Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы
Қазақстан экономикасының нарықтық принциптерге өтуінен бастап ақша саясатының мақсаты инфляциялық процестерге және осы негізге сүйенетін сұранысты реттеу үшін ақша эмиссиясын шектеу болып табылады. Бұл ақша айналымының реттеуші құралдарын қолдану арқылы жүзеге асады: яғни, ақша массасын реттеу, валюталық реттеу.
Екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырғаннан кейін,ақша ретеушілері жиынтық сұранысты реттеуге және ақша қаражаттарының әр алуан түрлерімен формаларын бір уақытта қолдану мүмкіндігін қамтамассыз ету үшін бағытталған болатын.
Ақша массасының құрылымы мен динамикасының анализі ақша айналымының реттеу механизімін жасауда маңызы зор. Айналымдағы ақша көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие эмиссиясының көмегімен болжамдалады. Несиелеу процесі кезінде, алтынволюталық қорлардың өсуі және шетел волютасын сатып алу нәтижесінде оның активтері көбейеді. Бұл, сонымен бірге, пассивтердің өсуіне, яғни ақша агрегаттарының ( қолма – қол ақша, міндетті резервтер ) пайда болуына әкеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.
Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.
Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына оң әсер тигізеді.
Жиынтық Ұлттық табыс пен ақша массасы көрсеткіштерінің өсуі, ақша массасының өсуі қолма – қол ақшамен емес, банк депозиттерінің өзімен байланысты. Ол монетизация деңгейін көтереді. 2004 жылы оның 19,8 % дейін көтерілуі ( 2003 жылдың соңында 18,6 % ) халық пен шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютаға сенімін көрсетеді.
Қазіргі кезде қолма – қол ақша эмиссиясының көлемі және ұлттық валюта белгілерінің көлемі тек шаруашылық субъектілердің сұранысына байланысты.
