Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи по ГП и ГПП 2012. каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

Билет №14

1 Тапсырма:

Мүсәпіров пен Дәулетов арасында өмір бойы асырауда ұстау шарты жасалды. Шарттын заты ретінде Дәулетовтың құны 250мың долларға бағаланған «Майбах» маркалы жеңіл автомашинасы белгіленді және рента алушы ретінде Дәулетовтың тумысынан кемтар жиені көрсетілді. Жасалған шарт заң талаптарына сай ма? Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша төленетін рентаның ең төменгі мөлшері қандай?

2 Тапсырма:

Толық орта білімі жоқ Қойбағаров фермер қожалығының төрағасы Дәулетбаевқа қарсы сотқа талап арыз жолдады. Судья Тыртықбаева істің күрделігін ескере отырып істі өкіл арқылы жүргізуді қажет деп шешті. Судьяның шешіміне баға беріңіз. Сот ұйғарымы деген не? Ұйғарымның шешімнен қандай айырмашылығы бар? Қойбағаровтың атынан судьяның әрекетіне байланысты шағым құрастырыңзыз.

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.

Билет №15

1 Тапсырма:

Ефимова мен Заботина тұрақты рента шартын жасасты. Шартта рента жарты жыл сайын төленетіндігі және рента ақшалай сомада емес рента алушыға қызметтер көрсету жолымен белгіленді.Жасалған шарттың заңға сәйкестігін тексеріңіз. Тұрақты рента шартты бойынша төлемнің мөлшері заңда белгіленген бе? Рента шартын құрастырыңыз.

2 Тапсырма:

Аудан прокуроры Ахметбаев Ұлы Отан соғысының мүгедегі Жеңісбаевтың заңды мүдделерін корғау мақсатында сотқа талап арыз жолдады. Сот процесінде Жеңісбаевтың заңды өкілі Атшабаров прокурор мәлімдеген талапты қолдамады. Сот қандай шешім қабылдауы мүмкін? Прокурордың сотқа талап арыз беруінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж.

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.

.

Билет №16

1 Тапсырма:

Жомартов өзіне тиесілі коттеджды жиені Көбейсіновқа сыйға тартты. Сыйға тарту қалай ресімделуі тиіс? Сыйға тарту шартының нысандарын атаныз. Сыйға тарту шартын құрастырыңыз.

2 Тапсырма:

Судья істі қарау кезінде жауапкердің іске қатысы жоқ екендігін аңықтап, оны тиісті жауапкермен ауыстырғаннан кейін істі қарауды әрі қарай жалғастырды. Судьяның әрекеті заңды ма? Тиісті емес жауапкер қалай ауыстырылады?

Құрастырған оқытушы: Ғаббасов Н.Ж.

Қоғамдық-құқық пәндердің циклдық

комиссиясында қаралды

Х аттама

«____» ____________ 2013 жыл

Циклдық комиссиясының төрайымы_ _________ Н.С.Гордова

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________________ Н.Т.Наурызбаева

"_____" ______________ 2013ж.