Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жансая ДЖ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18 Мб
Скачать
☆

3.4. Судың химиялық қасиетін және оның құрамындағы мұнай

өнімдерін анықтау анализінің нәтижесі.....................................................47

3.5. Мұнай сорбентін таңдау және қолдану нәтежесі.................................51

3.6. Модельдік тәжірибе нәтежесі................................................................53

IV. Қорытынды..........................................................................................55

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................56

Қосымшалар...............................................................................................59

Кіріспе

Әлемдік қоғамдастықта Қазақстан мұнай державасы болып табылады. Мұнай қорларын зерттеу бойынша Қазақстан әлем бойынша 13-орында, ал көмірсутекті шикізатты өндіру бойынша 18-орында тұр. Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін қолайлы аудандар аумағы 1 млн. 700 мың км2-ды құрайды, яғни ол аймақ Қазақстандағы жердің 62%-ын құрайды. Европа мен Евразия елдері ішінде мұнай қорларын шығарып өндіру деңгейі бойынша Қазақстан Ресей, Ұлыбритания мен Норвегия елдерінен кейінгі төртінші орында тұр. Мұнай мен газ конденсаталарын зерттеп шығару аумағы 4,6 млрд. тоннаны құрайды. Болашақта мұнай қорларын көбінесе теңіз кен орнындағы шикізатымен байытатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 208 санынан асатын мұнай кен орындары табылған. Республика бойынша кен орындар жиынтықтарының басым бөлігі Атырау облысына келеді, оның территориясында мұнай өндіріс орындары жақсы дамыған орта болып Каспий жағалауы саналады. Мұнай мен мұнай өнімдерімен топырақ пен судың ластануы Қазақстан үшін қазіргі кезде ірі және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жер қойнауынан мұнайды шығарып өндіру, тазарту мен оны тасымалдау техникалық жағынан алғанда күрделі болумен қатар, зиянды және қауіпті болып табылады, себебі кен орындардан мұнайды алғанда бастапқы экологиялық жағдайларды өз күйінде қалдыру мүмкін емес. Мұнай өндірудің әр қадамында мұнайдың сыртқа ағып кетуі байқалады, сондықтан да ондай «ағып кетулер» болашақта үлкен экологиялық апаттардың себебі болуы мүмкін. Тоғандардың мұнаймен ластану процесі суда еріген оттегі қорының азюына әкеледі, ал оттегі қоры органикалық заттардың тотығу процедурасында қолданылады. Егер де судың бетінде мұнай қабықшасы болатын болса, онда ол қабықша тоғанның өз-өзін тазарту процесін тежейді, себебі ол қабықша атмосферадан оттегі енуіне кедергі жасайды. Бұл жағдайда тоғанда анаэробты шарттар пайда болады, ал бұл шарттар судағы зиянды заттардың көбеюіне қолайлы жағдайлар туғызады. Мұнай мен мұнай өнімдерімен ластанған су қолдануға жарамсыз болып қалады, оны қайта бастапқы күйін тек оны толық өндіру процесінен өткізгеннен кейін ғана келтіруге болады.

Әлемдік практикада жиі кездесіп жүрген су бетінен мұнай компоненттерін жою технологиялары – механикалық, физико-химиялық және биологиялық.

Табиғи ортада кездесіп жүрген мұнай көмірсутектерін биологиялық жағынан жою әдістерінің ең қолайлысы болып қазіргі таңда табиғи ортаға мұнайды белсенді тотықтыратын микроорганизмдерді енгізу әдісі саналады. Ластанған суға микроорганизмдер жиынтығын интродукциялау мұнаймен ластанған экожүйелердің тазарту процесін тездетеді және биологиялық ыдырау процесінің тұрақтылығын реттейді. Микроорганизмдер алифатикалық, иісті және т.б көмірсутектер түрлерін тотықтыра алады.

Айтып кететін жағдай, қазіргі кезде мұнайды тотықтыратын микроорганизмдер түрлері жайлы басылымдар саны жоғары деңгейде.

Мұнай құрамының құлдырау процесіне әкелетін микроорганизмдер әр қилы түрлерге жатады, олардың жиі қолданылатын ерекше белгісі – төмен деңгейде ластанған суда мұнай мен мұнай өнімдерінің құрылысын бұзу болып табылса, ал сирек қолданылатын белгісі – орта деңгейде ластанған топырақта мұнай құрылысын бұзу болып табылады. Микроорганизмдердің ластанған суды тазарта алу қабілетін зерттеуші ғалымдар практикада қолданбайды, ал бірақ та микроорганизмдердің ондай қабілеті көптеген экологиялық мәселелерді шешер еді. Сонымен қатар жоғары дәрежеде ластанған суды төменгі деңгейде ластанған суға тасымалдау қабілеті де мәселенің шешуіне әкелуі мүмкін, мысалы төменгі немесе жоғарғы дәрежеде ластанған суға мұнайды тотықтыратын негізгі белгілі микроорганизмдерді енгізу арқылы жүргізуге болады немесе тойғандарға рекультивационды іс-әрекеттер жасау арқылы да, ол тоғандарды тазартуға болады.

Сондықтан да жоғары дәрежеде ластанған топырақ пен судың биологиялық қайта келу процесін реттеу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді ойлап табу Қазақстан үшін өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу процессі кезінде менің дипломдық жұмысымның мақсаты анықталды – мұнай өнімдерімен ластанған су қоймаларды иммобиалды микроорганизмдердің көмегімен тазарту арқылы қоршаған ортаға түсірілген экологиялық қауіпті азайту және осы процестерді жүргізу үшін оның методологиялық және технологиялық негіздерін құру болып табылады.

Ғылыми жаңашылдығы.

- мұнай және мұнай өнімімен ластанған суды тазалауда қолданылатын табиғи сорбенттердің сорбциялық қасиеті зерттелді.

- судың мұнай көмірсутегімен ластануын тазарту және қалпына келтіру үшін қолданылатын микроағзалар қасиеті мен мүмкіндіктері жүйеленген.

- суды мұнай мен мұнай өнімдерінен тазалаудың сорбциялық және микробиологиялық әдісінің жүйелі қолдану тәсілі ұсынылды.

Жұмыстың практикалық мәні. Дайындалған тәсіл суы тазарту мен қалпына келтірудің жылдам және тиімді жүйелі өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Табиғи сорбенттердің сорбциялық қасиеті туралы мәлімет, және микроағзаларды қолданудың ерекшеліктері ластанған суды тазарту үрдісінде рационалды және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың нәтижелері анықтамалық мәлімет ретінде қолдануға болады.

Жұмыс ҚР БҒМ ғылыми комитетінің РММ «Қазақстан Республикасының Халықаралық Биотехнология Орталығында» экологиялық биотехнология зертханасында жүргізілді.