Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялық кешен.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
494 Кб
Скачать
☆

3.2 Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы

Өндіріс күштерінің дамуы мен орналасуы үшін экономикалық аймақтардағы халық шаруашылығының пропорционалдығы мен кешенді дамуындағы мәселелер тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар, өндіріс күштері неғұрлым дамыған сайын, бұл мәселелер де соғұрлым күрделене түседі.

Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты әр алуан түрдегі және көлемдегі территориялық-өндірістік кешендер жүйесінің қиындықтары туындады.

Аймақтық-кешендік зерттеудің әдістері мен қолданылуы туралы мәселелер Кеңес заманында оқытылып, кейіннен, 90 жылдардың басында жалғасын тапты. Бірақ ол кездегі зерттеудің көлемі мен дәрежесі қазіргі талаптарға сай келмеді. Әсіресе, әр түрлі экономикалық аймақтардағы кешенді шаруашылықтарды дамытуды шешуге экономика-математикалық әдістерді қолдану дамымады.

Әб бір кешенде үш өндірістік сала топтары бөлінеді. Басым сала мемлекет көлемінде мамандандырылған аймақтағы өндіріс пен ауыл шаруашылығы салалары болып табылады.

Белгілі бір аймақтың экономикалық және табиғи жағдайының жақсы болуы негізінде осы салалар өте жақсы өнім береді, аталған аймақ пен басқа да аймақтар арасындағы ғылыми-техникалық прогресс бірдей болғанның өзінде.

Салалардың мамандануы аймақтардың даму деңгейінің, шаруашылық құрылымының, халықтың жұмыспен қамтылуының көрсеткіші болып табылады. Саланың өндірісі саланың мамандануымен тікелей байланысты.

Салалар арасындағы кешендер негізінде біріккен шаруашылық кешендердің үздіксіз даму үрдісі жүріп жатыр (жылу-энергетикалық, машина жасау, химиялық, құрылыс, орман, ауылшаруашылығы, т.б.), сонымен қатар аймақтық кешендер.

Қазіргі шаруашылық кешен күрделі салалық құрылым болып табылады.

Жалпы мемлекеттік кешеннің салалық құрылымы әр түрлі рангтегі территориялық құрылымдардың кешендерімен байланысты.

Көптеген өндіруші шаруашылық салалары табиғи ресурстық қоры бар аймақтарда дамиды және оған қазіргі заманғы өндірістік күшпен, транспротпен, т.б. қол жетімді болуы керек.

Әр алуан табиғи-экономикалық айырмашылықтың болуы әр түрлі ауыл шаруашылық салаларының дамуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар табиғи ресурстармен және тарихи жағдайларды ескере отырып экономикалық аймақтарда сала маманданулары болады. Ескі өндіріс аймақтарында жеңіл өнеркәсіптің үлкен қорлары, машина жасау, жоғары мамандандырылған жұмыс күштері болады. Осының барлығы экономикалық аймақтардың бірігіп қызмет істеуіне, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп тауарларымен алмасуларына алып келеді.

Аймақтық еңбек бөлінісі еңбек өнімділігіне өте қатты әсер етеді, әсіресе табиғи қазба байлығы орналасқан аймақтағы өндіріс саласы.

3.3 Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары

Әр экономикалық аймақ мамандануымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар салалық шаруашылық құрылымымен, ауыл шаруашылығы мен өндірістік сала арасын дағы пропорциямен де ерекшеленеді. Белгілі бір аймақтағы шаруашылық салалардағы өндірістік күштерінің арасындағы пропорциялардың бұзылуы оның дамуын тежейді және бүкіл елдегі аймақ аралық шикізат, отын және дайын өнімдерді тиімді емес тасымалдауды алып келеді. Аймақтардың пропорционалды дамуы осы ерекшеліктерді қарастыруы керек.

Өндіріс күштерінің даму деңгейінің, ғылыми-техникалық прогпрестің өсуіне байланысты, жаңа шикізат көзжерінің пайда болуына және соны өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты халық шаруашылығындағы территориялық пропорция да өзгеруде.

70 жылдарға дейін экономикалық әдебиеттерде пропорционалдық туралы сұрақтар өте аз қарастырылды. Қазақстанның кең байтақ жеріндегі экономикалық және табиғи жағдайлардың әр алуандылығы экономикалық аймақтар мен олардың ішінде территориялық пропорцияларда маңызды орын алады.

Аймақ аралық пропорция мен бірге аймақ ішілік пропорция да маңызды болып табылады. Олар өз кезегінде экономикалық аймақтарды дамытады. Олар өз кезегінде аймақтардың дамуына жағдай жасайды. Бұл дегеніміз аймақтардың табиғи жағдайлары мен табиғи байлықтарына байланысты, өндірісте мамандануына байланысты, экономика-географиялық орналасуына байланысты, транстпорттық жағдайына байланысты, халық саны мен тығыздығына байланысты ерекшеліктері бар деген сөз. Аймақтардағы өндірістік құрылым бір-біріне ұқсамайды, керісінше, өзіндік ерекшеліктері бар, ең алдымен территориялық, аймақ аралық еңбек бөлінісімен ерекшеленеді.

Өндіргіш күштердің территориялық даму пропорциялары елдегі әрбір субъектінің экономикалық даму потенциялынан көрініс табады. «Территориялық пропорция» дегеніміз – өндірістік және өндірістік емес, көптеген және әр түрлі салалардың бір-бірімен өзара қатынасы және территорияның дамуының шектелуі.

Пропорцияны аймақтардың өндірістік мамандануы немесе территориялық еңбек бөлінісі ретінде қарастыруға болады. Өндірістік мамандану әрбір территорияның шаруашылық дамуына қызмет етеді, саланың мамандануының даму көлемі территориядағы барлық өндірістегі білімнің қатынасын анықтайды.

Өндірісті орналастырудағы халық шаруашылығын жоспарлаудың негізгі заңдылықтары келесідей:

  • өндірісті тиімді орналастыру арқылы еңбек өнімділігінің артуы;

  • өндірісті ел территориясындағы шикізат, энергия көздеріне және дайын өнімді тұтынуға жоспарлы түрде жақын орналастыру;

  • халық шаруашылығы игілігі үшін елдегі аймақтардың мамандану және кешенді дауына жеке территориялардағы ресурстарды толық пайдалану арқылы тиімді еңбек бөлінісінің болуы.

Қазіргі кезде жалпы өндірісті орналастыру факторлары нарықтық жағдайда жүзеге асырылып жатыр.

Елдің экономикалық дамуының террриториялық пропорциясы, оның макроаймақтары арқылы, ішкі макроаймаққтары (жеке аймақтар) арқылы жүзеге асырылады.

4.Экономиканың жоспарлы түрде дауы кезінде территороиялық пропорциялар табиғи, әлеуметтік, экономикалық және техникалық факторлар негізінде қалыптасады. Осының негізінде экономика дамуының территориялық пропорциясы келесідей негізгі түрлерге бөлінеді:

  • табиғи кешеннің аймақтық бөлінуі;

  • әлеуметтік-экономикалық аймақтық пропорциялар;

  • өнеркәсіп кешенінің территориялық пропорциясы;

  • энергетика кешенінің территориялық пропорциясы;

  • ауылшаруашылық кешенінің территориялық пропорциясы;

  • транспорт кешенінің территориялық орналасуы.

Табиғи ресурстар, олардың аймақтық орналасуы, экономика түсімі және пайдаланылуы экономиканың территориялық пропорциясының орналасуының базалық элементі болып табылады.

Ресурс көлемі мен қазіргі қолданылуы және перспективадвғы шаруашылық айналымының сапасының тартымдылығы аймақтың қамтамасыз етілуін және жеке түрдегі зоналарды анықтайды.

Әлеуметтік-экономикалық аймақтық пропорция халықтың территориялық орналасуын, аймақтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, миграциялық процестерді, аймақтық және ұлттық ерекшеліктеріндегі өмір сүру және еңбекке бейімделудің қалыптасуы, өмір сүру деңгңеінің аймақтық ерекшеліктері. Бұл топтағы анықтаушы мағынаға халықтың орналасуы мен еңбек ресурстары жатады. Қазіргі кездегі еңбек ресурстарының орналасуы, әсіресе квалификацияланған кадрлардың,территориялық дамуды анықтайтын ең басты фактор болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық прпорцияда әлеуметтік инфраструктураның даму ерекшеліктері өз көрінісін табады – территорияның тұрғынүй қорымен, денсаулық сақтау объектілерімен, біліммен, мәдениетпен және т.б. қамтамасыз етілуі.

Өндірістің территориялық пропорциясы территорияның экономикалық дамуын құрайды. Өндірістік өнеркәсіп, бір жағынан, экономикалық жүйе иерархиясының ерекше жүйесі ретінде, екінші жағынан – халық шаруашылығы жүйесі ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік, аймақтық, салалық, жалпы экономикалық факторлардың сандық және сапалық қатынасының зерттелуі өндірістік аймақтық дамудың техника-экономиалық негізін қалайды.

Өндірісті ұйымдастырудың өзгеру мүмкіндігі, ғылыми-техникалық прогрестің бағытталуы және тереңірек зерттеу жеке факторлардың әсер ету дәрежесін талдауға бағытталады. Әрбір фактордаң бағалануы аймақтық диференцияланған шығындар нормативтерін, өндірістік ресурстардың құнын, өндірістік техника және технология дәрежесін есептеуге негізделген.

Экономиканың қарастырылып отырған саласындағы экономикалық факторлар шектелген ретінде қарастырылады.Ең алдымен халық шаруашылығындағы нақты саладағы өнімдерге, әлеуметтік-экономикалық жағыдайындағы даму периодына, елдің және жеке территориялардың көп мақсаттарға арналған ресурстармен және т.б. қамтамасыз етілуіне бағытталған.

Техника-экономикалық мамандануындағы өндірістік саланың салалық факторларына жататындар территориядағы дифферениялданған шикізат, энергия, су шығын нормалары; өнімнің еңбек сыйымдылығы және тасымалданылуы. Осы факторлар ғылыми-техникалық прогреске, техникаға және технологияға, сонымен қатар, жалпы өндірістің территориядағы саланың тиімді орналастырылуындағы жалпы өндірістің ұйымдастырылу формасына әсерінен көрініс табады.

Барлық факторлар жүйесінің сандық және сапалық талдау әсері, сала класификациясының негізінде өндіріс күштерінің және өндірістік кәсіпорындардың орналасуы келесі түрлерге бөлінеді:

  • шикізат ресурстарының орналасуына байланысты шикізат көздеріне жақын орналасқан салалар. Бұл топқа шикізатты өңдейтін, дайын өнімін тасымалдау қымбатқа түсетін кәсіпорындар жатады;

  • отын және энергия көздеріне жақын салалар. Бұл топқа бір өнім шығаруға отын және энергия шығындары көп кететін кәсіпорындар жатады;

  • еңбек ресурстарының шоғырланған аймақтарына жақын орналасқан салалар. Бұл топқа еңбек сыйымдылығы жоғары өнеркәсіптер жатады. Соған байланысты, жалақының, әлеуметтік сфераның, коммуналдық қызмет шығындарының жоғары болуы;

  • тұтынуға жақын орналасқан салалар. Бұл топқа шикізатты, материалдарды және отынды бірдей қашықтықта жеткізуге кеткен шығындар тұтынушыға өнімді жеткізуге кеткен шығындарды өсіретін, сонымен қатар, тасымалды аз қажет ететін, тез тұтынылаты тауарлар өндіретін кәсіпорындар жатады.

Кейде бір фактор немесе факторлар тобына байланысты нақты аймақтың анықалмауынан кәсіпорындарды классификациялау қиынға түседі. Бұл орналасуға әсер ететін барлық факторлар жүйесінің кешенді әсерінің терең экономикалық талдауын қажет етеді.

Қазіргі кездегі факторлар жүйесінің орналасу пропорциясы тұрақты.

Аудандастыру өндірістік, ресурстық, әлеуметтік және саяси саяси факторлар жүйелерінің әсерінен құрылады. Олар төмендегідей.

Аудандастырудағы өндірістік қатынас факторы аудандағы өндіргіш күштердің ұйымдастырылу формасына және оның мамандану дәрежесіне қарай пайда болады.

Территориялық еңбек бөлінісі – аудандастырудың ең басты элементтерінің бірі. Ол үрдістің екі жағын көрсетеді – шаруашылықтың мамандануы және мамандандырылған территориялардың өзара қатынастарының экономикалық даму дәрежесін.

Аудандастыру факторларына табиғат жағдайы және табиғи ресурстарымен бірге еңбек ресурстары да қатысады, және олар нақты территорияның өндіргіш күштерінің даму дәрежесі мен шаруашылық мамандануының бағытталуын анықтайды.

Аудандастыруға елдің нақты даму кезеңіндегі ұлттық фактор, әлеуметтік-саяси жағай, территорияны траспортпен қамтамасыз ету, геосаяси жағдайлар және олардың жеке құрамдары әсер етеді.

Аудандастыру факторларына талдау көрсеткеніндей, қоғамның ұзақ уақыттық дамуындағы тарихи кезеңде олардың мәні өзгереді. Адам еңбегінің заттануы экономикалық аудандастыруға өте қатты әсер етеді. Аудандастыруда негізгі объект – өндіргіш күштер болып табылады.

«Экономикалық аудан» елдегі кешенді халық шаруашылығының территориялық құрылымының негізгі элементі болып табылады. Ол территориядағы еңбек бөлінісінің мамандануымен, сол жердегі табиғи ресурстарды пайдалану арқылы даму және халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтиды. Экономикалық ауданның ең басты белгісі – өндірістік процесс жүйесінің аяқталуы.

Экономикалық ауданға басқа да анықтама беруге болады – бұл нақты экономикалық-географиялық жағдайдағы, территориялық-шаруашылықтың бірігуіндегі өзіндік табиғи, экономикалық және өндірістік мамандануындағы тарихи жағдайындағы елдегі шаруашылықтың территориялық бөлігі.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық ауданға көптеген анықтамалар берілген. Әрбір танымал маман экономикалық аудан немесе экономикалық географияға өз саласы бойынша түсінік қосады. Бірақ олар бір-бірінен ерекшеленгенімен, терминология және түсінік бойынша барлығына ортақ мынандай базалық элементтерді қамтиды шаруашылықтың мамандануы, табиғи ресурстарға байланысты мамандану және әлеуметтік-экономикалық даму.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде

2.Әлеуметтік-экономикалық жүйелер тұрақтылығы

3.Аймақтық қайта өндіру үрдісі және олардың пропорциялары

Әдебиеттер:

        1. Смагулова Г.С. Аймақтық экономика басқару мәселелері. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2005

        2. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы. Экономика, 2010.

        3. Региональная экономика: Основной курс. Учебник под ред. В.И. Видяпина, М.В. Степанова М: Инфра-М, 2010.

        4. Региональная экономика (элект.ресурс)Электронный учебник К.Н. Юсупов, 2009.

        5. Ермошина Г.П. Региональная экономика. Уч. Пособие. М: Инфра-М, 2010.

4-тақырып. Аймақтық экономикалық потенциалы және оны бағалау

Лекция мақсаты– аймақтың экономикалық потенцияның өндіріс күштерін орналастыру үрдісін реттеуге бағытталған, орталық және жергілікті органдар жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық іс шараларды қамту

Лекция сұрақтары:

4.1Аймақтық экономикалық потенциал

4.2 Аймақтық экономикалық потенциалмақсаттары мен міндеттері