Есеп 4
Науқас бірнеше жыл бойында қалқанша безінің ауыруымен ауырады. Тексерген кезде: жағдайы орташа. Тері жамылғысы бозғылт, суық, құрғақ. Аяғы, құрсақтың алдыңғы қабырғасы іскен. Көз саңлауы кішірейген. Қастары ісінген. Қосымша зерттеуде тиреоидты гормондар секрециясы төмендегені анықталған. Қалыпты және гиперфункция кезіндегі бездің құрылымдық-қызметтік сипатын айтыңыз.
13. Қалқанша безін сыртқы ұйқы артериясының қандай тармағы қанмен қамтамасыз етеді?
жоғарғы қалқанша артериясы+
ішкі ұйқы артериясы
беттік артерия
төменгі қалқаншаартерия
тіл ариясы
14. Қалқанша безінің құрылысының кестесінде мүшенің гипофункциялық көрінісін анықтаңдар.
A. 1
B. 2
C. 3
D. 4
E. 5+
15. Қалқанша безінде қандай гормондар өндіріледі?
катехоламиндер
тропиндер
йодтирониндер+
глюкокортикоидтар
минералокортикоидтар
16. Симптомдар жиынтығы қандай патологиялық жағдайда кездеседі?
жүрек жеткіліксіздігінде
бүйрек үсті жетіспеушілігінде
гипотиреоз +
эутиреоз
тиреотоксикоз
Есеп 5
Медициналық тексеру кезінде дәрігер пациентте тілдің құрылымы мен түсінің өзгеруіне назар аударды. Сау адамда асқазан-ішек жолы ауруларын тауып диагноз қою үшін тілдің қандай құрылымдық-қызметік ерекшеліктерін білу керек?
17. Ауыз қуысы қандай бөліктерге бөлінеді:
Ауызға кіре беріс , меншікті ауыз қуысы+
Ауызға кіре беріс , таңдай бөлімі
меншікті ауыз қуысы
меншікті ауыз қуысы, қызыл иекті бөлік
Ауызға кіре беріс
18. Тілдің құрылысының кестесінде науалы бүртіктерді анықтаңыз.
A. 1
B. 2
C. 3
D. 4+
E. 5
19. Тіл беткейінің қай бөлігі қышқылды сезеді?
А. тіл ұшы
В. тіл түбірі
С. тілдің бүйір беті+
D. тіл арқашығы
Е. тілдің ортаңғы бөлігі
20. Тегістелген бүртікті қабатпен «жылтыратылған тіл» қандай патологияда болады?
гастритте
Асқазан рагында
микседемада
эзофагитте
В12- тапшылықты анемияда+
Есеп 6
Дәрігер қабылдауында науқас жұтыну кезінде түйірді сезіну, тамақтың қиын өтуіне шағымданды. Өңеш ауруына күдік бар. Патологиялық өзгерістер сипатын анықтау үшін, сау адам өңешінің құрылымдық-қызметік ерекшелігін білу қажет.
21. Өңештің кілегей қабығында қандай қатпар болады?
қиғаш
жарты ай
көлденең
ұзынша+
циркулярлық
22. Өңештің құрылысының кестесінде шырышты қабықшаның меншікті табақшасын анықтаңыз.
A. 1
B. 2+
C. 3
D. 4
E. 5
23. Өңеш моторикасы қандай жергілікті механизмдермен реттеледі?
А.гуморальды факторлар
B. метаболизмнің өнімдерімен
C. қатты тағаммен
D. аксон-рефлекспен
E. интрамуральды нервтік түзілістермен+
24. Дисфагия қандай патологияда пайда болады?
көкеттің өңештік тесігінің жарығында
кардия ахалазиясында
склеродермияда
өңеш рагында
барлық аталғандарда+
