- •Жалпы мағлұматтар
- •Электр жетегі ұғымының анықтамасы
- •Электр жетегінің құрамы және міндеттері
- •Электр жетегінің қысқаша тарихы
- •Жаттығулар
- •2. Электр жетегі механикасының негізі
- •2.1. Қозғалыс теңдеуі
- •2.2. Механикалық сипаттамалар
- •2.3. Моменттер мен инерция моменттерін келтіру
- •2.4. Электр жетектің координаттарын реттеу
- •2.5. Жаттығулар
- •3. Тұрақты ток электр жетектері
- •3.1 Электр жетегінің түрлері
- •3.2 Электр қозғалтқыштардың және өндіріс механизмдерінің механикалық сипаттамалары. Қалыптасқан режимдер
- •3.3. Тұрақты ток электр жетектері
- •3.3.1. Әрекет принципі. Негізгі теңдеулер
- •3.4. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамалары
- •3.5. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың тежеу режимдеріндегі механикалық сипаттамалар
- •3.6. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары
- •3.7. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының тежелу режимдеріндегі механикалық сипаттамалары
- •3.8. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын магнит ағынын өзгерту арқылы реттеу
- •3.9. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын реостаттық және импульстік параметрлік тәсілмен реттеу
- •3.10. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың якоріне берілетін кернеуді өзгерту тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу
- •3.11. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың якорін шунттау тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдығын реттеу
- •3.12. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының бұрыштық жылдамдығын реттеу
- •4. Айнымалы ток электр жетектері
- •4.1. Асинхронды қозғалтқыштар
- •4.2. Синхронды машиналар
- •4.3.Асинхронды электр жетегінің қарапайым моделдері
- •4.3.1. Айналатын магнит өрісін алу принципі
- •4.3.3. Жүктелген кездегі процестер
- •4.3.4. Энергетикалық режимдер
- •4.4. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары
- •4.5. Тежеу режимдеріндегі ақ-тың механикалық сипаттамалары
- •4.6. Синхронды қозғалтқыштың механикалық және бұрыштық сипаттамалары
- •4.7.Айнымалы ток электр жетектерінің бұрыштық жылдамдығын реттеу
- •4.7.1.Реостаттық және импульстік реттеу
- •4.7.2 Асинхронды эж-нің бұрыштық жылдамдығын полюстер санын өзгерту арқылы реттеу
- •5. Электр жетегінің бұрыштық жылдамдығын және моментін автоматты реттеу
- •5.1. Кернеу бойынша қатаң теріс кері байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі
- •5.2. Якорь тоғы бойынша қатаң оң кері байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты реттеу жүйесі
- •5.3. Қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығы бойынша қатаң теріс байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі
- •5.4. Тиристорлық кернеу реттеуіші арқылы асинхронды эж-дың бұрыштық жылдамдығын автоматты түрде реттеу
- •5.5. Түрлендіргіш-қозғалтқыш жүйеде электр жетегінің моментін автоматты түрде реттеу
- •6. Электр жетектеріндегі өтпелі процестер
- •7. Электр жетегінің қуатын анықтау
- •7.1.Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары
- •7.2. Қозғалтқыштың жылулық моделі
- •7.3.Ұзақ мерзімді режимде қозғалтқышты қызу бойынша тексеру
- •7.4.Қайталанбалы қысқа мерзімді режимде қозғалтқышты қызу бойынша тексеру
- •Әдебиеттер тізімі
Электр жетегінің құрамы және міндеттері
Электр жетегінің күштік (энергетикалық) арнасын дәлірек қарастырайық (1.2-сурет). Айталық қуат P желіден (Р1) жұмысшы бөлікке (Р2) беріледі. Бұл процесс басқаруға келеді және қуатты беру мен түрлендіру кезінде күштік арнаның әрбір элементінде шығасылар ∆Р болады.
1.2-сурет. Энергетикалық арна.
Электрлік түрлендіргіштің ЭТ міндеті қоректендіру көзінен Ж берілетін кернеуі Uж тоғы Іж электр энергиясын қозғалтқышқа қажет сипаттары U, І электр энергиясына түрлендіру. Түрлендіргіштер басқарылмайтын: трансформатор, түзеткіш, параметрлік ток көзі және басқарылатын: мотор-генератор, басқарылатын түзеткіш, жиілік түрлендіргіш болып келеді. Олар, біржақты (түзеткіш) немесе екіжақты (мотор-генератор, екі комплекті тиристоры бар басқарылатын түзеткіш) өткізу қабілеті бар болып келеді. Түрлендіргіштің бір жақты өткізу қабілеті болғанда және энергияның кері ағыны (жүктемеден) болғанда тежелу энергиясын «ағызу» үшін қосымша резистор R пайдаланылады.
Электр механикалық түрлендіргіш ЭМТ (қозғалтқыш) электр жетегінде әрқашан болады, электр энергиясын (U, І) механикалық энергияға (М, ω) және керісінше түрлендіреді.
Механикалық түрлендіргіш (беріліс): редуктор, бұрама-бұрандалық қосағы, шығырлар жүйесі, айналшақ-бұлғақ механизм және с.с. қозғалтқыштың моментімен М жылдамдығын ω технологиялық машинаның жұмысшы бөлігінің ЖБ моментімен Мм (күшімен Fм) және жылдамдығымен ωм үйлестіруді іске асырады.
Түрлендірілетін энергияны сипаттайтын шамалар: кернеулер, токтар, моменттер (күштер), жылдамдықтар электр жетегінің координаталары деп аталады.
Электр жетегінің негізгі міндеті координаторларды басқару болып табылады, яғни оларды технологиялық процестің талабына сәйкес мәжбүрлі түрде бағытты өзгерту.
Координаталарды басқару электр жетегі элементтерінің құрылымы рұқсат беретін шектерде іске асырылу керек және бұл жүйенің жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді. Бұл рауалы шектер әдетте жабдықтарды шығарушылар мен оларды оңтайлы пайдаланушылар тағайындаған координаталардың номиналды мәндерімен байланысты болады. Дұрыс ұйымдастырылған жүйеде координаторды (энергия ағынын) басқарғанда барлық элементтердегі шығасылар ∆P азаюға және берілген сәтте жұмысшы бөлікке қажетті қуат жеткізілуі тиіс.
Осы мәселелер, яғни әр түрлі электр жетектердің қасиеттері мен сипаттамалары, қалыптасқан-статикалық және өтпелі-динамикалық режимдерде олардың координаталарын қалай дұрыс басқару, энергетикалық қасиеттерді қалай бағалау мен ақырында, электр жетегінің күштік бөлімін қалай дұрыс жобалау оқу құралымыздың мазмұнын құрайды. Бұл кітапта электр жетегінің ақпараттың арнасына жататын мәселелер қарастырылмайды. Біздің ойымызша қазіргі техникалық құралдар керек болатын кез-келген ықпал әрекетті іске асыра алады. Біздің көңіл аударып қарайтын мәселеміз - электр жетегінің басқару жүйесі қалай жұмыс істеуі керек, ал тәжірибе жүзінде бұл қалай істелетіні қарастырылмайды.
Электр жетегінің күштік бөлімінің құрылымына көз жүгіртсек зерттелмекші нысанның өте күрделі екенін түсінеміз, мұнда әр текті элементтер: электрлік, электрондық, электрмеханикалық, механикалық тоғысқан, басқарылатын процестер де қарапайым емес. Демек, пәнді оқығандағы тиімділік негізгі құбылыстарды терең түсініп, практика үшін маңызды, қарапайым мәселелерді шеше білуде болмақ. Бұған бір қатар шарттарды орындағанда қол жеткіземіз.
Біріншіден, нақты ереже бойынша өте күрделі нысандардың модельдерімен жұмыс істеп үйрену, яғни нақты нысанның зерттелетін қасиеттерін шағылыстырып көрсететін жасанды қарапайым нысандармен жұмыс істей білу.
Екіншіден, тек қана қажетті нәрсені шағылыстыратын модельдерді пайдалануға тырысу керек, сонымен қатар бұл қажетті, артық та емес, қарабайыр да емес. Ал бұған айтарлықтай көңіл бөлінуі керек.
Үшіншіден, қайсыбір модельдің жасалу жағдайын қатаң түрде сипаттау керек. Олай болмағанда, нәтижелердің мән-мағынасы болмайды.
Ең соңында, ең басты мәселені бөліп алып, аса маңызсыз жеке мәселелерді шегіндіре білу керек. Атап айтқанда, бұл кітаптың мақсаты оқушының негізгі принциптерді, өлшемдерді, басты қатынастарды, заңдылықтарды терең түсінуіне және оларды практика жүзінде қолдана білуіне қол жеткізу.
