Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ФССП,КУиАСП_1кр. на каз.яз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Буддизм және оның негізгі идеялары.

Буддизм - Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.

Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.

Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау.

"Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.

Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:

  • бұл дүние қасіретке толы;

  • қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;

  • қасіреттен арылуға, құтылуға болады;

  • қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.

Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:

  • дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;

  • дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;

  • дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;

  • дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;

  • дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;

  • дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;

  • дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;

  • дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.

Буддизмнің бес өсиет-бағдары:

  • өлтірме;

  • ұрлама;

  • пәк болу;

  • өтірік айтпа, жалған сөйлеме;

  • зиянды заттарды пайдаланба.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Доасизм,легизм, конфуцийшілдік, моизм, у-вей, цзин, веда, упанишада, астика, настика, буддизм, жайнизм, веданта т.б. Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қытайдың көне заманнан келе жатқан ұлттық философиялық ілімдері:

А. Эмпиризм, рационализм, мистицизм

В. Скептицизм, неоплотонизм, эклектизм

С. Гностицизм, догматизм, неотомизм

D. Даосизм, конфуцийшілдік, легизм

E. Материализм, идеализм, агностицизм

2. Қытай философиясының дәстүрі бойынша адамды үш ғарыштық энергияның ұйыған түрінен пайда болды дейді, олар:

А. Цзин, ци, шэнъ

В. Ян, инь, ли

С. Тай-цзы, син-чун, мин-чун

D. Пань-Гу, мин-чун, син-чун

Е. Дао, дэ, у-вэй

3. Даосизмдегі «табиғилық» принципін ұстану дегеніміз:

А. Өз Меніңнің қажеттілігіне еру

В. Сыртқы әлемді сыртқы жаққа қарай өзгерту

С. Жақыныңа деген махаббат принципін жүзеге асыру

D. Құдайға сену

Е. Дао-табиғат заңына еру

  1. Дао түсінігі:

А) Күн.

В) Уақыт.

С) Махаббат.

D) Жол.

Е) Өмір.

  1. Конфуций шығармасы:.

А) Чочун-юн.

В) Дао-сюэ.

С) Лунь-юй

D) Мэн-цзы.

Е) Ли- цзы.

  1. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

А) Упанишадтар.

В) Архамастра .

С) Араньяктар.

D) Ригведалар.

Е) Ведалар.

7. Үндістандағы арнайы жаттығуларды талап еткен ілім:

A) миманса

B) санкхья

С) веда

Д) йога

E) вайшешика

8. Үнді философиясындағы «ортаңғы жол» идеясы:

А) джайнизм

В) даосизм

С) Легистер

Д) буддизм

Е) моизм

  1. Үнді философиясындағы мектепттер:

А) милет пен элей

В) астика мен настика

С) пифагоршылдар мен атомисттер

Д) софисттер мектебі

Е) бадендік мектебі

10. Әлемдік негізгі дінге жатады:

А. Синтоизм, индуизм, иудаизм

В. Зороастризм, шынайы провославиялық шіркеу, брахманизм

С. Тотемизм, фетешизм, анимизм

D. Буддизм, христиандық, ислам

E. Даосизм, католицизм, анимизм

Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, Кіші Азия грек полистеріндегі, Жеророта теңізі, Қара теңіз жағалауы мен Қырымдағы, Азия мен Африкадағы эллиндік мемлекеттердегі, Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының, философтарының ілімін айтады. (Кейде Ежелгі Грек пен Ежелгі Рим философиясын "антикалық философия " деп те атайды).

Антикалық философия өз дамуында төрт кезеңнен өтті:

      • демократиялық - ( б.з.д. VII-V ғ.ғ.);

      • классикалық (сократтық)- б.з.д.V ғ ортасы- б.з.д. IV ғ. аяғы;

      • эллиндік - б.з.д.IV ғ. - б.з.д.II ғ.;

      • римдік б.з.д. Iғ. - б.з.V ғ.

Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:

  • милет мектебі-"физиктер" (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен );

  • Гераклит Эфесстік;

  • элей (элеат) мектебі;

  • атомистер (Демокрит, Левкипп);

  • өзге де философтар.

"Сократқа дейінгілердің" айналысқан мәселелері: табиғат құбылыстарын, Ғарыш мәнін, қоршаған дүниені түсіну, алғашқы бастама, түпнегізді іздеу.

Классикалық (сократтық) кезең- Ежелгі Грек философиясының шарықтап дамыған кезі (Ежелгі грек полисінің гүлдену кезеңі).

Бұл кезеңнің ерекшелігі:

  • софистердің философиялық- ағартушылық қызметі;

  • Сократ философиясы,

  • "сократтық" мектептердің пайда болуы;

  • Платон философиясы;

  • Аристотель философиясы.

Сократтық (классикалық) кезең философтары да табиғат пен Ғарыш мәнін түсінуге ұмтылды, алайда олар философиямен "сократқа дейінгілерден" тереңірек айналысты:

  • алғашқы бастаманы іздеуге көп көңіл бөлмеді;

  • табиғат пен Ғарышты жаратуда, Құдай мен идеялардың қатысы бар болуын жоққа шығармады;

  • мәнділіктің пайда болуының идеалистік тұрғысы қалыптасты;

  • адам, қоғам, мемелекет мәселелері қызықтыра түсті;

  • форма мен материя арақатынасы анықтала бастады;

  • философияның уағыздау- догматикалық дәлелдеу әдісінен диалогтық - дәлелдеу әдісіне көшуі басталды;

  • формалды логика негізі қалана бастады;

  • практикалық философиялық- ағартушылық қызмет жүзеге асты (софистер мен Сократ).

Эллиндік кезең- (полистің дағдарысқа ұшырауы, Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі) философиясына тән белгілер:

  • киниктердің антиқоғами философиясының белес алуы;

  • философияның стоикалық бағытының пайда болуы;

  • "сократтық" философиялық мектептердің қызметі: Платон Академиясы, Аристотель Ликейі, кирендік (киренаиктер) мектебі және т.б.;

  • Эпикур философиясы және т.т;

Эллиндік философия ерекшеліктері:

  • антикалық мораль мен философиялық құндылықтардың дағдарысы;

  • құдайлар мен өзге де дүлей күштерді сыйлау және олардан қорқудың, үрейдің бәсеңдеуі;

  • бұрынғы өткен ғұламаларды терістеу, мемлекет пен оның институттарына немқұрайды қарау;

  • тән мен жан сүйенішін өзінен табу, іздеу;

  • шындықтан алшақтап, қиялға берілу;

  • дүниеге материалистік көзқарастың үстем болуы (Эпикур);

  • ең жоғарғы игілік - жеке адамның ләззаттануы мен бақыты деп ұғыну (тәндік-киренаиктер, моральдік - Эпикур).

Римдік кезеңнің атақты философтары:

  • Сенека;

  • Марк Аврелий (161-180 жылдары Рим императоры);

  • Тит Лукреций Кар;

  • соңғы стоиктер;

  • ерте христиандар.

Римдік кезең философиясына тән сипаттар:

  • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының өзара ықпалы (ежелгі грек философиясы римдік мемлекеттіліктің шеңберінде дамып, оның ықпалында болды, сол сияқты ежелгі рим философиясы ежелгі грек философиялық дәстүр мен идеялардың жалғасы болып табылды);

  • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының шын мәнінде бірігіп, антикалық философияға айналуы;

  • антикалық философияға жаулап алған елдердің (Шығыс, Солтүстік Африка және т.б.) философиялық дәстүрлері мен идеяларының ықпалы;

  • философияның, философтардың мемлекеттік институттарға жақындығы (Сенека рим императоры Неронды тәрбиеледі, Марк Аврелий өзі император болды);

  • қоршаған дүние, табиғат мәселелеріне көп көңіл бөлінбеді;

  • адам, қоғам және мемлекет мәселелеріне мейлінше көп көңіл бөлінді;

  • эстетиканың гүлденуі (оның пәні ойлау мен адам қылығы философиясы болды);

  • стоикалық философияның шарықтап дамуы; ең жоғары игілік пен өмір мәні тұлғаның рухани дамуы, білімпаздығы, өзін өзі ұстай білуі, бейқамдығы (атараксия, жабайрақаттылығы) болып танылды;

  • идеалистік көзқарастың материализмнен үстемдеу болуы;

  • қоршаған дүние құбылыстарын түсіндіруде құдайлардың пәрменіне жүгіну;

  • өлім мен о дүниелік өмір мәселесіне көңіл бөле бастау;

  • философияға ерте христиандық идеялар ықпалының өсуі;

  • антикалық және христиандық философиялардың біртіндеп қосылуы, олардың ортағасырлық теологиялық философияға айнала бастауы.

Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:

  • бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды;

  • ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;

  • ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;

  • философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;

  • құдайлардың болуы күмән туғызбады;

  • ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды;

  • адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;

  • философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"

Атомистер - материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.

Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)

Демокрит ілімінің негізгі қағидалары:

  • барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;

  • атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең, барабар;

  • атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;

  • атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар;

  • атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді;

  • атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;

  • атомдар шар тәрізді, бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.

СОФИСТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СОКРАТ.

Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.

Софистерді екі топқа бөледі:

  • аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий;

  • кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

Софистерге тән сипаттар:

  • дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

  • бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

  • ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

  • дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

  • мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

  • ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

  • мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

  • пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

  • б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;

  • б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;

  • б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.

Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.