- •Қаржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
- •С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы
- •Ақша нарығының мәні мен қызметтері.
- •5.Ақша нарығының төлем құралдары
- •6. Ақша нарығының қаржылық құралдары
- •7. Қазақстандығы ақша нарығының құрылымы.
- •8. Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі
- •9. Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
- •11. Екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері.
- •12. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері және төлеу тәртібі.
- •13. Талап етуге дейінгі депозиттердің мәні мен ерекшелігі.
- •14. Мерзімді депозиттің мәні мен ерекшелігі .
- •15. Жинақ депозиттерінің мәні мен ерекшелігі.
- •16. Банктік сертификаттың мәні мен түрлері
- •18. Несиенің экономикалық мәні мен формалары.
- •19. Несие нарығының мәні мен қатысушылары
- •20. Несие нарығының құралдары
- •21. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
- •22. Қазақстандағы несие нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •23.Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі
- •25. Валюта нарығының экономикалық мәні
- •27. Валюта нарығының құралдары
- •28. Валюталық операцияның мәні мен түрлері
- •29. Бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
- •31. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
- •33. Сақтандырудың нарығының мәні мен атқаратын қызметтері
- •34. Сақтандырудың жіктелімі
- •35. Сақтандыру нарығының қатысушылары
- •37. Сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын шектеулі ықпал ету шаралары.
- •38.Сақтандыру ұйымдарының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері
- •39. Қаржы нарығындағы зейнетақы нарығының ролі
- •40. Зейнетақы нарығының мәні мен қатысушылары
- •41. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет ету ерекшеліктері
- •42. Қазақстандағы зейнетақы нарығының қалыыптасуы
- •43. Жинақтаушы зейнетақы қорларының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері.
- •45. Зейнетақы нарығының құрылымы
- •46. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
- •49. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
- •48. Қаржылық делдалдықтың мәні
- •47. Қаржылық делдалдар мен қаржылық делдалдық
С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы
Қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды. С.Ковалевтың түсіндірмесіне орай қаржы нарығының жіктелімі келтірілген, сондай ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген:
Қаржы нарығы |
Валюта
|
|
Алтын |
|
Капитал |
|
Ақша |
Шетелдік валюта (ақшалай белгілер – банкноттар, қазынашылық билеттер, заңда төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын, бірақ айырбасталатын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірліктері шоттарындағы құрал);
Бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облигациялар) және басқа да қарыздық міндеттемелер);
Бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, рутений, осмий) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир, александрит, меруерт).
Алтын нарығы – бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен б-ты экон.қ қатынастар саласы.
Капитал нарығы - өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлай бөліну осы нарықта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылар мен қаржы құралдарының эмитенттері арасындағы қатынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.
Ақша нарығының құралдары - ең алдымен бизнес салалары мен мем. Ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге
асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы б.т.
Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы пайыздар төлейді.Қазақстан қаржы нарығының құрылымы:ақша, валюта,депозит,несие,зейнетақы,сақтандыру,бағ.қағаздар
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығын оны шығару бойынша және оның (бағалы қағаздар нарығының) қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың айналасы бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық объектісін жеке-дара салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады: коммерциялық , мақсатты , ақпараттық , реттеуші
