Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Машықтық жұмыс

1 - тапсырма

Гиперазотемия кезінде тышқандарда диурез өзгерістерін зерттеу.

Әдісі: Тәжірибеге 2 тышқан алынады. Бірінші тышқанға 2%1 – 2 мл мочевина ерітіндісін тері астына енгізеді, екіншісіне – сондай мөлшерде натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізеді. Екі тышқанды мөлшерленген пробиркасына орналастырған несеп жинағыш сүзіндіге отырғызады. Бір сағаттан соң бақылау және тәжірибелік жануарлар бөліп шығарған зәрін салыстырады, қорытынды жасайды.

Тәжірибе хаттамасы

Жануарлар

Әсер ету

Несеп мөлшері

Бақылау № 1 тышқан

2,0 мл физ.ерітіндісі

Тәжірибе № 2 тышқан

2,0 мл мочевина ерітіндісі

№ 2 тапсырма.

Кейс-стади

№ 1 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз. Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)

№ 2 есеп. Науқастың қан қысымы тұрақты көтерілген, бас ауыруына, көз көруінің нашарлауына шағымданады. ҚҚ 190/110 мм с..б.; ЖСЖ минөтіне 110 рет; ертеңгілік көз асты ісініп тұрады. Шеткі қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз – 56г/л, альбуминдер – 16г/л (қалыпты жағдайда 40-50 г/л)б глобулиндер – 40 г/л (қалыпты жағдайда 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты жағдайда 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәр реакциясы сілтілі, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакциясы теріс. Тұнбаны микроскопта зерттегенде: эритроциттер 2-3 көру аумағында, гиалиндік цилиндрлер 7-9 көру аумағында, қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л). Зимницкий сынамасы:

Уақыты

Зәр мөлшері

Зәрдің сал. тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

80

100

70

80

150

200

100

150

1030

1020

1025

1020

1021

1025

1025

1032

  1. Зимницкий сынамасын бағалаңдар

  2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңдер. Бепілген көрсеткіштің өзгерісі нені мәлімдейді?

  3. Науқаста зәрдің сапалық өзгерісі нені мәлімдейді?

  4. Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері нені мәлімдейді?

№ 3 есеп. Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.

1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?

2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?

3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай?

4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?

№ 4 есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.

1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?

2. Анурияның патогенезі қандай?

№ 5 есеп. Науқасқа 2 жыл бұрын «Жіті диффузды гломерулонефрит» диагнозы қойылды. Қазір әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулер байқалады.

Зәр анализі: Тығыздығы 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында біріндеген эритроциттер, гиалинді цилиндрлер аздап кездеседі. Тәуліктік диурез – 3100 мл.

Қан талданымы: Қалдық азот 90 ммоль/л, жалпы нәруыз 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатинин клирені – 40 мл/мин (90-170 мл/мин). АҚ – 180/100 мм с.б.

  1. Полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті диффузды гломерулонефрит» диагнозына қайшы емес пе?

  2. Осы жағдайдағы полиурия мен гипостенурияның даму тетіктері қандай?

  3. Науқаста дамыған полиурияның маңызы қандай?

№ 6 есеп. Науқас К. 22 жаста, баспаның ауыр түрімен ауырған соң 2 аптадан кейін  бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүрек қағуы, бас ауыру пайда болды. 4 күнде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: беті бозарған; қабақтары ісінген, салбыраңқы, көз қиығы тарылған, балтыры мен табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б., диурез бірден азайған, зәрінде көп мөлшерде эритроцит, лейкоцит, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көп мөлшерде. Қанда антистрептолизина О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.

1. Науқаста қандай ауру дамыды деуге болады?

2. Бүйрек қызметі бұзылуының себебі мен патогенезі қандай? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

3. Науқастағы симптомдардың патогенезі қандай? Гипергидратация дамуына не әсер етті: бүйрек қызметі бұзылыстары ма, әлде организмде сұйықтық ұсталуының бүйректен тыс тетіктері ме? Жауапты дәлелдеңіз.

№ 7 есеп. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентгенограммасынан жайылған остеопороз анықталды. Сүйектердің деминерализациясының көрінісі рахитке ұқсас. Науқасқа Д витаминін тағайындау нәтиже бермеді

1. Сүйек тініндегі өзгерістердің патогенезі қандай?

2. Д витаминіне төзім ділікті қалай түсіндіресіз?

№8 есеп. Науқаста АҚ тұрақты жоғарылаған, бас ауыруына, көз көруі нашарлауына шағымданады. АҚ 190/110 мм с.б.; ЖСЖ 110 рет мин.; ертеңгілік көз астында ісінулер. Шеткері қанда: эритроцит-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоцит – 0,02%:, лейкоцит -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз – 56г/л, альбумин – 16г/л (қалыпта 40-50 г/л), глобулин – 40 г/л (қалыпта 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, мочевина – 11,4 ммоль/л (қалыпта 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, глюкоза – теріс. Тұнбаның микроскопиясы: эритроцит 2-3 көру аймағында, гиалинді цилиндр 7-9 көру аймағында, қан сарысуындағы креатинин 14 мг/л (қалыпта 12-14 мг/л). Диурез 1000мл

  1. Науқастағы зәрдің сапалық өзгерісі нені мәлімдейді?

  2. Қанның биохимиялық көрсеткіштері өзгерісі нені мәлімдейді?

  3. Науқастағы гипертензия мен анемияның патогенезі қандай?

  4. Есеп бойынша жалпы қорытынды жасаңыз

№ 9 есеп. Пациент К. 48 жаста 5 жыл бойы созылмалы диффузды гломерулонефритпен ауырады. Соңғы аптада жүрегінің шаншып ауыратынына, жүрек қағуына, әсіресе жүргенде пайда болатын аяғындағы ісінулерге шағымданады. Зәрі: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: түйіршікті және балауызды цилиндрлер көп мөлшерде. АҚ 170/95 мм с.б. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, альбумин 1,5 г%, глобулин 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1. Науқастағы симптомдар қандай дерттің дамығаны туралы мәлімдейді?

2. Мұнда май алмасуының қандай бұзылыстары дамуы мүмкін және оның даму тетіктері қандай?

3. Ұзаққа созылғанда гиперлипидемияның мүмкіндік салдарлары қандай?

4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның қандай белгілері бар?

№ 3 тапсырма.

«Пиелонефриттің этиологиясы мен патогенезі» кестені толтырыңыз.

Пиелонефриттің ең жиі себебі

Жұқпаның ену жолдары

Жұқпаның уриногенді жолмен түсуі

Жұқпаның гематогенді жолмен түсуі

Пиелонефриттің туындауына қолайлы жайттар

Патогенез

Қандағы өзгерістер

Зәрлік синдром

№ 4 тапсырма. Берілген суретті қолдана отырып обструктивті уропатияның мүмкіндік даму жолдарын көрсетіңіз

?

?

?

?

?

?