Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен фарм.фак последний (1)фармакология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Галоперидол

3.хлорпротиксен

4.сульпирид

5.рисперидон

263.Препаратты анықтау:қаңқалық бұлшықеттердің реклаксациясынсыз терең емес наркоз шақырады. Анальгетикалық әсері айқын. Оттегімен бірге қоспа түрінде қолданылады. Миокард инфарктында ауру сезімді басу үшін, наркозға енгізуге қолданылады:

1.наркозға арналған эфир

2.натрий оксибутираты

+3.азоттың шала тотығы

4.Фторотан

5.кетамин

264.Анальгин бұл қай препараттың халықаралық синонимі:

1.ацетилсалицил қышқылы

+2.метамизол натрий

3.Парацетамол

4.кеторолак

5.морфин

265.Аурухананың қабылдау бөліміне коматозды жағдайда науқас жеткізілді. Объективті түрде қарағанда: тері жабыны бозғылт, салқын. Тыныс алу ритмі дұрыс емес, периодтық тыныс, брадикардия, қарашығы бірден тарылған. Қандай топ препараттарымен уланғанда осындай симптомдар дамиды:

1.наркотикалық емес анальгетиктермен

2.нейролептиктермен

3.М-холиноблокаторлармен

4.антидепрессанттармен

+5.наркотикалық анальгетиктермен

266. Фенаминнің халыкаралык аты/синонимі:

+1. амфетамин

2.Кофеин

3.мезокарб

4.сиднокарб

5.кордиамин

267.Аралас әсер ететін аналептикке жатады:

1.кофеин

+2.кордиамин

3.Цититон

4.бемегрид

5.этимизол

268. Дәрілік затты анықтау: эпилепсияның үлкен тырысу ұстамаларының алдын алу үшін қолданылады. Аритмияға қарсы әсері бар, әсіресе жүрек гликозидтерімен шақырылған интоксикацияға байланысты қарыншалық аритмияға әсері жақсы. Жанама әсері: қызыл иектің шырышты қабығының өсіп кетуі:

1.карбамазепин

+2.дифенин

3.фенобарбитал

4.лидокаин

5.клоназепам

269.Нейролептиктердің антипсихотикалық әсерінің механизмі:

+1.мезолимбиялық жүйедегі дофаминдік рецепторлардың тежелуі

2.ми бағанасының жоғарылағыш ретикулярлы формациясына әсері

3.4 қарыншада орналасқан дофаминді рецепторлардың тежелуі

4.альфа –адренорецепторлардың тежелуі, гипоталамус орталығының тежелуі

5.опоидты рецепторлардың тежелуі

270. Пиразолон туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:

1.диспепсилық құбылыстар, ас қорыту жолының шырышты қабатының ойылуы, геморрагия, құлақ шуылдауы, есту қабілетінің төмендеуі

2.көп мөлшерде қолданғанда нефротоксикалық және гепатоксикалық әсер байқалуы мүмкін

+3. диспепсиялық бұзылыстар, ас қорыту жолының шырышты қабатының ойылуы, геморрагиялар, ісінулер, аллергия, лейкопения, агранулоцитоз

4. тыныс алу орталығының тежелуі, седативті әсер, обстипация

5. дәріге тәуелділік шақырады.

271. Транквилизаторлардың қолданылуы:

1. ойлау мен физикалық қабілеттілікті жоғарылату үшін

2.ми қан айналым бұзылыстарында және гипоксияға байланысты дамыған ойлау қабілетінің жетіспеушілігінде

3. депрессия мен субдепрессияда

+4. невротикалық және невроз тәрізді жағдайларда , ұйқысыздықта

5. манияда, ұйқышылдықта

272. Тыныштандырғыш заттар:

+1. бром тұздары, сасықшөп препараттары, валериана препараттары

2. мезокарб, кофеин, меридил

3. аминалон, пирацетам,пантогам

4. имизин, амитриптилин, пиразидол

5. аминазин, трифтазин

273. Психостимуляторлар:

+1. мезокарб, кофеин

2. натрий бромиді, валериана тұндырмасы

3. аминалон, пирацетам, пантогам

4. имизин, амитриптилин, пиразидол

5. аминазин, трифтазин, дроперидол

274. Транквилизаторлар тобына жататын препараттар:

1. имизин, амитриптилин, пиразидол

2. аминазин, трифтазин, дроперидол

3. кофеин, меридил, сиднокарб

4. натрий бромиді, настойка валерианы, настойка пустырника

+5. диазепам, феназепам, мезапам