келесі жыл табысын азайту рұқсат етілген. Егер де бұл табыс шығыстарды өтеуге жеткілікті болмаса, шығыстарды 5 жыл бойы ауыстырып отыруға рұқсат етілген.
Жаңа салықтық заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындар жәрдемақы жөнінде қорларды құрай алады. Несиелер бойынша жыл сайынғы аударымдар несиелер соммасынан 0,5% құрайды. Бұл көрсеткіш қор несиелердің баланстық көлемінің 5% -іне жеткенге дейін өзгеріссіз қалады.
Заңды тұлғалардың табыс салығы. Салық – бұл капиталистік корпорациялардың кірістеріне салық салатын әмбебап құрал болып табылады. Ол барлық өндірістік, коммерциялық және несиелік қаржылық компанияларға, сонымен қатар олардың шетел филиалдарына салынады. Бұларға акционерлік қоғам статусы жоқ, бірақ капиталдағы үлестік құрамы бар шағын жекеменшік кәсіпорындары да кіреді (бірлестік, корпоратив және т.б).
Салыну объектісі компанияның бөлінбеген табысы түріндегі таза табысы болып табылады. Соңғысы бухгалтерлік есептің табыс және шығын т.б негізгі шоттарында анықталынады, ол мына формуламен есептелінеді: компанияның жалпы табысы - коммерциялық қызмет процесіне қажетті өндірістік шегерімдер мен шығындар.
Жалпы табысқа кіретіндер: негізгі қызметтен (тауарды сатудан немесе қызмет көрсетуден) табыс, сонымен қатар қалдық шикізатты, материалдарды және жартылай фабрикаттарды өндірістік мақсаттар үшін сатудан түсім; негізгі капитал салымдарын өткізуден түсім (жер, ғимарат, үймерет, құрал-жабдық); басты және еншілес компаниялармен келісім жасаудағы орындалмаған коммиссиондық төлемдер және басқа да активтер.
Компания қызметінің қаржылық қорытындысы салынатын табысты анықтау үшін қойма қалдықтарының бағамына (шикізат және дайын өнім) және аяқталмаған өндіріске байланысты болады. 1988 ж. дейін бұл қалдықтардың ағымдағы бағамын бағалау үшін компанияға әрбір бағалауында табыс әкелетін әдіс қолданылады: алынған шикізат соңғы бағамен есептеледі, дайын өнім – бастапқы өткізу бағасымен есептелді (халықтық тәжірибеде бұл әдіс «Lifo») деп аталады. Бірақ қазіргі уақытта бұл әдіс кәсіпорынмен тек қойма қалдықтарының азайтылуы негізінде қолданылады.
Қоймалық қалдықтар кәсіпорынмен біркелкі категорияда топтасады, ал бұл категория ішінде бағамы бойынша болады.
Сонымен қатар шетел валютасы бағамдарының ауытқуларымен байланысты қорларды құруға кәсіпорындар үшін рұқсат берілген. Корпоративтік табыс салығының негізгі элементі амортизациялық аударымдар болып табылады. Амортизация жерден басқа барлық капиталдық салымдар түрлеріне қатысты. Негізгі қаражаттар түрдері және кәсіпкерлік салалар бойынша қаржы министрлігімен бекітілген нормалар бойынша ғана амортизациялық аударымдар есептелінеді. Қазіргі уақытта жыл сайынғы аударымдардың келесі мөлшерлері қызмет етеді.
4 Кесте – Баланстық құнға жыл сайынғы аударымдардың мөлшерлері
Негізгі қаражаттар түрлері |
Баланстық құнға жыл сайынғы амортизация |
1. Ғимараттар 2. Құрал–жабдықтар 3. Машиналар 4. Инвентарь 5. Ұйымдық құрал-жабдықтар 6. Авто көліктер 7. Электр құралдары |
3-6 10 10-16 40 12 20 18 |
Ескерту: [4]
Салыстыру шаралары 2009 жылы осы қорлардың қалыптасуына маңызды өзгерістер енгізді. Қазіргі кезде амортизациялық қорларға аударымдар өндірістік процеске құрал-жабдықты пайдалану барысында ғана мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, амортизациялық аударымдар бекітілген норма бойынша есептелінеді, бірақ 1-жылда құрал-жабдықты эксплуатациялауда бұл нормалар 50% дейін қысқартылады.
Сонымен қатар тездетілген амортизация тәртібі де өзгерді, ескі заң бойынша иемдену сәтінен бастап бірінші үш жыл бойы негізгі қаражаттарды 15% дейін алып тастау рұқсат етілген. Жаңа заңға сәйкес тездетіп алып тастау нормалары амортизациялық аударымдардың қарапайым көрсеткіштен 1,5 аса алмайды. Осы жағдайларға келесі мысалдарды келтірейік.
Мысал ретінде келесіні көрсетейік, егер құралдарға азайту коэффиценті қолданылса, 10% тең болғанда, онда ереже бойынша 1-жылы тездетілген амортизация 12,5% құрайды (5%-жай амортизация, және 7,5% - тездетілген), ал қалған екі жылда - 25%-дан болады.( 10 %-жай амортизация және 15%-тездетілген). Сонымен қатар заң құралдарды шегеру үшін амортизациялық қорларға төлем толығымен төленуіне рұқсат береді, егер құрал құнының бірлігі 1млн. лирдан аспаса.
Италияның салық заңдылықтары кәсіпорынның техникалық жабдықталуын ынталандыру үшін және Италияның экономикалық артта қалған аудандарына капитал салымдарын ұлғайтуға жеңілдіктер қарастырады. Көбінесе бұл аудандарға компаниялар 10 жыл көлемінде табыс салығын 50%-бен төлейді.
Заңды тұлғалардың табыс салығындағы реттеуші ролі басқа да жағдайларда көрсетіледі. Мысалы, егер негізгі капитал салымдардан табыс алынды, компания оны 3 жыл көлемінде негізгі құралдарды инвестициялау мақсатында, арнайы резервтік шотқа аударады, бұл амортизациялық қорға теңеседі, және бұл жағдаймен олар салықтан босатылады.
Арнайы ережелер шетелден алынған табысқа салынатындарды реттейді. Ондағы төленген салықтар Италиядағы салықтық жеңілдіктерге құқық береді. Мұнда Италия мен табыс алған мемлекет арасында 2 жақты салық салынбау келісімі жүргізілген болса, ол алу % -ін реттейді және Италияндық табыс салығының 2/3 бөлігінен аспауы тиіс. Егер де мұндай келісім болмаған жағдайда алым 25% дейін жеңілдетілген лимит түрінде болады. Мұндайда табысқа салық салынудың әмбебептаық қағидасы жүзеге асады. Италияда табыс салығының тиімді ставкасы 33-тен 75%-ға дейін төленеді.
1983 ж бастап салық 36% көлемінде алынады. Оған дейінгі кезеңде тбыс салығының негізгі ставкасы 25% құрады. Бұдан басқа Италияда екі арнайы ставка болды: Қаржылық және холдингтік компаниялар үшін, олар тек бағалы қағаздармен жұмыс жасайды, олардың табыс салығы 7,5%-ға дейін қысқарды, аралас капиталдары бар компаниялар мен ұйымдар және оған 50% мемлекеттің еншілес үлесі барлар табыс салығын 6,25% көлемінде төлейді.
Корпорацияның табыс салығы 80-90 жылдарда жүргізілген салық реформалар нәтижесінде көптеген мәнді өзгерістерді бастан кешірді. Бұл салықтың фискалдық ролі, табыс салығына қарағанда, аса мәнді болмаса да, ол аса маңызды қаржылық құрал болып табылады. Бұл салық, мемлекетке экономикадағы ара-қатынастармен үйлесімдердің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін қажет. Корпорацияның салық салуының басты нысаны болып таза табысқа салық салу табылады. Корпорацияның табыс салығына келесі ставкалар Заңмен бекітілген: алғашқы 50 мың доллар – 15%, келесі 25 мың доллар 25%, 25 мың доллар жоғары - 35%.
Салық салу кірісін есептеу бірнеше этаптардан тұрады. І этапта жиынтық табыс анықталады. Яғни тауарды өткізу мен қызмет көрсетуден түскен түсім, ренталық төлемақылар, роялти капитал өсімінен кіріс және т.б кірістер қосылады. ІІ этапта еңбек ақы, қалпына келтіру шығындары, үмітсіз қарыздар, ренталық төлемдер, төленген салықтар (жергілікті, штаттық) несиеге проценттер, амортизация табиғи ресурстардың бүлінуіне байланысты шығындар, жарнама, зейнетақы қорына салымдар, ауа райына байланысты шығындар, қайырымдылық салымдар және т.б есептелінеді. Келесі есептелінетіндер – операциялық шығындар, 30%-ке дейінгі алынған дивиденттер, кейбір кәсіпорындық шығындар, НИОКД шығындары, ғимараттарды қалпына келтіру.
Фермерлік шаруашылықтар аса ірі жеңілдіктер алады. Осы жеңілдіктердің арасында кейбір кәсіпорындар салықтық базаны нольге жеткізе алады. Құрғақшылық жылы фермерлер салық декларациясына өздерінің еріксіз мал сатудан түскен түсім мен құрғап қалған егінге сақтандыру өтемақысын көрсетпейді. Олар ол кірістерді келесі жылы сипаттайды. Алынған кіріске 15,25,35 %-те салықтық пайыздар қолданылады. Ол салықтық сомадан аванстық салықтық төлемдер алынып тасталынады. [14]
Салық арқылы, АҚШ үкіметі бюджетке түсімдерді қадағалап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де шеше алады. Кейбір салаға салық салуды көбейтсе, кейбіреулеріне жеңілдіктер жасалынады және керісінше, салықты азайту. Сәйкесінше салықтық жеңілдіктерді азайтады.
Францияда акционерлік компаниялардың табыс салығы (impot sur les societes)толенеді.
Бұл салық анонимді, командиттік, жауапкершілігі шектеулі компанияларға, кооператив пен оның ұйымдарына және басқа да кәсіпорындарға салынады. Бұл салық сонымен қатар “Қызметтері әртүрлі ресурстарды эксплуататциялау нысанына ие немесе пайда табумен байланысты операциялар сипаттамасын атқаратын” қаржылық автономияға ие мемлекеттік орталық билік органдарына және ұйымдарына, департамент және коммундық органдарға, сонымен қатар заңды тұлғаларға да салынады.
Компанияға салынатын салық таза пайдадан алынады. Бірақ пайда табу мақсатын көздемейтін мемлекеттік ұйымдар мен ассоциациялармен және бірлестіктермен шығарылатын жер кірістеріне, ауыл шаруашылық қызметтеріне, бағалы қағаздарға салық мөлшерлемесі төмендетіледі.
Негізгі ұжым немесе кәсіпорын орналасқан жеріне қызметтің алуан түрлері мен алынатын барлық табыстан салық есептелінеді. Жылдық баланстық жабылғаннан кейін 3 айдан соң, кәсіпорынмен тапсырылатын кірістер туралы декларациясы бойынша салықты есептеу, жылдың 1 сәуірінен кеш емес жүргізіледі.
Жылдық баланстың жабылу кезіндегі жаңа салым шегерімдері актив құнын белгілеу арасындағы айырма, акционерлердің өз қаражаттарынан жүргізген немесе акционердің жыл бойындағы табыс бөлігінен, авансқа қосымшаларынан, кәсіпорынның таза табысына салық салынады. Тәжірибеде кәсіпорынның салық салынатын табысын есептеу үшін жалпы табыстардан (түсімдерден) шығындар алынады. Шегерім шығындарына кәсіпорынынң барлық шығындары жатады. Оларға еңбек ақыға шығындар, кәсіпорын орналасқан мекемені (үй жайды) жалға алу, қаржыландыру құны (пайыздарды төлеу және несиені өтеу), кәсіпорын шығыстарына салық төлеу және т.б. жатады.
Компанияға салық және жеке тұлғалардың кірістеріне салық төлеу шығындары жалпы табыстан алынбайды, өйткені баламалыққа ие емес, яғни бағаға кірмейді. Олардан айыппұлға шығындар және кәсіпорын басшылары қолданатын әр түрлі қаржылық санкциялар алынбайды.
Бұрынғы акционерлермен өндірілген жаңа қосымша капиталды салу, компанияның лимит шегінде салық салудан босатылады.
Жалпы алынатын шығындардан кәсіпорынның өкілдік шығындары алынып тасталынады. Кәсіпорындарға анықталған салық салынатын табыстар амортизациялық шегерімдер құрайтын жалпы табыстан алынған барлық шығындар сомасын шығаруға рұқсат етілген.
Кәсіпорынның резервтік қор сомасы, компанияның салық салуына жатпайтын, кәсіпорын шығындарына жатқызылуы мүмкін болатын ысыраптарды бекіту жолымен шектеледі.
Францияда және шетел кәсіпорындарына екі рет табысқа салық салуды соқтырмау үшін, Франция европалық елдердің үлкен бөлігімен және кейбір басқа жақтағы елдермен келісімге келеді. Келісім екі елдің біреуінен салық салуды алып тастаған құқықты қарастырады: табыс пайда болған елде немесе оның иесі тұрып жатқан елде.
Жылжымайтын мүлікке пайда болған елде ғана салық салынады. ¤ндірістік және саудаға табыс, кәсіпорын немесе сауда мекемесі тұрақты тұрған елде салық салынады.
Елде алынған саудаланбайтын табыс мына жағдай да алынады, егер олардың өмір сүруіне бұл жерде ерекше қолайлы мүмкіндіктер болса. Басқа да табыстарға салық салу болып кәсіпорын иесі өмір сүріп жатқан елдің құығы табылады.
Кейбір келісімдер мемлекет территориясында табылған табыс, аванс нысанында алынады және анықталған категориядағы барлық табыс немес оның бөлігі (дивиденттер, пайыздар, жалға төлемдер) салық салу мүмкіндігін қарастырады.
Франция теңіз және әуе тасымалдауымен шұғылданатын кәсіпорындары, сол елде тұрған және басқа елдермен кәсіпорынға салымдар салық салу үшін арнайы келісімдерге ие. Сондай-ақ салымдарды теңестіру үшін және бағалы қағаздардан кірісті екі есе алуды шектету өмір сүреді. Бұл келісімдер Франция және Африка елдері арасында тұжырымдалған.
Акционерлік компаниялардың табысына салық салу 4 мерзімде жүргізіледі: әр жылдың ақпан, мамыр, тамыз және қараша айларының алғашқы 20 күнінде қызмет етудегі 12 айдық салымдарының жалпы сомасы кәсіпорынынң соңғы шотын жабуда алынатын пайдаға салықтың 9/10 сәйкес келу қажет. Салықтың алғашқы бөлігі кәсіпорынынң соңғы шотын жарқаннан кейін төленеді. Декларацияны беру мерзімі біткен, кәсіпорынынң баланстық шотынан табыс көлеміне байланысты көрсетілген сомма ережесі осы төлемнен есептеледі. Содан кейін төленетін салық сомасы салықтың келесі төлемі жүргізілген кезде шоттарды жабу нәтижесі негізінде бекітіледі.
Компанияны қосқандағы кәсіпорын табысына салық Францияда сондай-ақ еңбек ақы қорына салық және оқушылыққа салық жатқызылады. Бұл 2 салық та орталық бюджетке түседі. Оқушылыққа салық тіркелген еңбек ақы қорының мөлшерлемесінен және табиғи төлемдер қосумен алынады. Еңбек ақыға салық еңбек ақы қорының бірдей ставкасымен алынады. Бұл салықты Францияның экономика және бюджет, қаржы министрлігінің орнатуымен келісілген зейнетақы төлемдері шығаратын ұйымдар мен жеке меншік мекемелер және мемлекеттік мекемелер төлейді.
