- •Бас ми соғылуы (contugio cerebri)
- •Субдуральды гигрома.
- •Ми ішілік гематомалар.
- •Ми ішілік гематомалар.
- •Бастың артқы тесігінің гематомалары:
- •Ашық бас ми жарақаты
- •Бас ми жарақатының емі.
- •Жулын мен омыртқаның зақымдануы.
- •Г. Жұлынның мойын бөлігінің зақымдануы.
- •Кеш кезеңі - жарақаттан кейін 3-4 ай, бүл кезде функциясы қалпына
Бас ми жарақатының емі.
Зақымдалу оперативті емді талап етеді.
А. Бас жарақатын скальпирлеу- жарақаттың алғащқы хирургиялық өңдеу жүргізеді және біріншілік тігіс салынады.
Б. Бас сүйегінің сынығы.
1.Сынықтар- 1см тереңдікке қосу. Бұндай жарақаттар жиі бас миын зақымдалуы болып, травмадан кейінгі эпилепсия дамуына алып келеді. Операция методикасы сынықтың көлеміне, бас миының соғылуына байланысты болады. Егер жеңіл соғылу болса ауру сезімін жергілікті басады, ал егер ауыр жағдайда соғылса онда жалпы ауру сезімді басу болады. Бас миының жұмсақ тіні таға тәрізді, S-тәрізді немесе сызық болып кесіледі, ол көбінесе бастың сызығына байланысты болады.
Мидың қатты қабығының бүтіндігі қалпына келеді.
2.Басқа жағдайларда резекциялық краниотомия жасайды.
Мидың қатты қабығын ашудың көрсеткіштеріне оның түсінің өзгеруі және пульсацияның болмауы жатады.
Қабықты Н-тәрізді кесу арқылы ашады, ми детритін және қан құюларын жуып болғаннан кейін, ірі жарақаттың каналдың бастапқы бөлімдерінен ірі сүйек фрагментерін алады.
Жулын мен омыртқаның зақымдануы.
А) Патобиология, патогенез, жарақат механизмі.
Жиілігі 0,7-4%, мойын бөлігі 5-9%, кеуде 40-45%, бел 45-52%, құрайды.
Жиі 6 мойын омыртқасы 12-14%, 12 кеуде омыртқасы 15-17%, 1 бел
омыртқасы 25-28% зақымданады.
Зақымдану механизмі: бүгілу, жазылу, тікелей соққыдан үгітілу.
Бүгілу - төменгі мойын омыртқаның жэне жұлын бөлігінде болады,
сирек - кеуде-бел аймағы, басы тез бүгіледі, 6 омыртқаның денесі
сынады. Кейде тек байламның жыртылуымен сипатталуы мүмкін, тек
5,6,7 мойын омыртқаларының денесі шығуы мүмкін. Бел омыртқасы
зақымданғанда бүгілу 90°, жазылу 15° болады, бүл кезде жиі артерия
зақымданады. Жұлын зақымданғанда клиникалық көрінісі эртүрлі
болады.
Б) Жіктелуі.
Жабық.
Ашық - бүл кезде тері бүтіндігі бұзылады, омыртқа зақымдалады, жүлын мен тармақтары зақымдалып, ауыр инфицирленген түріне ауысады, инфекция енуі -те жоғары.
Жабық жарақат сипатына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
а) байлам аппаратының зақымдалуы (сүйек зақымдалмайды, жарылу мен шығару).
б) омыртқа денесінің сынуы (сызықты, компрессионды, жарықшақты).
в) омыртқаның артқы жартылай сақинасының сынуы (доғалар, буын, көлденеңінен немесе өсінді)
г) омыртқаның сынуы, шығуы, орнынан таюы, сагитальды, фронтальды жазықтықтарға ығысуы.
д) көптеген зақымданулар - қосарланған түрі.
Барлық зақымданулар түрақты және түрақты емес болады. Жұлынның жабық жарақаттары бас ми жарақаты тәрізді болады:
шайқалу.
соғылу.
жаншылу.
Жүлынның шайқалуы - бұл клиникада функциональды қайтымды түрі болып табылады., емнен кейін алғашқы 5-7 күн ішінде кетеді. Клиникада сегментарлы бүзылу болады, бір топ бұлшықеттің элсіздігі, рефлекстердің төмендеуі, жарақат алған аймақта сезімталдықтың төмендеуі, жеңіл өткізгішті бұзылыстар байқалады, зэрінің кідіруі, бұлшықеттің күшінің төмендеуі, гипестезия, т.б. бұзылыстар байқалады. Емі тек қана консервативті.
Жұлынның соғылуы - функциональды қайтымсыз морфологиялық бұзылыстармен сипатталады. Контузионды және езілген ошақтар пайда болады. Бүл кезде жүлын өткізгіштігінің бүзылысы синдромы түрінде көрініс береді. Ол бөлікті немесе толық болады. Бөлікті өткізгіштің бұзылыс синдромы - клиникада өткізгіш жолы бүзылады, аяқ-қолдың парезі, параличі, гипотония, арефлексия, сезімталдықтың бүзылуы.
Толық өткізгіштіктің бүзылыс синдромы - бүлшықет параличі+гипотония, арефлексия өткізгіш тип бойынша сезімталдықтың түсуі, жамбас ағзаларында күрделі бұзылыстар, жұлынды шок. Жұлынның жаншылуы - онда ошақты езілулер пайда болады (1-лік немесе 2-лік). Түрлері:
сүйекпен жаншылу (сынықтармен).
жұмсақ тінмен жаншылу (байлам мен диск).
омыртқа ішілік гематомамен жаншылу (эпи- жэне субдуральды).
жүлынның ісіну нэтижесінде жаншылуы.
қосарланған түрінде.
Жүлын мен омыртқаның ашық жарақатын енген, енбеген болып
бөлінеді.
Жүлынның жарақаттық ауруын 4 кезеңге бөледі:
жедел.
ерте.
аралық.
кеш.
Жедел кезеңі - үзақтығы 2-3 күн.
Ерте кезеңі - ұзақтығы 2-4 апта. Толық өткізгіш синдромы, жүлынды
шок, қан-ликвор айналымының бүзылысы, жүлынның ісінуі.
Аралық кезеңі - үзақтығы 2-3 ай.
