Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қан жүйесі тәж.саб.ӘН.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
88 Кб
Скачать
☆

3.Қанның реңдік көрсеткішін анықтау

Қандағы гемоглобин мөлшері мен эритроциттер санының қатынасы-қанның реңдік көрсеткіші деп аталады. ҚРК эритроциттердің гемоглобинмен қанығу мөлшерін көрсетеді ҚРК есептеу үшін төмендегі формула қолданылады:

Гемоглобин, г/л

ҚРК-------------------------------------------------------------------------------*3

1 мкл қандағы эритроциттердің саны (алғашқы үш саны)

Қалыпты жағдайда ҚРК ересек адамдарда 0,85-1,05, жаңа туған нәрестелерде 0,9-1,3

Дерттік жағдайларда ҚРК 1,05-тен жоғары (гиперхромазия) немесе 0,85-тен төмен (гипохромазия) болуы мүмкін.ҚРК анықтаудың клиникалық маңызы зор. Бірнеше сыналушылардың көрсеткіштерін салыстырып, қортынды жасау керек.

4.Эритроциттердің осмостық резистенттігін анықтау

«Методы исследование физиологических функций» кітабының 15 бет,10 жұмысынан қараңыздар.

5.Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) анықтау:Натрий цитратымен араластырылған қан пробиркада біраз уақыт тұрғаннан кейін екі қабатқа бөлінеді: үстінде қан плазмасы және төменде тұнған эритроциттер орналасады.

Қалыпты жағдайда ЭТЖ ер адамдарда 2-10 мм/сағ, әйелдерде 2-15 мм/сағ, жаңа туған балаларда-1-2 мм/сағ болады. ЭТЖ организмнің жағдайына тәуелді. Кейбір физиологиялық

жағдайларда (мысалы, жүктілік) және көптеген ауруларда ( жұқпалы, қан саласының аурулары, туберкулез, ревматизм, т.б.) ЭТЖ жоғары болады. ЭТЖ анықтау үшін Панченко аспабы қолданылады, ол арнаулы белгісі бар жіңішке түтікшелерден

( капиллярдан ) тұрады.

Жұмысты орындау: Лимон қышқылды натримен шайылған түтікшенің «Р» (немесе 50) белгісіне дейін осы ерітіндіні алып, сағат шынысының бетіне үрлеп құяды. Сонан кейін саусақтан скарификатормен тесіп, түтікшенің « О»( немесе К» ) деген белгісіне дейін алынған қанды, шыны бетіндегі ерітіндімен араластыру керек (түтікшені ерітіндіге тигізбей, ауамен үрлеп араластырады). Осылай натрий цитратымен араластырылған қанды қайтадан түтікшенің «К» белгісіне дейін сорып алып, аспаптың штативіне қояды. Бір сағаттан кейін тұнған қан плазмасының биіктігі бойынша ЭТЖ анықталады (мм/сағ). Бірнеше сынаушылардың ЭТЖ анықтағаннан кейін салыстырып, қорытынды жасау керек.

6.Әдебиет:

Негізгі

Орыс тілінде:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии.

К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002,

957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Қосымша:

1. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  1. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва,

Высшая школа, 1987 .

  1. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека.

А. А. Утепбергенов, 1995 .

  1. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева,

Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев., Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.

Қосымша:

1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006, 52 б.