Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Административный кодекс_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 159- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

159-бап. Тұтынушыларды алдау

Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің отыздан бір жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көр­сеткіштен асатын сомадағы залал – елеулі мөлшердегі залал деп, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы залал ірі мөлшердегі залал деп танылады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 160- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу

1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға , ұйымдарға сатуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 161- бап өзгертілді

161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу

саласындағы заңнамасын бұзу

1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқық­қа қайшы пайдалану,-

тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -

тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 161-1- баппен толықтырылды

161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -

жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 162- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау

Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -

аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  163- бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 163-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

163-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін декларациялау қағидаларын, этил спирті және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:

алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда сақтау және өткізу;

лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);

алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен бөлшек саудада өткізу;

алкоголь өнімін (шарап материалдарынан, сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;

алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);

екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатурацияланған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін сақтауы және өткізуі;

этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде бұзу -

жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасау нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, лауазымды тұлғаларға – жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру қағидаларын:

уәкілетті органға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;

ауыз су қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;

алкоголь өнімін ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;

этил спиртін ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуіш аппараттарымен өндіру;

спирт өлшеуіш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алып тастау;

екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір стационарлық үй-жайларда сол бір жабдықта этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру мен сақтау түрінде бұзу -

лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

лауазымды адамдарға – жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:

осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;

тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.

8. Балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста іргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнімін өткізу –лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 163-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

163-1-бап. Темекі бұйымының маркасын пайдалану

1. Темекі бұйымдарының өздерін немесе темекі бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзінде темекі бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 163-2- баппен толықтырылды

163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу

1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерін­де, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан он бес­ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын не­ме­се орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-3-баппен толықтырылды

163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзу

1. Осы Кодекстің 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу, –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіп­кер­лерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­ті­ле­рі болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкер­лік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс ай­лық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге – отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, дара кәсіп­керлерге – бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге – сегіз, ша­ғын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табы­ла­тын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъек­ті­лері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 163-4-баппен толықтырылды; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 163-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу

1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –

жеке тұлғаларға – бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):

жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,

демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу –

жеке тұлғаларға – бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 164 бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  164-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

1. Осы Кодекстің 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін

қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес

төлемдерді толық және уақтылы төлемеу

Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 167-бап жаңа редакцияда; 2009.29.12. № 233-IV ҚР Заңымен  167-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, —

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін уақтылы жібермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімін, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгерту, — лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сауал салуды жіберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өті-німді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты іс-әрекеттер, – лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушіні және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай емес деп негізсіз тану, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді конкурстық құжат­тамаға енгізбеу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,-лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-2. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің салыстырмалы мәнін баға ұсыныстарына қолданбау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама­сының талаптарын бұзу,-

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негізінде конкурстық комиссияның заңсыз шешім қабылдауы, — жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы уақтылы хабарламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді бермеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергені туралы көрінеу жалған ақпарат беру, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Осы баптың бірінші, төртінші, 6-1 және 6-2-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың екінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, — жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Осы бапта лауазымды адамдар деп:

бірінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;

екінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

үшінші бөлікте — тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды;

төртінші және бесінші бөліктерде — конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;

алтыншы бөлікте – конкурстық комиссияның мүшелерін;

6-1-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты­рушының бірінші басшыларын;

6-2-бөлікте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;

сегізінші және тоғызыншы бөліктерде — тапсырыс берушінің немесе сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.

 

ҚР 06.07.04 ж. № 572-II Заңымен 167-1-баппен толықтырылды

167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарының талаптарын бұзу

1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 168-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  168-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

168-бап. Валюталық бақылау агентінің функцияларын тиісінше орындамау

1. Валюталық бақылау агенттерінің операция­ларын жүргізу кезінде, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарын сақтауын тиісінше бақыламауы, —

заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін клиенттердің валюта операциялары бойынша есептілікті табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес есептілікті табыс етуі, —

заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсет­кіштің елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 28.03.03 ж. № 398-II Заңымен 168-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 168-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңнама талаптарын бұзу

1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының отыз процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 168-2 баппен толықтырылды; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 168-2 бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  168-2-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзу

1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -

жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері жө­ніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес табыс етілуі талап етілетін мәліметтерді және (немесе) есеп­тілікті табыс етпеуі, сол сияқты әлденеше рет (қа­та­рынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуі не дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) есептілікті табыс етуі, —

лауазымды адамға — айлық есептік көрсеткіш­тің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi, 1-1 және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -

заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктердің әлденеше рет (қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде екі және одан да көп рет) бұзуы, -

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -

заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы,-

лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 168-3-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

168-3-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру бөлігінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республика­сының заңнамасын бұзуы, –

жеке тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көр­сет­кіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокат­тарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе ком­мер­циялық емес ұйымдарға - айлық есептік көр­сет­кіштің екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөл­шерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табы­латын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелерін және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерін орындамауы, –

жеке тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адво­кат­тарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе ком­мер­циялық емес ұйымдарға - айлық есептік көр­сет­кіштің екі жүз жиырмадан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып та­бы­латын заңды тұлғаларға сегіз жүзден тоғыз жүз­ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының қаржы мониторингі жөніндегі уәкі­летті органға берілген ақпарат туралы өз клиенттері мен өзге тұлғаларды хабардар етуі –

айлық есептік көрсеткіштің бір жүз қырықтан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші – үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіш­тің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші – үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп мәрте жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларының, ойын бизнесі мен лотереялар ұйым­дастырушыларының, аудиторлық ұйымдар­дың лауазымды адамдарына, жекеше нотариустар­ға, адвокаттарға, дара кәсіпкерлерге – үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларына, ойын бизнесі мен лотереялар ұйым­дас­тырушыларына, аудиторлық ұйымдарға – белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданы­луын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақыт­ша айыра отырып немесе нақ сол мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып не олардан айы­рып, айлық есептік көрсеткіштің бір мың сегіз жүз­ден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салу­ға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 169-бап өзгертілді

169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу

1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -

заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Респуб­ликасының заңнамалық актілерінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы, —

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, төлем немесе ақша ауда­ры­мы жөніндегі нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды орындамауы, сон­дай-ақ шот иесінің банк шотына ақшаны есептемеуі, —

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптар не ақшаны есептеу жөніндегі нұсқаулар сомасының он процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 169-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 169-1- бап өзгертілді

169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару

Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -

жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 170-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 170-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға байланысты бұзушылықтар

1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 170-1-баппен толықтырылды; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 170-1-бап өзгертілді

170-1-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына байланысты бұзушылықтар

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы, -

лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органның алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -

лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 171-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс ету

Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 172-бап өзгертілді

172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану

1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -

кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 172-1 баппен толықтырылды; ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңымен 172-1 бап өзгертілді

172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу

1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 172-2 баппен толықтырылды ; 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен 172-2- бап өзгертілді

172-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ,ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі қатысушыларының ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттемелерді орындамауы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының,ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі қатысушыларының өздеріне уәкілетті орган ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттемелерді орындамауы, -

жеке тұлғаға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

03.06.03 ж. № 424-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 164-III ; 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 173-бап өзгертілді

173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң уәкiлеттi органға есеп-қисапты не Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкілетті органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептілікті не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуі, табыс етпеуі не дұрыс емес есептілік пен ақпаратты табыс етуі -

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi, -

төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-1. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақ­тан­дыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы шектеулi ықпал ету шара­ларын уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы,

мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-2. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, сондай-ақ сақтандыру агентінің міндетті сақтандыру шартын жасауы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -

лауазымды адамға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға тиісінше есепке алынбаған соманың бес проценті мөлшерінде, бірақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiк көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -

лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу,

лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. ¤зара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 174-бап өзгертілді

174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты талаптарды бұзуы

1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткiзудi жүзеге асыру, -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -

заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -

заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 175-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 175-бап өзгертілді

175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -

лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сактандыру шартын жасасудан жалтаруы, -

жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына - бiр жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды

175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу

Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-2-баппен толықтырылды

175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау

Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -

лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 176-бап өзгертілді

176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит алу не оны пайдалану

1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 177-бап өзгертілді

177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау

1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-1-баппен толықтырылды

177-1-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-2-баппен толықтырылды

177-2-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-3-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 177-3-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу

Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу, -

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-4-баппен толықтырылды ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 177-4-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

177-4-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу

Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, -

лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 177-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 177-5-бап өзгертілді

177-5-бап. Шығындарды өтеу ережелерін бұзу

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ережелерін бұзуы, -

лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 178-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 178-бап өзгертілді

178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы

1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

ірі залал келтірмей, бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты ірі залал келтірмей, бухгалтерлік құжаттаманы жою;

Абзац 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 179-бап жаңа редакцияда ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 179-бап өзгертілді

179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы

1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын:

бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;

құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыреттеріне сәйкес оларға көрінеу дұрыс емес қаржылық есептілікті табыс ету, қаржылық есептілікті табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып табыс ету не оны дәлелсіз себеппен табыс етпеу;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;

Абзац 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде бұзуы, -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 179-1-баппен толықтырылды

179-1-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясын жария ету

Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың ірі зиян келтірмей, жария етуі - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 179-2-баппен толықтырылды ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 179-2-бап өзгертілді

179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп

пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында

белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу, -

заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы бапта көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 179-3- баппен толықтырылды

179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді немесе басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын мынадай түрде бұзуы:

бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;

қаржылық есептіліктегі көрсеткіштердің не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау жөніндегі мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан қаржылық есептілікті жасау –

лауазымды адамдарға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы –

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 180-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  180-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

180-бап. Валюталық заңнамаға сәйкес талап еті­летін валюталық операциялар бойынша есепті­лік­ті, ақпарат пен құжаттарды табыс ету тәртібін бұзу;

1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін валюта операциялары бойынша есептілікті уақтылы табыс етпеуі немесе дұрыс емес есептілікті , ақпарат пен құжаттарды табыс етуі, -

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Валюта операциялары бойынша есептілікті, ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 181-бап өзгертілді

181-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  алып тасталды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  182-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлікті немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкім­шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге — сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкер­лік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 183-бап өзгертілді

183-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу

фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы

Аудитордың тексеру жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -

«аудитор» біліктілік куәлігінен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 184-бап жаңа редакцияда

184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы

1. Осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы –

аудиторларға – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы –

біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қыз­­метті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқта­та тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет –

біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көз­делген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер –

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айы­ра отырып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз елу айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 184-1-баппен толықтырылды; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 184-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу

1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –

аудиторлық ұйымдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу –

аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға уақтылы табыс етпеуі немесе табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес мәліметтерді беруі –

аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы –

заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –

аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның белгіленген мерзімде аудиторлық есепті табыс ету туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға аудитор­лық ұйымдардың аудиторлық есепті табыс етпеуі –

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 184-2-баппен толықтырылды

184-2-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға

байланысты бұзушылықтар

Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы, -

аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 185-бап өзгертілді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 185-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі

Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі –

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді

186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару

Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -

ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен ( бұр.ред. қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 187-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репа­триациялауды қамтамасыз етпеу

Уәкілетті банктердегі банк шоттарына:

тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;

резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған, резидент еместің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауы­на байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрінде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу, –

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есептелмеген ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  188-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық операцияларды жүргізу

1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбас операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

шағын немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға — белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ауытқу шегін сақтамауы, –

лауазымды тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 188-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

188-1-бап. Арнайы валюта режимін бұзу

Арнайы валюта режимін:

валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;

резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;

шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;

валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;

Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, –

жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимін бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

189-бап. 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 190-бап жаңа редакцияда ( бұр.ред. қара)

190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдар беру, егер олар үлкен зиян келтірмесе, -

айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 191-бап өзгертілді

191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу

Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -

эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 192-бап өзгертілді

192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, -

жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 193-бап өзгертілді

193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға дұрыс емес мәлiметтер табыс ету

1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны, өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкілетті органның ықпал етудің шектеу шараларында көрсетілген талаптарын бағалы қағаздар нарығы субъектісінің орындамауы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 194-бап өзгертілді

194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы

Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының акционерлiк қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) , бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу тәртiбiн, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 194-1-баппен толықтырылды

194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу

Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 195-1-баппен толықтырылды

195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау

мақсатында мәмiлелер жасасу

Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 196-бап өзгертілді; ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-1-баппен толықтырылды

196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы

Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 197-бап өзгертілді

197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу

Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 197-1-баппен толықтырылды

197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.

198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды табыс ету мерзiмiн бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 199-бап өзгертілді

199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты жариялауы

Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi бұзу

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 201-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 201-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу

1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу

Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген шектеулердi бұзу

Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -

төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 204-бап өзгертілді

204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 204-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу

1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -

айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -

айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -

айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

16-тарау.