- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семей 2009 ж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сабақ беру және оқыту әдістері:
Алғашқы білім деңгейін тексеру. Пікірталас, жұптасып жұмыс істеу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Жүйке жүйесі аурулары бойынша тәжірибелік дағдылар оқулығы: В.И. Скворцовой. – М., редакциясы бойынша оқу - әдістемесі. 2006.-202 с.
Кукес В.Г., Маринин В.Ф. дәрігерлік диагностика әдістері (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация): оқу құралы. М., 2006.-720.
Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД. М., 2008.-464.
Общая неврология. А.С. Никифоров, Е.И. Гусев. М. Гэотар-Мед. – 2007. – 720.
Скворцов И. А. Неврология развития: Руководство для врачей. М., 2008.-544.
Баркер Р., Браун С., Нил М. Наглядная неврология: учебное пособие / пер. с англ. Под ред. В.И. Сковорцовой. 2-е изд. М., 2006.-136.
Қосымша әдебиеттер:
А.А. Скоромец. «Топическая диагностика заболеваний нервной системы»
Л.О. Бадалян. «невропатология» М. «Академия», 2-е издание, исправленное, 2003.
.И. Н. Усов, М.В. Чичко, Л. Н. Астахова. Практические навыки педиатра. Минск «вышэйшая школа» 1990.
Бақылау:
Ауызша сұрақтар, тәжірибелік дағдыларды қабылдау.
Алғашқы білім деңгейі
Қалыпты импульс қандай түйіннен басталады?
Сол жақ қарынша босаңсығанда қысымның мөлшері қанша мм сын.бағ. көтеріледі және жиырылу кезінде қанша мм сын.бағ көтеріледі?
3. систола кезінде төмендегілердің бәрі болады, тек біреуінен басқа?
қолқа қақпақшасының ашылуы
қан сол жақ қарыншадан қолқаға өтеді
митральды қақпақша жабылады
қолқа қапақшасы жабылады
қанның сол жақ құлақшаға өтілуі
4. Жүректің қанды айдауы төмендегілердің бәріне байланысты, тек біреуінен басқа:
жүрек жиырылу жиілігі
бір соққандағы қанның көлемі
терең тыныс алудан
жүрекке күш түсуден
миокард жиырылығыштығынан
5. Артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткіші (систолалық, диастолалық)
Үлкен қан айналым шеңбері қай қарыншадан басталады?
Сан артериясын қай жерден анықтауға болады?
іш аймағынан
шат аймағынан
бел аймағынан
мықын аймағынан
8. Беткей және терең жатқан веналардың болады, ол қанды бір бағытта жүрекке айдауына көмектеседі, босатылған жерді жаз.
Тізе буының, үш сүйек қүрайды, осы сүйектерді ата?
Мидың сұр затын не құрайды?
1. Жүйке жүйесі патологиясы бар науқастарды жалпы және жергілікті қарау; балалар қарау ерекшеліктерімен.
2.Неврологиялық тексеру:
- Сүйек- бұлшықет жүйесін бағалау, бұлшықеттің тонусы мен күшін зерттеу.
- Аяқ-қол асимметриясы, олардың қозғалысы (салдану, парездер, гемиплегия, парапарез, гемипарез), аяқ-қол тонусы (спастикалық парапарез, гемипарез, бұлшықет ригидтілігі, контрактуралар, әлсіз парез).
-Санасын бағалау (ашық, ступор, сопор, кома, әртүрлі комалар). Глазго комасының шкаласы. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы. Демографизм түрі. Бет-әлпеті асимметриясының болуы немесе болмауы.
-Қарашықтар реакциясы (жарыққа реакциясы, конвергенциясы, ауырсыну тітіркендіргіші). Нистагм. Есту және көру жағдайы.
-Терең рефлекстерді зерттеу әдістері, жүйке және бағандар бұзылған кезде пайда болатын рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия) және рефлекстердің жоғалуы (арефлексия). Терең рефлекстер: екі басты бұлшықетпен, үш басты бұлшықетпен, білек-шынтақ бұлшықет рефлексі, тізе рефлексі, ахилл рефлексі. Пирамидті рефлекстерді анықтау (Бабинский, Гордон, Оппенгейм, Шеффер).
-Сезімталдылықты зерттеу. Сезімталдылықтың бұзылыстары (беткейлік, ауырсынулық, температуралық, тактильді), терең (бұлшықет-байламдық, салмақ сезімі, вибрациялық). Сіңір рефлексін анықтау. Рефлекстер классификациясы: терең (сіңірлік және периостальді), беткейлік (терілік).
-Сөйлеу қабілетінің бұзылысы: моторлы афазия, сенсорлы афазия, дизартрия, ықылық, афония. Дәм және иіс қабілетінің бұзылысы. Жоғарғы ми қызметтерінің бұзылу синдромдары: афазия, апраксия, агнозия, амнезия, деменция.
-Қозғалыс координациясын зерттеу. Стато-координаторлы сынамалар: саусақмұрынды және тізе-табанды сынама, дисдиадохакинез сынамасы (жылдам альтернирлеуші қозғалыстардың бұзылуы), кері түрткі болмауының санамасы. Ромберг позасы.
-Менингеальді симптомдарды зерттеу. Мойын бұлшықеті ригидтілігін анықтау, Керниг симптомы, Брудзинский симптомы, жалпы гиперестезия.
1. Тақырып №2: «Негізгі неврологиялық синдромдар. Геморрагиялық және ишемиялық инсульт синдромы. Тырыспа синдромы (эпилепсия). Менингиттер. Лабораторлық диагностика»
