Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РП Интерн. Электив КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
217 Кб
Скачать
☆

2.3 Оқытудың міндеттері:

  1. Білім қалыптастыру:

- бүйректің жедел және созылмалы аурулары бойынша

- БСА мен БЖЗ-ң заманауи жіктелуі мен негізгі себептері бойынша және АМСК этапындағы диагностика әдістерімен таныстыру

- нефропротективті емнің қағидалары және ісінулер, АГ және бүйректің қызметінің төмендеуі кезіндегі алғашқы көмек әдістері бойынша.

  1. Машықтар дамыту:

- анамнез жинау және бүйректік науқасты клиникалық тексеру бойынша

- тексеру алгоритмін құру және клиникалық диагнозды негіздеу

- ШФЖ бойынша бүйректің функционалдық жағдайын бағалау және БЖЗ мен БСА сатыларын анықтау

- ісінулер, АГ және бүйректің қызметінің төмендеуі кезіндегі алғашқы көмек көрсету

- БСА 1-3 сатыларындағы науқастарды амбулаторлы жүргізу.

  1. Коммуникативті дағдыларға үйрету:

- науқаспен, оның туыстарымен максимальді сенімді қарым-қатынас орнатуды.

  1. Науқасқа мына ақпараттарды берудің құқықтық дағдыларын қалыптастыру:

- ақысыз медициналық көмек алу, медициналық мекемені таңдау еркіндігі құқығын

- ауру, оның емі мен болжамы туралы

- бүйрек трансплантациясынан кейінгі ақысыз иммуносупрессивті ем алу құқығы

- жоғары мамандандырылған ем және кеңес алу құқығы.

  1. Өзін-өзі жетілдіруге мотивацияны дамыту: өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасау, зерттеу жұмысы, клиникалық конференцияларда, профессорлық шолулар мен клиникалық талдауларда баяндамалар жасау.

    1. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім қалыптастыру:

  • БСА кезіндегі бүйректің зақымдалуының үдеу механизмдері, гиперфильтрация теориясы. БЖЗ патогенезі.

  • Бүйрек зақымдалуының клиникалық синдромдары және бірінші кезектегі тексерудің әдістері.

  • Нефропротективті және иммуносупрессивті ем, ісінулер мен АГ кезіндегі алғашқы көмек.

Машық қалыптастыру:

  • Науқастың анамнезін жинау, ісіну синдромы мен АГ бағалау

  • Негізгі синдромды есепке ала отырып, науқастың тексеру және емдеу жоспарын құру, клиникалық диагнозды негіздеу

  • Бүйректің функционалдық жағдайын бағалау, БЖЗ немесе БСА сатыларын анықтау..

  • БСА 1-3 сатыларындағы науқастарды амбулаторлы жүргізу.

Коммуникативті дағдылар қалыптастыру:

  • Командада жұмыс істеу

  • Науқаспен, оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату

Құқықтық дағдылар қалыптастыру:

  • Науқасқа ақпарат беру:

- ауру, диагностика мен емнің мүмкіншіліктері туралы

- ақысыз медициналық көмектің көлемі туралы

- жоғары мамандандырылған нефрологиялық көмек алудың жолдары туралы.

Өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру:

  • өз бетінше науқасты жүргізу, сырқатнаманы талдау, аурудың ағымының ерекшеліктерін анықтау

  • өз бетінше әдебиетпен аналитикалық жұмыс

  • шолулар мен конференцияларда науқастарды баяндау

  • көрсетілімдер

  • сұлба, алгоритмдер, кестелер құру.

    1. Пререквизиттер: бакалавриаттағы нефрология, ішкі аурулар пропедевтикасы

    1. Постреквизиттер: терапия бойынша интернатураның 2-ші жылы.

    1. Тақырыптық жоспар

2.7.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

№

Тақырыбы

Сабақты өткізу формасы

Сағат

1

Семинар: «Нефрологиялық симптомдар мен синдромдар» Ісінулер және АГ. Этиопатогенезі. Нефритикалық және нефротикалық синдромдар. Алғашқы көмек. Жүргізу тактикасы.

Сызбалар, алгоритмдер, «милық шабуыл»

3

2

Гломерулярлық аурулары бар науқастарды клиникалық талдау. АМСК қателіктерін талдау.

Клиникалық аралауда науқастың көрсетілімі. Пікір-талас.

3

3

Семинар: зәр синдромы. Гематурия, протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия. Зерттеу әдістері. Гломерулярлық және тубуло-интерстициалдық аурулардың ажырату диагностикасы.

Алгоритм, «милық шабуыл»

3

4

Емханада зәр синдромымен науқастың клиникалық талдауы. Зәр жүйесінің инфекциясы.

Диагностика алгоритмдері, «милық шабуыл»

3

5

Сырқатнаманы сараптап бағалау (параклиникалық зерттеулердің талдамасы, клиникалық диагнозды негіздеу).

Жұппен жұмыс. Пікір-талас, тестілеу

3

6

Семинар: БЖЗ. RIFLE жіктелуі. KDIGO-2012 ұсыныстары.

Көрсетілімдер. БЖЗ кезіндегі алғашқы көмек алгоритмдері.

3

7

Реанимация бөлімшесінде БЖЗ-мен науқастың клиникалық талдауы. Оқу сырқатнамасы.

Пікір-талас, «милық шабуыл»

3

8

Семинар: БСА. К/ДОКИ жіктелуі. Скрининг және басқа зерттеулер нәтижесі. Түрлі әдістер бойынша ШФЖ есептеу.

Пікір-талас, «милық шабуыл»

3

9

БСА-ң 1-3 және 4-5 сатылары бар науқастарды клиникалық талдау:

1-3 – амбулатория жағдайында;

4-5 – стационарларда.

БСА себептерін, АМСК сатысындағы қателіктерді талдау.

ҚД, АГ, ЗТА (МКБ), жегілік және т.б. ГН-мен науқастардың сырқатнамаларын талдау. Пікір-талас.

3

10

БСА, БЖЗ-мен сырқатнамаларды сараптап бағалау.

Жұппен жұмыс. Пікір-талас, тестілеу.

2

Қорытынды бақылау.

Тестілеу. Мини-клиникалық жағдай. Тәж.машықтарды қабылдау.

1

Барлығы

30 сағат