- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Танысу. Отбасы.
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен туыстық қарым-қатынасқа тән жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтпес бұрын қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі – туыстық қарым-қатынасқа мән берейік. Яғни қазақ халқының туыстық қарым-қатынасы қандай жіктерге бөлінетініне тоқталайық.
Туыстық қарым-қатынас (ерлер тарапынан) жеті атаға, үш жұртқа бөлінеді. Жігіттің үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты болады.
Қазақта қандас туыстық әке тарапынан ғана жүргізілетіндіктен бірінші жұрт – «өз жұрты» деп аталады. Олар: ата, әже, әке, шеше, аға (ағай), іні (бауыр), сіңілі (қарындас), әпке (апай), қыз, ұл, немере-ұлдың баласы, шөбере-немеренің баласы. Ағайынды кісілердің әйелдері бір-біріне абысын, ағасының әйелі – жеңге, інісінің әйелі – келін, апалы-сіңілілердің күйеулері – бажа, олардың балалары - бөле, апаның күйеуі – жезде, сіңілісінің (қарындасының) күйеуі – күйеу бала (баласы - жиен) деп аталады.
Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни, нағашы жұрты. Шешесінің туыстарын түгел «нағашы» дейді. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы апа, нағашы аға, нағашы іні, нағашы апай, нағашы қарындас, нағашы жиен, жиеншар, туажат.
Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары - қайын жұрты. Екі елдің арасында қыз беріп, қыз алысса құдандалық қарым-қатынас, күйеу мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады. Құда болған ауылдың әйелінің барлығы «құдағи», қыздарының барлығы «құдаша» деп аталады. Күйеуіне әйелінің әпкесі – қайын бике, сіңілісі де, бауыры да балдыз болады. Әйелінің әке-шешесі жігітке – қайын ене мен қайын ата болып табылады.
Сонымен, қазақ халқында туыстық және құдандалық салттарға байланысты атаулар осылай бөлінеді. Осы туыстық қарым-қатынаста жасы кішілер үлкендердің атын атамай ата, әже, аға, көке деп сыпайылық көрсетуі, сондай-ақ жасы кіші үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерін бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй-ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама шарқынша іс атқаруы қазақ халқының ұлттық отбасылық тәрбиесі, дәстүрі болып табылады.
Мәтін тапсырмалары
1-тапсырма. Мәтінде кездесетін туыстық атауларды жазып, жаттап алыңыз, антонимдік жұптарын құраңыз.
кесте №9
Туыс атаулары |
Наименование родственных отношении |
обращение |
Ата |
дед, дедушка |
к пожилому мужчине |
әже (апа) |
Бабушка |
к пожилой женщине |
әке |
Отец |
к отцу |
Шеше(ана) |
Мать |
к матери |
Бала |
Ребенок |
к ребенку |
Қыз |
Дочь |
к девушке |
Ұл |
Сын |
к мальчику |
Аға |
старший брат |
к старшему (мужчине) |
Ағай |
(дядя, брат) |
уважительное обращение к старшему мужчине |
Іні |
младший брат |
к младшему (мужчине) |
әпке |
старшая сестра |
к старшей (женщине) |
Апай тәте |
сестра тетя |
уважительное обращение к старшей женщине |
Сіңлі |
младшая сестра |
к младшей (девушке с женской стороны) |
Қарындас |
младшая сестра |
к младшей (девушке с мужской стороны) |
Немере |
внук, внучка |
к внуку или внучке |
шөбере |
Правнук |
к правнуку |
Күйеу |
Муж |
к мужу |
әйел |
Жена |
к жене |
Күйеу бала |
Жених, зять |
к жениху, старших родственников жены |
Қалыңдық |
Невеста |
к невесте |
Келін |
Сноха |
к снохе |
Жеңге |
Сноха |
к жене старшего брата ( или вежливое обращение к женщине постарше) |
қайын ата |
свекор тесть |
к отцу мужа к отцу жены |
қайын ене |
свекровь теща |
к матери мужа к матери жены |
қайын аға |
Деверь, шурин |
к старшему брату мужа или жены |
қайын іні |
Деверь, шурин |
к младшему брату мужа |
сайын сіңлі |
Золовка |
к младшей сестре мужа |
қайын бике |
Золовка |
к старшей сестре жены |
Абысын |
Золовка |
между женами братьев |
Құда |
Сват |
к свату |
Құдағи |
Сваха, сватья |
к сватье |
Құда бала |
Сват |
к родственнику невесты или жениха |
Құдаша |
Сватья |
к родств.невесты или жениха |
Жезде |
Зять |
младших родственников жены к ее мужу |
Балдыз |
шурин
своячница |
к младшим братьям и сестрам жены к младшим сестрам жены |
Нағашы |
Дядя |
к родств. по линии матери |
нағашы аға |
Дядя |
к старшему родственнику по линии матери |
нағашы ата |
Дедушка |
к дедушке матери |
нағашы әже |
Бабушка |
к бабушке матери |
нағашы тәте |
Тетя |
к родств. по линии матери |
Жиен
Жиеншар |
племянник племянница правнук |
к родств. по линии матери |
бөле |
двоюродной брат (или сестра) кузен, кузина |
к двоюродному брату (или сестре) по материнской линий (только дети родных сестер) |
Бажа |
Свояк |
к свояку |
2-тапсырма. Мәтіннен топтастыру стратегиясы бойынша диаграмма толтырыңыз, диаграмма бойынша көршіңізбен пікірлесім құрыңыздар.
кесте №10
3-тапсырма. Берілген кестеге төмендегі мақал- мәтелдерді толтырыңыз.
кесте №11
өз жұрты |
нағашы жұрты |
қайын жұрты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Өз жұртың – күншіл,
нағашы жұртың – сыншыл,
қайын жұртың –міншіл келеді.
2. Әке – балаға сыншы
3. Қыз-өріс, қыз – қонақ.
4.Туысы бірдің – уысы бір.
5.Балалы үй – базар,
Баласыз үй – мазар.
6.Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
7. Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.
8. Көсеуің ұзын болса, қолың күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
9. Құдаңды құдайдай сыйла.
10. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрер.
4-тапсырма. Ән атауларын кесте торларына орналастырыңыз, және өзіңіз білетін әндермен толықтырыңыз. «Әке туралы жыр» М.Шаханов, Ә.Сүлейменов. «Ана туралы жыр» Ғ.Қайырбеков, Ш.Қалдаяқов. «Ағажан» О.Иманалиев, Е.Қасанғалиев. «Қарындасыма» Қ.Жүнісбеков, Қ.Жүнісбеков. «Келші, келші, балашым» Қ.Ыдырысов, Е.Хасанғалиев.
кесте №12
Тақырыбы |
Әннің аты |
Сөзі |
Әні |
Ата, әже |
«Әже туралы ән» |
Қ. Мырзалиев |
Н.Тілендиев |
Әке |
|
|
|
Ана |
|
|
|
Аға, іні, бауыр. |
|
|
|
Жеңге, келін |
|
|
|
Апай, сіңілі, қарындас |
|
|
|
Жезде, күйеу бала, қалыңдық,балдыз |
|
|
|
Нағашы |
|
|
|
Балалар: қыз,ұл, немере, шөбере |
|
|
|
Құда-құдағи |
|
|
|
Үй тапсырмасы
Өз отбасыңыздың жақсы дәстүрлері туралы шағын шығарма (мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып) жазыңыз.
3-сабақ
Грамматикалық тақырып: Қазақтың мақал-мәтелдері.
Тұрақты сөз тіркестері.
Лексикалық тақырып: Менің мамандығым.
