- •Мазмұны
- •Оқу уақытын бөлу
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •2.Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
- •Әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Әлеуметтану пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
- •Студенттің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер:
1. Аяғанов А., Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993
2.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Алматы, 2007
3. Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002
4.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: оқу құралы. – А: Экономика 2004
5. Социология: лекциялар курсы. – А:Білім 2001
6.Тұрғынбаев Ж.Х. Социология негіздері. А., 2001
Соөж тапсырмалары
1-тақырып.Әлеуметтану ғылымы
1. Антика, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірі, жаңа заман және қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріндегі қоғам туралы пікірлерді қарастырыңыз?
2. Кімдерді алғашқы әлеуметтік физиктер (философтар) деп атайды және не себепті?
3. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдары бойынша глоссарий жасаңыз.
4. «Тұлға мен қоғам алдында тұрған қандай мәселелерді ғылыми әдістермен зерттеу мүмкін емес және неліктен?» деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
5. Әлеуметтанудың пайда болуының ғылыми және қоғамдық себебі мен қажеттілігі неде?
6. Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы неде?
2-тақырып.Әлеуметтанудың даму тарихы
1. ХІХ ғасырда әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен әлеуметтік ілімдердің қарқынды дамуының мәні неде?
2. О.Конт, М.Вебер, Э.Дюркгейм әлеуметтануын талдаңыз.
3. «Әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңыз.
4. Кестені толтырыңыз.
кезең |
Бағыт |
өкілдері |
Ілімдер |
әдістер |
|
|
|
|
|
3-тақырып.Эмпириялық әлеуметтану
1. Студенттердің өзіндік әлеуметтанулық зерттеу жүргізуін ұйымдастыру:
- Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құрастыру.
- Зерттеу құралнамасын даярлау
- Зерттеу есебін жазу
2. Тақырып бойынша глоссарий дайындау
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сұрақтар |
Иә |
Жоқ |
1 |
Болжам дәлелдеуді қажет ететін тұжырым ба? |
|
|
2 |
Зерттеу жұмысы бағдарлама жасаудан басталады |
|
|
3 |
Әлеуметтанулық зерттеудің соңғы сатысы – іріктемені анықтау |
|
|
4 |
Бақылау эксперттік және жаппай болады |
|
|
5 |
Құжаттарды талдау қатыстық және сырттай болады |
|
|
6 |
Іріктеме әрқашанда генералды(басты) жиынтықтан көп болады |
|
|
7 |
Ашық сұрақ респондент өз ойын білдіретін сұрақтың түрі |
|
|
8 |
Әлеуметтік-демографиялық бөлімде респондент туралы мәлімет беретін сұрақтар қамтылады |
|
|
9 |
Социометрия әдісін ұсынган Д. Морено |
|
|
10 |
Генералды жиынтық дегеніміз барлық халық немесе әлеуметтанушы зерттеуге бағытталған бөлік |
|
|
11 |
«Еуропа мен АҚШ-тағы поляк шаруасы» еңбегінің авторлары Р. Парк пен А.Смолл |
|
|
12 |
Әлеуметтанулық анкетада әрқашанда респонденттің аты-жөні, тегі көрсетілуі керек |
|
|
13 |
Ашық сұрақтар компьютерде оңай өңделеді |
|
|
14 |
Лонгитюдтік зерттеу - зерттеу объектісі белгілі бір кезеңге жеткенге дейін ұзақ мерзімді зерттеу |
|
|
15 |
Қақпан сұрақтар респондент жауабының шынайылығын тексеретін сұрақтар. |
|
|
4-тақырып.Қоғам жүйе ретінде
1. Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы О.Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдап, қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтамасына талдау жасаңыз.
2.М. Вебердің: «Қоғам — адамдар бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген пікірін сіз қалай түсінесіз?
4. «Қоғам дегеніміз бұл еліктеу» деген Г.Тард пікірінің мазмұнын талдаңыз.
5. Американдық әлеуметтанушы Парсонстың «Қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі — ережелер
(нормалар) іс құндылықтар болып табылады» деген пікірін қалай бағалайсыз?
6.К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Осы анықтаманы мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
7.Әлеуметтік әділеттілік ұғымы туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
5-тақырып.Әлеуметтік стратификация
1.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасайсыз?
2. «Әділетсіздік эгойстік мүдделердің салдарынан туындаған қажеттілік»
дегенді қалай түсіндіресіз, сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
3.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік стратификация туралы не білесіз?
4. «Л.Уорнер АҚШ қоғамындағы таптарды қалайша жіктеп көрсетті?» деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
5.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасар едіңіз?
6.Адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздікті тізіп көрсетіңіз.
6-тақырып.Тұлға әлеуметтануы
1. Адам, индивид, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.
2. Тұлғаның құрылымына талдама беріңіз.
3. Тұлғаның қандай қызметтері ең басты болып табылады?
4. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?
5. Тұлғаның әлеуметтенуіне қандай факторлар әсер етеді?
6.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы?
Адам мәселесінің зерттелу деңгейлері туралы кестені толтырыңыз:
Ежелгі Қытай
|
Ежелгі Үнді
|
Ежелгі Греция
|
Орта ғасыр
|
Қайта өрлеу дәуірі |
Ағарту кезеңі
|
Қазіргі кезең
|
|
|
|
|
|
|
|
7.Төмендегі сұрақтардың мәнін талдап, ауызша жауап беріңіз.
Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып есептеледі?
Қазіргі адамның ашуланшақ болуының әлеуметтік себептерін түсіндіре аласыз ба?
Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай?
8.Тұлғаның қоғамдағы бейімделу үлгілерінің мағыналарын анықтап, кестені толтырыңыз:
Бейімделу үлгілері |
Қоғам мақсатына деген көзқарасы |
Жетістік нормаларына жетуі |
Конформизм |
|
|
Инновация |
|
|
Ритуализм |
|
|
Эскейпизм |
|
|
Бүлік |
|
|
7-тақырып.Әлеуметтік бақылау және девиация
1. Девиацияның түрлеріне анықтама беріңіз және олардың ерекшелігін көрсетіңіз.
- Деструктивті әрекет
- Асоциалды әрекет
- Құқыққа қарсы әрекет
2. Девиацияның туу себептерін талдаңыз.
3. Т.Парсонс бойынша әлеуметтік бақылау әдістерін суреттеңіз: оқшаулану, бейімделу.
4. Қазақстандағы маскүнемдік, нашақорлық, қылмыс деңгейі
8-тақырып.Әлеуметтік шиеленіс
1.Әлеуметтік шиеліністердің дамуындағы сатылар бойынша талдау жасаңыз.
2. «Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары» деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
3.Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, талдаңыз: «Дау-жанжал», «ұлтаралық дау-жанжал», «саяси дау-жанжал», «әлеуметтік дау-жанжал», «халықаралық дау-жанжал».
9-тақырып.Отбасы әлеуметтануы
1.Қазіргі Қазақстандық отбасының ерекшелігі неде?
2.Отбасы қазіргі кезеңде қандай мәселелерді бастан кешіруде?
3.Экономикалық өзгерістер қазіргі заманғы отбасының жағдайына қалай әсер
етті?
Кестені толтырыңыз: Отбасының атқаратын қызметтеріне байланысты төмендегі кестені толтырыңыз.
№ |
Түрлері |
Анықтамасы |
1 |
Репродуктивті |
|
2 |
Тәрбиелік
|
|
3 |
Шаруашылық- экономикалық
|
|
4 |
Коммуникативті
|
|
5 |
Регулятивті
|
|
6 |
Рекреативті
|
|
Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адамдар мен әйелдердің құқығы тең болды ма? Өз ойыңызды фактілер негізінде дәлелдеп, кестені толтырыңыз.
-
Ер адам құқығы
Әйел адам құқығы
Отбасы құндылығына тигізер әсері
10-тақырып.Мәдениет әлеуметтануы
1.Мәдениет және әлеуметтану.
2.Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
3.Субмәдениет және қарсы мәдениет ұғымдарын талдаңыз.
4.Мәдениеттің әлеуметтену процесіндегі мәнін ашыңыз.
5. Адам мінез-құлқына әсер етуші мәдени факторларды әлеуметтанулық
тұрғыдан зерттеңіз.
6. Этноцентристік және мәдени-релятивистік тұрғыдан мәдениеттің зерттелуіне мән беріңіз.
11-тақырып.Экономикалық әлеуметтану
1.Қазіргі қоғамның экономикалық проблемаларын анықтаңыз.
2.Қазіргі заманғы экономикалық процестерге талдаңыз.
3.Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшелігі қандай?
4.Нарықтық экономика және әлеуметтік теңсіздіктің қазіргі арақатынасы
қандай?
5.Логикалық тапсырма.
Бірнеше елдегі экономикалық жағдайды зерттеңіз және сол елдегі саяси жағдаймен салыстырыңыз. Оның әлеуметтік жағдайға тигізер әсерін анықтаңыз.
12-тақырып.Этникалық әлеуметтану
1.Этноәлеуметтік процестер қазіргі кездегі ғылымдағы пәнаралық зерттеулердің феномені мен объектісі ретінде талдау жасаңыз.
2.Этникааралық қатынастарға әлеуметтанулық зерттеу жасаңыз.
3.«Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат» деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
13-тақырып.Дін әлеуметтануы
1. М. Вебердің «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегін оқып, эссе түрінде талдау жасаңыз.
2. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар және олардың кері әсері туралы эссе дайындаңыз.
3. С.Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегіне талдау жасаңыз.
14-тақырып. Қала және ауыл әлеуметтануы
1.Қоғамдық бөліну себебін анықтаңыз.
2.Қала мен ауылдық өмір салттарына сипаттама беріңіз.
3.Урбанизация мен миграция мәндеріне сараптама жасаңыз.
15-тақырып.Жастар әлеуметтануы
1. «Жастардың қоғамдағы орны мен рөлі» деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.
2. Қазіргі жастардың құндылық ориентациясына сараптама жасаңыз.
3. Жастардың өзін-өзі тани білуі қаншалықты екеніне сипаттама беріңіз.
