- •1. Электрлік ортадантепкіш сораптары (эос) бар ұңғымаларды пайдалану кезіндегі машиналар мен жабдықтарды таңдау.
- •1.1. Батырмалы электрлік ортадантепкіш сораптарының қондырғылары.
- •1.2 Кесте
- •1.1.2. Батырмалы электрқозғалтқыштар.
- •1.3 Кесте
- •1.4 Кесте
- •1.1.3. Кабельдер.
- •1.5 Кесте
- •1.1.6. Ортадан тепкіш сорапты таңдау.
- •1.1.4. Сорапты-компрессорлы құбырларды таңдау.
- •1.1.7. Электрқозғалтқышты таңдау.
- •1.2. Динамикалық деңгейдің астына сораптың батыру тереңдігін анықтау.
- •1.2.1. Сұйықтықты көтеру кезіндегі газдың жұмысы.
- •1.3. Эосқ-ның пайдалану параметрлерін анықтау және трансформатор, кабель таңдау.
- •1.3.1. Кабель таңдау.
- •1.2.2. Трансформаторды таңдау.
- •1.3.3. Габаритті эосқ-ның диаметрін және салқындату сұйықтығының қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •1.3.4. Эос қондырғысының электрэнергиясының меншікті шығынын анықтау.
1.2.1. Сұйықтықты көтеру кезіндегі газдың жұмысы.
ЭОС-тың қажетті тегеурінін табу үшін газдың құбырдағы сұйықтықты көтеру кезінде пайдалы жұмыс басты фактор болып табылады.
Х.11.Х53 формуласынан кеңейуші газдың сұйықтықты көтеру биіктігін анықтауға болады.
X=1/ρcg [Г – Vр.г](1 – n) Роη Ln Рқан+Ро/Рк+Ро, (1.20)
Мұнда Рқан-қаныққан газдың қысымы, Рк-кірісіндегі қысым, МПа; ρж-термодинамикалық қима шарты кезіндегі тығыздық, η-сорапты құбырдағы газдың жұмыс істеу ПӘК, η=0,65, 0,2<n<0,5 кезінде.
Бірақ формула бойынша жүргізілген есептеулер мәні П.Д.Ляпкованың «Туймазанефтьтағы» тәжірибе мәндерінен біршама үлкен болады.
[12] газ сұйықтығына тәуелді көтерілу биіктігін есептеудегі жақын мән береді:
Нг =1,575dГ[1 - 3√ Рбуф /Pқан](1 – n), (1.21)
мұнда d-құбырдың ішкі диаметрі, см; Рбуф=Рк (сепараторға) кірістегі қысым.
1.3 формуласы бойынша ЭОС-тың қажетті тегеурінін анықтау үшін одан газбен сұйықтықты көтеру биіктігін анықтау қажет, бірақ газ факторының, ылғалдылықтың және қаныққан қысымның ремонт аралығындағы ЭОС период уақытындағы өзгеруді ескеру қажет.
Тапсырма 21. Газ факторы және сұйықтықтың газбен көтерілу биіктігі бар кезіндегі пайдалану ұңғымасы мен жабдықтың берілген шарты бойынша ЭОС динамикалық деңгейге түсу тереңдігін анықтау қажет.
Берілгені: пайдалану тізбегінің сыртқы диаметрі 146 мм.
Ұңғыма тереңдігі – 2000 м,
Сұйықтық дебиті Q=120 м3/тәул
Динамикалық деңгей hg=1098 м
Сорап түрі ЭОС5-130-1200
Сораптың қажетті тегеуріні Hc=1216 м
Газ факторы T=70 м3
Құбыр сыртындағы кеңістіктегі қысым Pa=1,3 МПа
Мұнай ылғалдылығы n=0,4
Газ тығыздығы ρг=1,1 кг/м3
Мұнай тығыздығы ρм=880 кг/м3
Қабылдаудағы сұйықтықтың температурасы – 500С
Шешуі: (1.7) формуласы бойынша қабылдаудағы қысымды анықтаймыз. Ұсынылғандардан [16] 140 мм диаметрлі тізбек үшін σ=0,15 қабылдаймыз. Есептеуге берілген бойынша То=288 К, Т=323 К, n=0,4.
β=0,25 газ құрамын қабылдаудан Vр.г=47 м3 табамыз.
(19 сурет.13) графигі бойынша газ тығыздығына қатысты критикалық қысым мен температураны есептейміз.
ρг20=ρг/ ρвоз=1,10/1,22=0,9;
Рп.н=46,1 кгс/см2; Тп.к=250оК
Сорап кірісіндегі алдын ала қысымды 5 МПа деп қабылдап, келтірілген қысым мен температураны табамыз.
Рк=5/4,7=1,07; Тк=323/250=1,29
Браунның [19, сурет 13] графигі бойынша Z=0,82 қабылдаймыз.
Алдын ала λв-ны анықтап (1.18) формуласы бойынша мұнайдың көлемдік коэффициентін анықтаймыз.
λ=[4,3+0,858∙0,9+5,2∙10-3(1 – 1,5∙10-3∙70)∙70 – 3,54∙0,88]∙10-3=2,282∙10-3
Вн=1+2,282·10-3·70+2,513·10-3(50 - 20) – 6,5·10-4·5=1,232.
(Вн=1,74 2[19] суреттегі график салыстыру үшін)
Рпр=(70 - 47)(1 – 0,15)∙0,1033∙0,82∙323(1 – 0,4)(1 – 0,25) /0,25∙288[1+(1,232-1)(1 – 0,4)] = 2,93 МПа
Сорап кірісіндегі есептелген қысымды ескере, тағы да келтірілген қысымды табамыз.
Рк= 2,93 /4,7=0,62; Т=1,29.
өзгереді, Вн және Рпр анықтаймыз:
Вн=1,235-6,5∙10-4·2,93=1,233;
Рпр=258,3/82,02=3,15 МПа
Рк=3,15/4,47=0,67 қайта анықтап, z=0,97 есептейміз, ал Рпр=3,11 МПа яғни нақты 1% жақынырақ, z график бойынша табу одан да нақты. Сол үшін Рпр=3,15 МПа анықталады ([28] жұмыста Рпр=1,9 МПа v.11.5 суретіндегі графикпен салыстыру үшін)
(1.16) формула бойынша ρсм анықтаймыз:
ρсм= [880(1 – 0,4)+1000∙0,4](1 – 0,25)+1,10·0,25=696,3 кг/м3
1.15 формула бойынша сораптың динамикалық деңгейге батыру тереңдігін табамыз.
һ=(3,15 – 1,3)106/ 696,3·9,81=271 м.
Сораптың түсіру тереңдігі
L=1098+271 =1369 м.
(1.20) және (1.21) формулалары бойынша кеңеюші газдың көтерілу биіктігін есептейміз.
Х= 1/880(70 - 47)∙(1 – 0,4)∙0,1∙106∙0,65∙Ln11+0,1 /0,2+0,1=375 м.
[19, сурет 1 ] номограммасында
Рмас=110 ат=11МПа.
[12] методика бойынша
Нг=1,575·4·70[1 - 3√2/110](1 – 0,4)=195 м.
Туймазанефть шарттарындағы П.Д.Ляпкова зерттеулеріндегі газ энергия есебіне сұйықтың көтерілу биіктігі орташа 250 м тең, ал [12] методика қорытындысына жақын.
Осылайша, ЭОС қажетті тегеуріні СКҚ-ғы газдың пайдалы жұмыс есебінен төмендеуі мүмкін.
Нт′=1216 – 195=1021 м.
Аналитикалық тәуелділіктер көмегімен ЭОС-ның динамикалық деңгейге батыру тереңдігін (жүз метрге) жоюға болатынын зерттеулер мен есептеу мысалдары көрсетеді. Жыл және одан да көп ремонт аралық периодты газдың көтерілу күш есебінен тегеурін шамасының 0,7-0,8 коэффициентімен, қойнауқатты қысымның төмендеуін ескеріп аламыз.
Нт′=1216 – 0,7∙195=1080 м.
