- •Лекция 2. Туристік нарықтағы оқиғалық туризм
- •3 Лекция Оқиғалы туризмнің жіктемесі
- •8 Спорттық шаралар:
- •9 Халықаралық техникалық салондар
- •Лекция 5. Спорттық оқиғалық туризм
- •Лекция 6. Фестиваль оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 7 Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде
- •9 Лекция. Әлемдегі оқиғалы туризмнің нысаны ретінде карнавалдың негізгі даму үрдістері
- •Лекция 10 Орыс каранавалы
- •15. Дәріс: Ивент компаниясы маркетингтің кызмет көрсету субьектісі
Лекция 6. Фестиваль оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
Туризмнің рөлі мен орны бойынша спорттық шараларға ұқсас театралдық шараларды ажыратамыз: карнавалдар, фестивальдар (француз сөзі түбі латыннан festivus – мерекелік), ұлттық мерекелер, ән және сән байқаулары.
Ежелгі Грекияда (б.з.д 6 ғ.) Аполлон құдайына арнап Пифий ойындары ұйымдастырылған – ол музыкалық жарыстар, бұл жарысқа барлық грек Ойкуменасының қатысушылары мен көрермендері келетін. Жеңімпаз үшін сыйға лавр веногын беретін болған.
Қазіргі замандағы мәдени өмірдің атақты оқиғасының біріне Эдинбург фестивалі жатады. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі ең керемет опералық, балеттік және театралдық ұжымдар, сонымен қатар әр түрлі фольклорлық ансамбльдер келеді. Осында мәңгілік көркемөнердің табынушылары да әлемнің барлық бұрыштарынан келеді. Классикалық музыканың әуесқойлары арасында Сантандере (Испания; 50 жылдан астам ұйымдастырулыда) және Люцерн (Швейцария) халықаралық фестивальдары ерекше танымал. Классикалық көркемөнер фестивальдары 55 мыңға дейін адам жинай алады.
Өнер әлемінде ерекше оқиғалардың бірі киноөнер фестивальдары. Олар дәстүрлі түрде Каннада (Франция), Венецияда (1932 ж. ең алғашқы халықаралық кинофестивалі), Берлинде, Токиода, Мәскеуде, Каирде (араб елдеріндегі ірі кинофестиваль) өтіледі.
Бірақ та, шындығында әлемдегі ең танымал фестиваль – карнавалдар. Карнавалдар өз бастауын ежелгі Египет құдайы Осирисқа арнап жасалған рәсімнен алады. «Карнавал» (итальян тілінен carnevale — қош бол ет (прощай мясо)) сөзінің шығу тегі 40 күндік христиандық Пасха постын ұстар алдында ет жеумен, шарап ішумен және көңіл көтерімен сабақтас болып келеді.
Бұл дәстүр көптеген христиан халықтарында (Ресейде – Масленица, Францияда – Майлы сейсенбі) орын алады. Бір апта бұрын Ұлы пост ұстар алдында көптеген Латын Америкасының және Еуропаның ірі қалаларында карнавал басталады.
Қалжындар, күлкі, шаттық барлық көшелер мен уйлерде орын алатын. Итальяндық маскарадты көру үшін шет елдерден көптеген қонақтар келетін.
Эстетиканың жоғарылығы, ал көп жағдайларда карнавалдардың экзотикалығы көптеген туристерді қызықтырады. Олардың көбісі жүйелі түрде, нақты бір уақытта өткізіліп тұрады, яғни осы уақытта көптеген туристік сапарлардың саны артады. Мысал ретінде атақты Бразилиядағы карнавалдарды және Италиядағы маскарадтарды келтіруге болады.
Әлемдегі ең атақты фестивальдік шара – Бразильдік карнавал.
Бұл ұлттық мереке ерекше рух пен уникалды елдің өмір стилін бейнелейді.
Бразилияның халқы тұрғылықты үнді халқының, африкан халқының тұқымдарынан және Азия, Еуропа елдерінің қоныс аударушыларың араласуынан қалыптасты. Әр түрлі мәдениеттер мен діндердің қосылуы жаңа дәстүрлердің пайда болуына негіз болды. Бразильдік карнавал – бүкіл халықтық мереке, ол өзінің масштабы, белсенділігі, қоғамдық өмірдегі маңыздылығы және оны ұйымдастыруға кеткен шығыны бойынша аналогы жоқ. Бразильдік карнавалдың пайда болуы 1641 жылға тиесілі, ол кезде Рио-де-Жанейро қаласының губернаторы Португалия королінің таққа отыруына байланысты толық бір аптаны мереке деп жариялады.
Қазіргі кезде карнавал ақпан айында өткізіледі, ресми түрде 4 күн, ал шындығында – бір апта немесе одан да көп. Барлық қалалардың көшелері мен алаңдары шерулермен, жаркыраган, фантастикалық костюмдардағы билеп журген және көңіл көтеруші адамдармен, олардың ұлтына, жасына, жынысына, әлеуметтік орнына қарамастан барлық жер толы. Карнавалдық шеруге қатысу ол – сол елдің әрбір адамына үлкен мәртебе. Бұл мерекеге ерекше шармды көптеген самба мектептері береді, себебі олардың дене қималдырының ырғақты топтық биі. Олар өздерінің қалаларында карнавал орталығы болады, ал байқаудың жеңімпаздары өздерінің қаласын немесе ауданын Рио-де-Жанейродағы басты мерекеде таныстыруға қол жеткізеді. Бұл жердегі карнавалдық шеру тоқтаусыз 3 күн қатарынан өткізіледі, содан соң қазылар алқасы жеңімпаз самба мектебін жариялайды. Ол мектеп бір жыл бойы елдің символы болады.
Рио-де-Жанейродағы басты карнавал шеруі арнайы самбадромда өткізіледі.
Самбадром – тік, екі жағынан қазылар мен көрермендерге арналған үлкен сыйымды трибуналары бар бір шақырымдық көше. Басты карнавалдық шеруге 1,5 млн қатысушылар мен көрермендер жиналады. Карнавал кезінде Рио-де-Жанейроға келу қиын және қымбат.
Орындарды брондау бір жыл бұрын басталады және бағасы өте жоғары. Осыдан барып жергілікті қазынаның табысы осы карнавалдан, ал 1995 ж. 100 млн долларды құрады.
Мыңдаған туристерді қызықтыратын фестивальді шаралар қатарына: коррида (Испания, Португалия, Франция), гүл фестивальдары (Голландия, Таиланд), Лондондағы Королеваның атты гвардиясының шеруі (Ұлыбритания), шарап (Франция, Швейцария) және сыра (Германия) фестивальдары, сән конкурсы («Мисс мира» 1951 ж. негізі қаланған, жыл сайын Сан-Ситиде (ОАР) өткізіледі) жатады. Сонымен қатар, экзотикалық – буйволдардың жарысы мен пілдердің үстінде жарысы (Таиланд), кесірткелердің жарысы (АҚШ), халықаралық қойларды қырқу «Алтын қайшы» жарысы (Жаңа Зеландия).
