- •1. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпараты
- •«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы а1 ғимаратында 102 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 673687 (ішкі 1125)
- •2. Пән туралы мәліметтер
- •8. Тақырыптық жоспар
- •8.1 Күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге арналған тақырыптық жоспар
- •8.2 Күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге арналған тақырыптық жоспар
- •7 Тақырып Графика және Интернет
- •1 Тақырып Microsoft Office (Word, Excel, Access, PowerPoint) пакеттерімен жүмыс
- •4 Тақырып Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау
- •5 Тақырып Бағдарламалау тілдерімен танысу
- •6 Тақырып Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері
- •10.6 Студенттің өздік жұмысының тізімі
- •10.7 Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
- •11. Курс саясаты
- •12. Әдебиеттер тізімі
11. Курс саясаты
«Информатика» курсы практикалық курс болып саналады. Сондықтан міндетті түрде ағымдағы бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық практикалық, зертханалық, өздік жұмыс тапсырмаларын орындау міндетті болып табылады.
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.
Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар студентті зертханалық, практикалық және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес студенттің жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.
Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.
Студент сабаққа кешігетін болса, сабаққа кіргізілмейді және босатылған сабақты қайта тапсыруға мүмкіндігі болмайды.
Сабақтағы ережені бұзғаны үшін айып салынады – бір сабақтан 5 ұпай алынып тасталады.
Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық, зертханалық жұмыстарға және оқытушымен студенттің өздік жұмысы тапсырмалары бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.
Өздік жұмысы өз нұсқаңызға сәйкес орындалуы қажет, әйтпесе жұмыс есептелінбейді. Тапсырма нұсқаларын оқытушы тағайындайды.
Әр тапсырма жеке файлда немесе бумада орындалып, СРС 1_ФИО, СРС 2_ФИО және т.б. деп аталынуы керек. СӨЖ-ының тапсырмалары иілгіш дискке жазылып, бақылау шараларының кестесіне сәйкес оқытушыға тапсырылады.
Барлық тапсырмалар уақытында орындалуып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарының кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады. Айыптық санкция бақылаудың осы түрі үшін ұпайдың 80%-ын құрайды.
1. Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.
Семестрде компьютерлік тестілеу бойынша екі межелік бақылау қарастырылған. Тестілеу сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі.
2. Межелік бақылау (МБ) 100 балдық шкаламен анықталады.
Межелік бақылауға ағымдық үлгерім (АҮ) балы бар студенттер жіберіледі.
3. АҮ мен МБ бағалары бойынша студенттің пән бойынша рейтингі (Р1 және Р2) анықталады. Р1(2)=АY1(2)*0,7+ МБ1(2)*0,3
Егер студент МБ орындамаса немесе МБ-дан 50 баллдан кем алса, онда рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан студенттің МБ тапсыруының жеке мерзімін тағайындайды.
4. Студенттің семестр бойынша емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) бағасы ЖР=(Р1+Р2)/2
Егер пән бойынша курстық жұмыс (КЖ) болса, онда КЖ қорғау бағасы ЖР есептеуде ескеріледі: ЖР=(Р1+Р2)*0,7/2+КЖ*0,3
Сырттай оқитын студенттер үшін: ЖР=Р1 немесе ЖР=Р1*0,7+КЖ*0,3
Пән бойынша қорытынды тексеруге (емтиханға Е) оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған студенттер және ЖР 50-ден кем емес балл алған студенттер жіберіледі.
5. Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) (итог): ҚБ=ЖР*0,6+Е*0,4
