Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС №6-10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
881 Кб
Скачать
☆

1962 Жылдың ақпанның 16 нан 17 не қараған түні бір бірінен мүлдем тәуелсіз екі құбылыс сұмдық зардаптарға әкеліп соқты. 11-12 балл күші бар дауылды жел Солтүстік

теңізден суды жағаға қуса, дәл сол арада Эльбада су басу басталған. Өзен сулары бірден сауылдап, деңгейі 6 мге көтерілді. Олар бөгеттерді қиратып, үйінділерді шайып кетті, үйлер, көшелер, жолдар суға толды. Үлкен алаңдар су астында қалды. Бөлектенген апат алаңдарында мыңдаған адамдар қалды. Оларды құтқару үшін әскер бөлімдері, полиция және де өздері тіленгендер жіберілді. Өздері тіленіп барғандардың ішінде жастар аз емес еді. Дегенмен 315 тұрғынға көмек өте кеш жетті.

Дауыл - бұл жоғары жылдамдықта спираль түрінде болатын жел. Жел сағатына 120 км жылдамдықпен соқса, ауа бағанының қысымы ось бойынша өте жылдам төмендейді.

Орталықтағы төменгі қысым аумағы құйынның эпицентр деп аталады. Кейде құйынның "көз" деп аталады. Эпицентр ең бойынша 15-30 км болуы мүмкін. Эпицентрдегі төменгі қысым болуының себебі теңіз суы эпицентрге оңай сіңеді және жоғары көтеріледі.

Өте қатты нөсерлер кейде төмен қысымды аудандарда байқалады. Ең қатты жаңбырлар дауыл эпицентрінің маңайындағы қара бұлттардан жауады. Дауыл «көзін» тоқаш ортасындағы ойық сияқты елестете аламыз. Жел эпицентр маңайында соғады ал оның ішінде тынық. Оның үстіндегі аспанда бұлттар болмайды және ашық болуы мүмкін. Ол жердің желі әлсіз, әдетте 34 км/сағ. төмен.

Егер сіз дауылға тап болып, оның эпицентрінде түсіп қалсаңыз, сіз ең алдымен қатты желді сезінесіз. Одан кейін сіз әбден су боласыз. Дауыл эпицентрі өтіп кеткеннен кейін, аспан тынық ашық болады. Содан кейін қайтадан жаңбыр және қатты жел болады. Бірақ бұл жолы қарама қарсы бағытта соғатын жел.

Құйын мен дауыл табиғат құбылыстарының жабайы, әрі өршіген түрде көрінуі соншалық, оның белгілі бір маршрутпен қозғала алу мүмкіндігіне сену мүмкін емес. Дегенмен, бізге белгілі болғандай дауыл кезеңі туғанда, ол дауылдардың аттары болады және олардың маршруты дәл болжанады.

Әлемнің көптеген аудандарының негізгі бөлігінде дауыл белгілі ір маршрутпен қозғалады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында көптеген алапат дауылдар төмен атмосфералық қысымның орталық нүктесінің маңайында айналып, ауада сағат тіліне қарсы циркуляцияланатын ауқымды масса ретінде көрініс табады. АҚШта бұл дауылдардың сағат тіліне қарсы айналуының себебі, жел төмен қысымның орталығында соққанда, Жердің айналуы оларды оңға қайтарады. Осылай Солтүстік шарты шарда жүреді.

Негізінен, дауылдар, циклонддар, тайфундар практикалық тұрғыда бір нәрсе. Құрама Штаттарда бұл желдер циклон деп аталады. Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Қытай теңізінде тайфун, ал Вест Индия мен Мексика шығанағында дауыл (ураган) деп аталады.

Экватордың солтүстік бөлігінде тайфундар мен дауылдар жаздың соңғы күндері немесе күзде, яғни жылы тропикалық суларда пайда болады. Олар батысқа немесе солтүстік батысқа оңға қайтарылатын пассат зоналарының маршруты арқылы қозғалады.

Сел – тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы.

Опырмалар - тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы.

Таудың су тасқыны - нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады.

Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

Боран - теңiзде қатты жел немесе теңiз дауылының түрiнде бола алады. Құрғақта боран - бұл күштi жауындар, найзағай, қатты желдер.

  1. З.А.Талханбаева «Өмір қауіпсіздігін сақтау». (студенттерге арналған қысқаша лекциялар жинағы) Түркістан. ХҚТУ баспаханасы. 2004ж – 187 б.

  2. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Безопасность жизнедеятельности.- Астана: Фолиант, 2009 -125с.

  3. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельность. –М.: Высшая школа, 1999 -448с.

  4. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности.-М.: Высшая школа, 2003 -439с.

ДӘРІС №9

Тақырып: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау

Жоспары:

  1. Суды, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері. Олардың міндеттері

  2. Жануарлар мен өсімдікті қорғау командасының міндеттері(МӨҚК)

Негізгі түсініктер: жартылай және толық санитарлық тазалау, қорғау, залалсыздандыру, радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымдану.

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдіктерді ластайды. Бөлшектердің көлеміне байланысты өсімдік бетіндегі жерге түскен радаоактивгі шаң 8 — 25 пайызды құрайды. Атап айтканда, өсімдік бетінде көлемі кемінде 44 микрон (қалың шөп өскен жерде) бөлшектер 25% - ке дейін, көлемі 1 - 2 микрон бөлшектер 25% - ке астам және катты жауын - шашында 50% - ке дейін бөлшектер сақталады. Бұл көрсеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалыңдығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын - шашын ұзақ сакталады), жапырақтың түріне және оның үстіңгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстіңгі беттен жел ұшырып алып кетеді және жаңбыр шайып кетеді. Осының, сондай - ақ вегетатавті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиактивтілігі екі аптадан кейін орташа екі есе азаяды. Көрсетілген мерзім жартылай тазару мерзімі деп аталады.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]