Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТД Багдарлама оку практика 2011-2012.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246 Кб
Скачать
☆

6.5 Пост-кедендік бақылау басқармасының (бөлімінің) жұмысын ұйымдастыру

Тыңдаушы:

  • Пост-кедендік бақылау басқармасының (бөлімінің) ережесімен (жалпы ережелер, бөлімнің міндеттері, функциялары, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі);

  • басқарманың (бөлімнің) қызметін реттейтін бұйрықтармен, нұсқаулармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен танысу керек.

6.6 Статистика және тәуекелді талдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Тыңдаушы:

  • Статистика және тәуекелді талдау бөлімінің ережесімен (жалпы ережелер, бөлімнің міндеттері, функциялары, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі);

  • бөлімнің қызметін реттейтін бұйрықтармен, нұсқаулармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен танысу керек.

6.7 Халықаралық қатынастар басқармасының жұмысын ұйымдастыру

Тыңдаушы:

  • Халықаралық қатынастар басқармасының ережесімен (жалпы ережелер, бөлімнің міндеттері, функциялары, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі);

  • бекеттің қызметін реттейтін бұйрықтармен, нұсқаулармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен танысу керек.

6.8 Ақпараттық технологиялар және модернизациялау басқармасының жұмысын ұйымдастыру

Тыңдаушы:

  • Ақпараттық технологиялар және модернизациялау басқармасының ережесімен (жалпы ережелер, бөлімнің міндеттері, функциялары, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі);

  • басқармасының қызметін реттейтін бұйрықтармен, нұсқаулармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен танысу керек.

6.9 «Энергетикалық» кеден бекетінің жұмысын ұйымдастыру

Тыңдаушы:

- «Энергетикалық» кеден бекетінің ережесімен (жалпы ережелер, бөлімнің міндеттері, функциялары, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі);

- бекеттің қызметін реттейтін бұйрықтармен, нұсқаулармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен танысу керек.

  1. Есепті құрастыру және қорғау

Практика аяқталғаннан кейін тыңдаушы Академияның өкіліне практика барысында онымен жасалған жұмыстары, қол жеткізген жетістіктері көрсетілген практиканың бағдарламасын орындау туралы есеп беру күнделігін тапсырады.

Бағдарламаны орындау туралы есебінде:

  1. Титул беті (3 қосымша).

  2. Практика өту орынынан мінездеме (кеден органы бастығы немесе оның орынбасары қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді).

  3. Практикадан өтудің күнтізбелік жоспары (кеден органы бастығы немесе оның орынбасары бекітеді).

  4. Оқу-таныстыру практиканың күнделігі.

  5. Практика мазмұны, жасалған жұмыс түрлері, практика барысында Бағдарламаның 6-бөліміне сәйкес жиналған құжаттар қарастырылатын мәтіндік бөлімі.

  6. Курстық жұмыстарды, ғылыми баяндамаларды жазу үшін практикалық және статистикалық материалдарды жинау бойынша жеке тапсырмасы (4-қосымша) болуы тиіс.

Есепті Академия өкілі тексереді және кеден органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау барысында тыңдаушылардың оқу-таныстыру практикадан өту деңгейі, кеден ісі бойынша алған теориялық білімдері мен дағдыларын бекіту деңгейі анықталады.

Есепті қорғау қорытындысы бекітілген балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады және сынақ кітапшасына қойылады.

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық көрсеткіш

Пайыздық құрамы (%)

Әдеттегі жүйе бойынша баға

A

4,0

95 – 100

Өте жақсы

A-

3,67

90 – 94

B+

3,33

85 – 89

Жақсы

B

3,0

80 – 84

B-

2,67

75 – 79

C+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65 – 69

C-

1,67

60 – 64

D+

1,33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Практика бойынша есепті қорғау қорытындысы практика есептерін қабылдау бойынша комиссия мәжілісінің хаттамасымен ресімделеді.

Академия тыңдаушылары практика есебін қорғау нәтижесі бойынша кеден органы тарапынан практика жетекшісі (тәлімгері) Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру бөлімімен бірге 5В030400 «Кеден ісі» мамандығының 2 курс тыңдаушыларына арналған оқу-таныстыру практикасынан өту бойынша есебі құралады. Есепте практиканы өтудің дұрыс және бұрыс жерлері көрсетіліп, практиканы өтуді жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.