- •Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.
- •Жұмыстың орындалу реті
- •4 Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық мағлұматтар
- •Плоттерлер
- •Теориялық негіздемесі
- •Термальды бүрікпелі нр Designjet 500 плоттерінің техникалық сипаттамасы
- •Қосымша құрығылары.
- •Цифрлық
- •«Duplo dp-430» дупликаторы
- •Ризографияның қолдану аймағы
- •Жұмысты орындалу тәртібі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Басу жабдықтары
Теориялық мағлұматтар
Термобүрікпелі басылым. Термобүрікпелі басылымда сия тамшылары соплодан ауа көпіршіктері арқылы қысылып шығарылады. Термоэлементтер жоғары кедергілі ток өткізгіш материалынан жасалған.
Жолақтар арқылы ток импульсі өткен кезде резистор 600 градусқа дейін қызады да, сияны ерітуге арналған су тез арада қайнау температурасына жетеді. Қайнаған су лезде буға айналады да көпіршіктер пайда болады. Ал пайда болған көпіршіктер саплодағы сияға қысым жасап, оның сыртқа шығуына ықпал етеді. Осының нәтижесінде басылатын материалға кескін түседі. Бірақ сия шығару күші өте үлкен емес, сондықтан да материал басылатын элементке жақын орналастырады.
Сия тамшылары шығарылғаннан кейін камераға сияның жаңа мөлшері құйылады.
Соплодан және каналдан тұратын сия камерасы - эмиттер тамшыларын құрайды.
Тондық бүрікпелі кескін растрлық әдіспен алынады. бүрікпелі кескінде болуы мүмкін тондар саны сияның санына «Hewlett Packard» (HP) принтерлеріндегі тон көлемі бір нүктеге түсуі мүмкін сия тамшыларының әсерінен көбейеді.
Ал, фотографиялық сапа алу үшін фирма «Рһoto Ret» технологиясын ойлап шығарды, бұл жерде әр нүктеге сия 0-32 тамшыға дейін 4-5 пикалитр көлемінде түсіп отырады.
Сұр түстердің берілу сапасын жақсарты үшін камераға карапайым қара картридждің орнына, 3 ашық түстен тұратын арнайы картридж құйылады. Сонымен қатар, бұл технологияда қарапайым 4 түсті сияның орнына 6 түсті қолданылады. Бұның нәтижесінде қағазға 1,2 мкм артық түс алуға мүмкіндік береді.
«Hewlett Packard» бояу негізіндегі түсті сиялар мен пигментті қара сияны қолданады. Екі жағдайда да еріткіш ретінде су қолданылатындықтан басылымдардың түс және суға түрақтылығы төмен болады. Егер, басылымдар мысалы, плакаттар болса оларды пленкамен ламинаттау керек.
«Рһoto Ret» «УК-сиялар» деп аталады түстілігі тұрақты сиялар жинағын жасап шығарды. Оларды арнай жабынмен қапталған материалдармен қоса пайдаланады, басылымның түс тұрақтылығы 15 жылға дейін жоғарлайды.
Плоттерлер
Рулондық қағазбен жұмыс істейтін принтерлерді - плоттерлер деп атайды. Алынған көшірмелер рулонға жинақталып немесе қажет форматта кесіліп отырады.
Дегенмен, плоттерлерде әр түрлі форматтағы парақтық қағаздармен жұмыс істеуге болады. Әдетте, басылым форматының ұзындығы ауыспалы болады да, RІР мүмкіндігі бойынша шектеледі.
Офистік дербес бүрікпелі принтерлермен салыстырғанда, плоттерлердің кең форматтылығына байланысты бірқатар ерекшеліктері бар.
1. Сия картридждерінің көлемі үлкен болуы керек, өйткені әр өнімге сия шығыны көп жұмсалады. Сия резервуаларының көлемі 0,22-0,5 л дейін жетеді. Кейбір плоттерлерде машинаны тоқтатпай-ақ сияны толтыруға болады.
2. Формат ені үлкен басылымда басу жылдамдығы өте маңызды. Ол соплодан бояу тамшысының үзілуіне және басу головкасының еніне, басу режиміне және нүктелендіруге байланысты.
3. Басылған таңбалардың баяу кебуі де басты мәселе, әсіресе, басылымды ламинациялау қажет болғанда. Ламинациялау бояғыштар негізінде жасалған сия қолданылғанда қажет болады. Пигментті сия атмосфералық әсерге төзімді, бірақ таңба қанықтылығы төмен болады. Кейбір плоттерлерде сияның екі түрін (пигментті және бояғышты) қатар қолдану қарастырылған. Біріншісі, атмосфераға төзімділігін, ал, екіншісі түстің қанықтылығын қамтамасыз етеді.
Бүктемелі басылымға арналған қағаздар. Термобүрікпелі басылымда бояғыштар мен пигменттер негізіндегі сулы бояулар қолданылады. Баяғыштар суда ерітілген, ал пигменттер жұқа дисперсті ерімейтін бөлшектерді құрайды. Жай қағазға бояғышты сия тамшысы жағылғанда сияның бір бөлігі қағаз бетіне сіңеді. Бояғыш мөлшері беттің және беттің ішкі қабатында азаяды да таңба қанықтылығы төмендейді. Егер қандай да бір аймаққа көп сия түсетін болса, ол қағазға сіңіп келесі бетіне өтіп кетуі мүмкін. Сіңіру қасиеті төмен қағазда таңба ұзақ уақыт кеппейді, өйткені, кебу үшін сіңіру қажет. Сондықтан бүрікпелі басылымда кез-келген қағазды пайдалануға болмайды. Плоттерде қолданылатын арнайы қағаздың ішкі бетінде арнайы еріткішті сіңіргіш жапсырмасы бар қағаз қолданылады. Бірақ қанық түс пен ашық мәтінді басылымды сіңіру қасиеті жоқ негізге жұқа бояусіңіргіш жабын қабаты бар арнайы материалда ғана ала аламыз.
