Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методички по СРС дыхательная система каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142 Кб
Скачать
☆

8. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы.- Алматы 2005.

2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007.-600б.

3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы - Ақтөбе, 2007

Қосымша әдебиеттер:

1. Жаманкулов К.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы , б. І-ІІ.- Ақтөбе, 1992.

9. Бақылау: сөж сұрақтары емтихан сұрақтарына енгізілген.

1. Өкпеде артық ауа жиналу синдромның пайда болу себептері, даму механизмі

2. Өкпеде артық ауа жиналу синдромның клиникалық көріністері

3. Өкпеде артық ауа жиналу синдромын зертханалық – аспаптық диагностикалау

4. Өкпеде артық ауа жиналу синдромының балалардағы ерекшеліктері.

1. Тақырып №4: Балалар мен мосқал жастағы адамдарда пневмонияның клиникалық көріністерінің ерекшеліктері

2. Мақсаты: Балалар мен мосқал жастағы адамдарда пневмонияның клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін үйрету, балалар мен мосқал жастағы адамдарда пневмонияны клиникалық – зертханалық диагностикалау бойынша алған білімдерін бекіту.

3. Тапсырма: презентация, хаттама, альбом, кейс-стади құру.

- тапсырманың сұрақтары:

1. Балалардағы пневмония көріністерінің ерекшеліктері

2. Мосқал жастағы адамдардағы пневмония көріністерінің ерекшеліктері

3. Балалар мен мосқал жастағы адамдарда пневмонияны болжау, емдеу принциптері, асқынуы.

4. Тапсырманы орындау формасы:

Презентация:

  1. Слайдтар көлемі: 10-нан кем емес, 20-дан көп емес.

  2. Презентация 3 бөліктен тұруы қажет: 1) қойылым – бұл әсерлі де қызықты көрініс. Презентацияның бұл бөлігінің міндеті – көңілді аудару, ұсынылатын ақпаратқа деген жағымды көңіл-күй және қолайлы қабылдау жағдайын тудыру. 2) презентацияның ақпараттық бөлігі тапсырманың сұрақтарын ашатын схемалардан, суреттерден, қысқаша мәтіннен тұрады. 3) қорытындыда негізделген нәтижелер мен ұсыныстар болуы тиіс.

  3. Презентацияның мақсаты мен міндеттері нақты көрсетіледі.

  4. Осы сұрақ бойынша қажетті әдебиеттермен жүргізілген сараптама.

  5. Презентацияда иллюстрациялар немесе мәтіндер шамадан тыс болмауы тиіс, иллюстрациялар негізделіп қолданылуы керек.

  6. Аудио, бейне файлдар интеграциясын бір презентацияда көрсету

  7. Түстер сәйкестігі – қараңғы фонда ашық түсті мәтін немесе ашық фонда қою түсті мәтін қолдану.

  8. Соңында әдебиеттер тізімін көрсету.

  9. Уақытымен тапсыру. СӨЖ уақытынан кешіктірілсе бағасы 1 балға төмендейді

Науқасты тексеру хаттамасы.

  1. Бөлімшеде науқасқа курация жүргізу. Науқасты курациялаудың қажетті мөлшері, сонымен қатар қосымша тексеру әдістері, емдеу, күту және т.б. оқу курсына байланысты және оқытушы тағайындайды.

  2. Клиникалық синдромдарды/сырқаттарды анықтау.

  3. Тексеру хаттамасын құру (оқу курсына байланысты жеке құрастырылады).

  4. А4 форматта, Times New Roman шрифтпен, 14 қаріппен, бір жарымдық интервалда. Жиектері: сол жақ - 30 мм, оң жақ - 10 мм, жоғары, төмен - 20 мм.

  5. Уақытымен тапсыру. СӨЖ уақытынан кешіктірілген болса, онда бағасы 1 балға төмендейді.

Альбом.

Альбом құру кезінде тақырыпты көрнекі құралдарды қолдана отырып ашу керек: суреттер, фотосуреттер түсініктемесімен. Жұмыс жоспары, қорытынды, ақпарат көздері жұмыста көрсетіледі. Жұмыс көлемі 7-10 бет.

Кейс-стади.

Келтірілген клиникалық жағдайдың жазбаша көрінісі төмендегідей болуы тиіс:

1. Сыртқы бетінде кейстің аты қысқаша, есте қалатындай болуы керек; 2. Кіріспе, мұнда кейстің кейіпкері (кейіпкерлері) атап өтіледі, жалпы ақпарат беріледі, іс-әрекеттің басталу уақыты көрсетіледі;

3. Негізгі бөлім, мұнда ақпараттың негізгі көлемді бөлігі, ішкі интрига, мәселе болады;

4. Қорытынды (соңы), мұнда жағдай мәселенің шешімін талап ететін өзінің сәйкес даму кезеңінде «тұрып» қалуы мүмкін..

5. Орындау критерийлері: Сыртқы бетінде көрсетілуі тиіс: Семей қаласының ММУ, кафедра, кафедра меңгерушісі, пән, СӨЖ тақырыбы, студенттің аты-жөні, мамандық, топ, оқытушының аты-жөні.

6. Тапсыру мерзімі – Осы модуль бойынша 5-ші сабақ

7. Бағалау критерийлері – СӨЖ бағалау шакаласы бойынша бағаланады (орындау талаптарына сәйкес).