Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философиялық ғылымының өзіне тән ерекшеліктері....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Ағартушылық философиясы және француз материализмі

XVII-XVIII ғ.ғ. алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейінен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды. Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х.Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті. XVIII ғ. орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д.Дидро (1713-1784), Ж.О.Ламетри (1709-1751), П.А.Гольбах (1723-1789) және К.А.Гельвеций (1715-1771) аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.

Классикалық неміс философиясы Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті. И.Кант даулист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант. Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады. Л.Фейербах (1804-1872) материализмді бұрынғы қалпына келтірді, бірақ ол диалектиканы жоққа шығарды.

Орыс философиясы

Ресейде философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшелітері бар. Олар, көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан (материалист). Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан аралық заттар түзіледі деп есептеді. Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді. Ломоносов сияқты А.Н.Радищев те (1749-1802) дүниенің материалдығын, атап айтқанда қозғалыс материяның негізгі бір қасиеті екенін уағыздады. Орыс философиясының тарихында ХІХ ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев тек теория жүзінде емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60 жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.