- •1Ұйым қаржысын ұйымдастыру принциптері
- •1. Өткен жылдың бөлінбеген пайдасының сомасы
- •6. Қорлар.
- •3 Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •5 Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер дәрежесін томендету
- •6 Ұйымның негізгі капиталы және қаржы ресурстары
- •9 Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары
- •10 Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі
- •Қр Заңы негізінде жшс фирмалық атауы және жшс белгісі болады.
- •17 Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі
- •18 Қарыз капиталың тиімділік қөрсеткіштері:
- •1. Қаржы қаурыттылығы коэффициенті
- •3. Қаражат тарту коэффициенті:
- •5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті
- •6. Капиталдандыру коэффициенті
- •21 Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары
- •23 Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары
23 Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары
Жоспарлау – ағымдағы шығынды басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Жоспарлауда алдағы кезең шығынын және оның мөлшерінің орынды құрылымын белгілеу басты мақсат ретінде қойылады. Ағымдағы шығынды жоспарлаудың негізгі нысаны бюджеттендіру болып табылады. Жоспарлы бюджет жалпы ұйым бойынша, жекелеген бөлімшелер мен жауапкершілік орталықтарына бөлініп жасалады. Шығын бюджеті ағымдағы қызметтің кіріс және шығыс жоспарына енгізіледі.
Пайдалану шығынын жоспарлау дың негізгі сатылары;
Есепті кезеңнің шығынын талдау
Жоспарлау үшін қажетті бастапқы база дайындау
Шығынның мөлшері мен құрылымына ықпал ететін факторлардың өзгеру болжамы
Бұйым түрлеріне жоспарлы калькуляция жасау
Жауапкершілік орталықтарының жоспарлы бюджетін әзірлеу
Жалпы кәсіпорын бойынша жиынтық жоспар әзірлеу жатады
Бизнес жоспар – кәсіпкердің алдағы кезеңге жасаған іс-әрекет жоспары болып табылады.
ЖШС НБК «Ақсай» бизнес жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
Резюме. Бұл бөлімде жобаның басты мақсаты, кәсіпкерлік өнімнің қысқаша сипаттамасы, сату көлемі
туралы мәлімет, жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар, күтілетін тиімділік пен
қорытынды болжанған.
Тауарлары мен қызметтердің сипаттамасы. Бұл бөлімде фирманың өнімі туралы, оның физикалық
қасиеті, тауардың қандай сұраныстарды қанағаттандыратындығы, нарықта олардың
басқалардан айырмашылығы, жетістіктері мен кемшіліктері, тұтынушылардың тауарды
ұнататындығы туралы айтылған. Сонымен қатар, кәсіпорын қандай интеллектуалдық
меншікке (лицензия, кәсіпорын құпиялары) жататындығын көрсеткен.
Тауарлар мен қызметтердің өткізу нарығы. Бұл бөлімде комбинаттың филиалдары, қамтылған
аумақтары туралы толық мәлімет көрсетіледі.
Маркетингтік жоспар. Бұл бөлімнің өзі бірнеше пунктерге бөлініп қарастырылған. Маркетинг
стартегиялары мен мақсаттары, баға белгілеу, тауарларды тарату схемасы, сатуды ынталандыру әдістері,
жарнама, фирмалар және кәсіпорын және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
Өндірістік жоспар. Өндірістік даму перспективасы, шикізаттың түрлері, қайдан, қалай алынатыны, қандай
цехта, не сақталатыны, өнім қашан және қалай пайда болатыны көрнекті түрде көрсетілген.
Ұйымдастырушылық жоспар. Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде меншік формасы, кәсіпорын
басшыларының, директорлар кеңесі мүшелерінің аты, мекен-жайы туралы қысқаша мәлімет көрсетілді.
Қаржылық жоспар. Бұл ең маңызды бөлім болып келеді. Сатылу көлемі, жалпы пайда, айналым және
өндіріс шығындары, шығындар мен табыстар, меншік және қарыз қаражаттарын пайдалану, олардың
көздері мен қарыздарды төлеу мерзімі толық көрсетіледі. Тәжірибеде бизнес-жоспардағы қаржылық
жоспардың бірінші бөлігі көбінесе негізгі 3 құжатпен көрсетіледі: Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің
жиынтық теңдестігі, табыс және шығын жоспары, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жоспар.
