Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 лекции ДӘРІС КЕШЕНІ ЭТН 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

15.1 Сурет – Бейсинусоидалы эқк (а) синусоидалы эқк-термен аластыру (б) және қабаттасу принципін қолдану (в,г,д) схемалары

Қабаттасу принципі бойынша тармақтардың тогының лездік мәндері токтың тұрақты құраушысы мен гармоникаларының лездік мәндерінің қосындысына тең. Мысалы,тізбектің тармақталған бөлігінің тогы

i0=I0+i1+i2, (15.2)

мұндағы: I0-токтың тұрақты құраушысы; i1, i2 - бірінші және екінші гармони калардың тогы.

Одан кейін гармоникалық токтардың лездік мәндерінен әрекеттік мәндерін анықтау керек.

Индуктивтілік тұрақты токқа кедергі жасамайды, ал сыйымдылық тұрақты токты өткізбейді деп алғанда (15.1,в-сурет)токтың тұрақты құраушысы

I= (15.3)

Гармоникалардың токтарын кешенді санмен өрнектеген есептеуді

жеңілдетеді. Тізбектің бірінші гармоникалық токқа кедергісі

Z1=R1+jωL+ Z1eφ1 (15.4)

екінші гармоникалық токқа кедергісі

Z2=R1+jωL+ Z2eφ2 (15.5)

Токтың бірінші және екінші гармоникаларының амплитудалары

I1m= (15.6)

I2m= (15.7)

Енді токтың осы мәндерін (15.2)теңдігіне қойса,тізбектің тармақталған

бөлігінің тогы

i=I0+I1m sin(ωt-φ1)+I2m sin(2ωt-φ2) (15.8)

Басқа токтар мен кернеулер де осылайша анықталады.

Индуктивті элементтің кедергісі жиілік өскен сайын арта беретіні

белгілі: XL=ωL н/е XLk=kωL,

ал кернеуі UL1=ωLI1 н/е ULk=kωLIk

Осы кернеудің қатынасы

=k . (15.9)

Бұл теңдік индуктивтілікте токтың гармоникасы кернеудің гармоникасынан есе аз екенін,яғни кернеуге қарағанда токтың жоғарғы гармоникаларының мәндерінің өте аз екенін көрсетеді.

Жиіліктен тәуелді кейбір тізбектер. Индуктивтік пен сыйымдылықтық кедергілердің жиілікке байланысты екені және индуктивтілік тұрақты токқа кедергі жасамайтындығы, ал сыйымдылықтың оны өткізбейтіні белгілі. Индуктивтілік пен сыйымдылықтың осы қасиеттері практикада әртүрлі қондырғыларда пайдаланылады.

Егер индуктивті шарғыны электр қабылдағышпен бірізді жалғаса (15.2, а-сурет), ол токтың тұрақты құраушысына кедергі жасамайды да,ал гармоникаларына (әсіресе жоғары жиілікті) кедергі жасап,оларды әлсіретеді.

15.2 Сурет – Индуктивті L (a), сыйымдылықты С (б) және аралас LC (в) сүзгілер схемалары

Егер конденсаторды электр қабылдағышқа параллель жалғаса(15,б-сурет), онда ол токтың тұрақты құраушыларын өткізбейді де (ол электр қабылдағышпен жүреді), ал гармоникаларына (әсіресе жоғары жиілікті) кедергі жасамайды.

Сондықтан тоқтың жоғары жиілікті гармоникалары конденсатордың тармағымен кетеді. Әдетте осы екі элемент қатар қолданылады (15.2,в-сурет).

Тоқтың жоғары гармоникаларын әлсіретіп н/е басқа тармақтармен жіберіп, ал тұрақты құраушысын электр қабылдағышқа ғана қалдыратын құрылғыларды электр сүзгілері деп атайды

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]