Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТБАСЫ институты.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

4) Ұл баланың Отбасындағы, әулетіндегі рөлі

Отбасындағы ұл баланың орны ерекше, тым ерекше. Ұрпақ жалғар, артта қалар із. Оның тәлім-тәрбиесі ең маңызды мәселе болған. «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйсінерге жарар ол. Сүйкімі жоқ құр масыл би, сүйретіліп өтер сол». Сүйікті ұл қандай болу керек. Әке мен ананың тәрбиесін сіңіріп, адамдықтың баспалдағын аттаса, өз қарындастарына асқар тау аға, алдыңғы арба болса көш бастап, өзінен соңғы ініге жаға бола білсе, іні болса аға мен әпке-қарындастарының өміріне қаншалықты қатысты екенін білсе – арлы, намысты азамат, сүйікті ұл – осы. Отбасындағы қарындастары ағасы барлығына арқаланатын алып азаматтар азайып кеткенінің көрнісін ішіңде жатқан қазақ қыздарының кей әрекеттерінен байқау аса қиын емес сияқты. Осындай тізе берсек асыл борыштарын қазіргі азаматтар орындап жүр ме? Бірақ, осы төңіректе талай дүниелер жасау керектігі жасырын емес. Біз де ұсынып отырған институтымыздың аясында отбасындағы ер бала тәрбиесіне қатысты арнаулы жұмыстар жасауға болатынын алға тартып отырмын.

5) Отан алдындағы ер азаматтық борыш

Бұл енді өте құдіретті, маңызды тақырып. Отан отбасынан басталады. Отбасында отанға деген махаббатын оятып, мәңгілік алау етіп жағау ата-ананың ең басты борышы. Атаңның баласы болма адамның баласы бол дегенді жалау еткен заман кетті. Қазір отбасында ондай дәріс оқылмайтын заман туғалы қашан? Жемқорлық пен өсімқорлық шарықтап өскен мына заман отбасында отанға деген махаббаттың шоғы тұтанбағандығынан десек қата кетпеспіз. «Ердің еңсесі түссе, елдің берекесі кетеді». Қазір осы өнегелі сөзді естігенде ұялатын болған жоқпыз ба. Отбасында Ер азаматтың азаматтығы, адалдығы, шыншылдығы бәрі-бәрі Отан қуаты, Отан құндылығы екенін жаттап өсіру қатаң ескерілсе, еш елдің көлеңкесінде қалмайтын алып мүйізді мемлекетке айналарымыз анық. Осындай игі мінтетті де «Отбасы Иниституты аясында арнайы сабақтар өткізіліп қолға алынса деген ниеттеміз.

4. Отбасындағы балалар қарым-қатынасы

Алған тақырып отбасындағы балалар. Балалы үй базар. Отбасындағы балалардың бір-біріне деген махаббаты, ағалық, інілік, әпке, қарындастық туыстығы ең ұлы бауырмашылдықтың шыңы екені анық. Бір ішке сыйған, адамдардың кейде кең дүниеге сыймай жатқанын көргенде көзің көргеніне өкінеді. Отбасында тату-тәтті өскен балалар, ертең өрісі кеңіп үлкен өмірге шыққанда ара-жігі ажырамас адамдарға айналар еді-ау. Біз ұсынып отырған «Отбасы Институтының» алып тармағының бірегейі балалар қарым-қатынасы. Заманымызда көрген ағайындылар араздығын ұлттың ұлы ретінде шешу жолдарын іздеу барысында бұл үлкен тақырыпты төрт тармаққа бөлдік.

  1. Аға мен Қарындас арасындағы

Аға қандай қаныққан есім болса қарындас осы аға иығына қонған бақыт құсы секілді семіз ұғым. Ағасы қарындасын отбасынан ұшып кеткенше әке мен ана бірінші қамқоршы болса, екінші осы аға қарындастың үйдегі де, түздегі де қамқоршысы. Ағаның намысы қарындасы. Қарындасын ес кіріп қоғамға терең араласа бастағанда жіті қадағалап, өз тәрбиесінде ұстауы керек. Айналасындағы сұқтанған көздерден, арам ниеттерден қорғап отыру аға парызы. Көл қорғаған қырғидай қарындасына қалқан болу керек. Ал қазір қарындасының жүріс-тұрысына немқұрайлы қарайтын ағалар қатары артып келе жатқанына аса үлкен дәлелдің керегі де жоқ. Асыл дінімізде мынадай бір хадис бар: «балаларың жеті жасқа келгенде намазға бұйырыңдар, егер он жасқа келгенде намаз оқымаса ұрыңдар» дейді. Осы жерде кім жеті жаста баласына намаз оқы деп айтпаса, он жаста ұруға құқы жоқ екен. Дәл сол сияқты ғаларымыз қарындасына айтар ақылы жоқ. Ол ақылды айту үшін сол ақылға лайықты болу керек. Өзі темекі тартып, өзі көше қыдырып, былапыт сөйлеп, үлкен мен кішіні сыйламай жүрсе қалай қарындасына бұндай нәрселерді істемеуді бұйыра алады. Айтса да қыз қалай қабылдайды бұны. Әкелеріміздің сиқы да осыған ұқсап кеткен. Аға өнегелі болып осының бәрін орындаса қыз баласы, әйел заты қайда барады. Өзіміз сол асыл дүниелерді жасай алмай жүріп, жасата да алмаймыз. Осы мәселені өзгертуге біз осы жобамыздың «Аға мен қарындас қатынасы» атты тармақты ұсынамыз.