- •1.Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •2.Тығыз талшықты дәнекер тін
- •3.Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •4.Шеміршек тінінің құрылысы.
- •5.Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •7.Жүректің бұлшық ет тіні.
- •9.Нейроглия
- •10.Жүйкелік талшықтар
- •11.Рефлекторлық доға
- •13.Торлы қабықша
- •14.Есту мүшесі
- •15.Қанның құрылысы
- •16.Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
2.Тығыз талшықты дәнекер тін
(пішінделмеген және пішінделген)
Тығыз талшықты дәнекер тіні борпылдақ дәнекер тінінен айырмашылығы онда талшықтар көбірек болады. Бұл талшықтардың орналасуына байланысты тығыз пішінделген және тығыз пішінделмеген дәнекер тіндерге бөлінеді.
Тығыз пішінделмеген дәнекер тіні әр бағытта орналасқан жуан коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан тұрады. Дәнекер тінінің жасушалары көп емес, оның көп бөлігін фибробластылар және фиброциттер құрайды. Негізгі заттың мөлшері көп емес. Тығыз пішінделмеген дәнекер тіннің мысалы ретінде тері дермасының торлы қабатын атауға болады. Тығыз пішіделген дәнекер тінде коллаген шоғырлары белгілі бір тәртіппен орналасқан, мысалы: сіңір, байлам, тарамыс, фиброзды мембраналар.
Сіңір (сухожилие) жуан параллельді орналасқан коллаген талшықтарының шоғырынан тұрады. Олардың арасында негізгі зат және фиброциттер болады. Сіңірде әрбір коллаген шоғыры көршілес орналасқан шоғырлардан сіңір жасушаларымен бөлінген. Бұл шоғырлар І ретті шоғырлар деп аталады. Бірнеше І ретті шоғырларды дәнекер тіні қоршап ІІ ретті коллаген шоғырларын құрайды. Ал бірнеше ІІ ретті шоғырлар ІІІ ретті шоғырды құрайды. Ең сыртқы дәнекер ұлпа эпитеноний деп аталады. Әрбір шоғырдың сыртындағы дәнекер тіні эндотеноний деп аталады. Ол трофикалық және камбиальдық қызмет атқарады , 2 реттік шоғырдың сыртында перитеноний анықталады.
Фиброциттер (тендиноциттер) өсінділі. Жалпы органеллалары нашар дамыған, бірақ олар жасушааралық заттарды түзеуге қатысады. Тендиноциттер бір-бірімен өсінділері арқылы байланысып, кеңістікте үш жазықтықта да орналасқан торды құрайды. Жасушааралық байланыстардың ішінен бұл жерде нексустар анықталады. Олардың көмегімен жасушалар бір-бірімен механикалық, электрлік және химиялық байланыстар жасай алады. Өсінділердің цитолеммасы жасушааралық талшықтармен адгезиялық байланыста болады. Бұл жағдай үстеме күш түскенде жасушалардың белсендірілуіне себеп болады. Ал ол өз кезегінде жасушааралық заттардың өндірілуінің артуына әкеледі.
Байлам (связка) оның негізін параллельді орналасқан эластин талшықтары құрайды. Әрбір талшықтың жанында жұқа дәнекер ұлпа орналасады.
3.Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
Бұл топқа ретикулярлық, май , шырышты және пигментті тіндер жатады. Оларға да меншікті дәнекер тіндердің құрылымдық принциптері тән. Олардың ерекшеліктеріне жатады:
белгілі бір аймақта орналасуы (тек ақ май тіні ғана көп жерлерде орналасады)
ерекше қызметтерді атқаруы
бір дифферон жасушаларының басқаларынан басым болуы (тіннің түріне сәйкес)
жасушааралық заттың белгілі бір құрылысының болуы
1. Ретикулярлық тін. Иммундық қорғау және қанжасау мүшелерінде орналасып, гемопоэз және иммунопоэз үрдістерін қамтамасыз етеді. Жасушалардан, жасушааралық заттардан тұрады. Ретикулярлық тіннің жасушаларына жатады: 1) ретикулярлық жасушалар (фибробластыларға ұқсас); 2) макрофагтар; 3) адвентициальды (аздифференцияланған) жасушалар. Ретикулярлық жасушалар өсінділі, олардың өсінділері бір-бірімен саңылаулы байланыстар арқылы байланысады. Ашық түсті ядролары, азоксифильді цитоплазмасы болады. Цитоплазмада белок синтезінің оргнеллалары орташа дамыған. Ретикулярлық жасушаларға түйісе ретикулярлық талшықтар орналасқан, олар жартылай цитоплазмаға кіре орналасқан. Ретикулярлық жасушалардың қызметі жасушааралық заттарды өндіру. Ретикулярлық ұлпаның макрофагтары полиморфты, қызметі де әртүрлі. Олар фагоцитозға қабілетті, секреторлық, реттеушілік, антигентаныстырушылық т.б. қызметтерді атқара алады.
Жасушааралық зат аморфты заттан және ретикулярлық талшықтардан тұрады. Негізгі аморфты заттың құрамы БТДТіндегідей. Ретикулярлық талшықтар III типті коллагеннен құралып, 3 жазықтықта орналасқан тор құрайды.
Ретикулярлық тіннің атқаратын қызметтері — трофикалық, тіректік, қорғаныш, реттеушілік және гомеостатикалық.
2. МАЙ ТІНІ. БТДТ бір түрі, оның құрамында липоциттер басым анықталады. Жасушалардан, жасушааралық заттардан тұрады. Жасушааралық заттың құрамы БТДТіндегідей. Липоциттер басым болады, бірақ олармен қатар басқадай да дәнекер тіннің жасушалары болады. Құрамына кіретін липоциттерге байланысты май тінінің екі түрі ажыратылады: ақ және қоңыр.
Ақ май тіні гиподерманың құрамында, ішмайда, бұлшық ет араларында, ішкі мүшелердің қабырғаларында орналасады. Ол келесі қызметтерді атқарады: 1. Қоймалау (Депо): 1) қоректік заттарды қоймалау — трофикалық қызмет; 2) су қоймасы (майлар ыдыраған кезде судың көп мөлшері түзіледі); 3) майда еритін витаминдерді қоймалау А, Д, Е, К, сонымен қатар стероидты гормондарды, әсіресе аналық жыныс гормондарын (эстрогендерді); 2. Энергия көзі. майлар ыдыраған кезде энергияның көп мөлшері түзіледі 3. Термореттеушілік қызметі майдың жылуды нашар өткізуіне байланысты және майдың ыдырауының суықта артуы арқылы жылу өндіру арқылы іске асырылады. 4. Қорғаныш-механикалық және тіректік қызметі оның қоршаған мүшелерін механикалық қорғаудан көрінеді. Тез арықтау барысында май ұлпасының көмегімен бекітілетін мүшелердің қалыпты орнынан ауысуы мүмкін, мысалы, бүйрек.; 5. Косметикалық: тері асты майы дене бітімінің қалыптасуына қатысады. 6. Кейінгі жылдарда ақ май ұлпасының эндокриндік қызметі анықталды, онда эстрогендер және тамақ ішуді реттеуге қатысатын гормон — лептин өндіріледі. Лептин гипоталамуста өндірілетін тамақ ішуді жоғарылататын ерекше нейропептидтің (нейропептид Y, NРY) өндірілуін тежейді. Ашыққанда лептиннің өндірілуі төмендейді, тойынғанда — артады. Лептиннің аз өндірілуі семіздікке әкеледі.
Ақ май тіні бір-бірінен БТДТ қабаттарымен бөлінген, липоциттерден құралған бөліктерден тұрады. БТДТ қабаттарында қан тамырлары, жүйкелік аяқтамалар орналасады. Липоциттерден басқа жасушалар да кездеседі, мысалы, фибробластылар макрофагтар, лейкоциттер т.б.
3. ШЫРЫШТЫ ТІН. Бұл эмбриональдық дәнекер тін. Өзгеріске ұшыраған БТДТ болып табылады. Оның құрамында талшықтар өте аз болады, ал гиалурон қышқылы өте мол анықталады. Ұрықтарда кіндік баудың құрамында, амнионның қабырғасында кездеседі. Ересектерде көз алмасының шыны тәрізді денесінің құрылысы оған ұқсас болады.
Жасушалардан және жасушааралық зат болады. Жасушалары – шырышты жасушалар немесе мукоциттер деп аталады, құрылысы фибробластыларға ұқсас болады. Пішіні өсінділі, жасушааралық затты өндіреді (негізінен аморфты затты өндіреді, коллаген талшықтары аз бөлінеді).
Жасушааралық заты жіңішке коллаген талшықтарынан және аморфты заттан тұрады, кейінгінің құрамында гиалурон қышқылыеың мөлшері күрт жоғарылаған. Ол тінге тығыздық және метахромазиялық қасиет береді. Дерманың құрамында шырышты тін бірте-бірте қалыпты БТДТінге алмасады. Кіндік бауда шырышты тін механикалық-қорғаныш қызметін атқарып, қан тамырларын сығымдалып қалудан сақтайды.
4. ПИГМЕНТТІ ТІН. Құрылысы жағынан бұл тін БТДТ ұқсас, айырмашылығы оның құрамында пигментоциттер мол болады. Бұл тін көбінесе көздің нұрлы және тамырлы қабықтарында, терінің кейбір аймақтарында, қалдарда кездеседі.
Құрамында көптеген пигментоциттер, сонымен қатар фибробластылар, макрофагтар, ұлпалық базофильдер, лейкоциттер т.б. жасушалар болады. Пигментті тіннің пигментоциттерін екіге бөледі: меланоциттер және меланофоралар. Меланоциттер өздері меланин пигментін өндіруге қабілетті, ал меланофоралар оларды меланоциттерден алып, қоймалайды. Кейбір авторлар пигментоциттер тек эпителий тінінде ғана орналасады, ал дәнекер тінде тек меланофорлар болады деген пікірді айтады.
Жасушааралық заты БТДТіндегідей. Қызметі де дәнекер тінге ұқсас, бірақ меланоциттерге байланысты бірінші орынға ультракүлгін сәуледен қорғау қабілеті шығады.
