- •1 Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері.
- •6 Дәріс. ХүіІғ. Орт-хіх ғ. Басындағы Үндістан.
- •1. Моғол державасының құлауы. Үндістанда жаңа мемлекеттің құрылуы.
- •2. Маратх мемлекетінің құрылуы.
- •2.Ұлттық сана-сезімнің өсуі.
- •7 Дәріс. Хүііі-хх ғғ. Басындағы Осман империясы құрамындағы араб елдері.
- •1. Осман империясы құрамындағы араб елдері және түрік езгісіне қарсы күрес.
- •2. Аравиядағы Ваххабиттер қозғалысы.
- •2. Мұхаммед Али бастаған басқыншылпарға қарсы көтеріліс.
- •1. Хүііі ғ. Мағриб араб елдерін француз және түрік іскерлерінің басып алуы.
- •8 Дәріс. 1914-2013 жж. Жапония.
- •12 Дәріс. 1914-2013 жж. Үндістан.
- •14 Дәріс. 1914-2013 жж. Азиядағы араб елдері.
- •15 Дәріс. Оңтүстік Шығыс Азия елдері (оша).
8 Дәріс. 1914-2013 жж. Жапония.
І д. с. нәтижесі. Демократиялық қозғалыс.
Партиялық кабинеттер және партиялар ішіндегі күрестер.
дағдарыс жылдарындағы экономика. Жапониядағы фашизмнің п.б.
ІІ д,с. қарсаңындағы және соғыс кезіндегі Жапония.
1. 1914 жылы тамызда І дүниежүзілік соғысқа Жапонияның Антанта жағында кірісуі оларға Қиыр Шығыстағы неміс иеліктерін басып алуға және Европадағы соғыспен айналысып жатқан басқа да капиталистік елдерді Оңтүстік Шығыс Азия рыногынан экономикалық жағынан ығыстыруға мүмкіндік туғызды.
Жапонияның негізгі күші Қытайды басып алуға бағытталды. 1915 жылы жапондықтар Шандун провинциясын басып алып, Қытайға егемендігін бұзатын «21 талап» деп аталатын бірқатар талаптар қойды.
1919 жылы Версаль бейбіт конференциясында Жапония Шандуннан басқа осы уақытқа дейін Германия иелігінде болған Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын алуға қол жеткізді. Бір жағынан, бұл аралдар Жапонияға Кеңес Одағына қарсы интервенцияға белсенді қатысқаны үшін де берілді.
Бірақ 1921-1922 жылдары АҚШ-тың ұйымдастыруымен Вашингтон конференциясы өтіп, Жапонияның күшейіп кетуінен қауіптенді. Бұл конференцияға екі елден басқа Ұлыбритания, Франция, Италия, Голландия, Бельгия, Португалия және Қытай қатысты.
Конференцияда Жапония есебінен АҚШ және Еуропа елдері өздерінің позициясын күшейтіп, Қытай туралы бірқатар келіссөздерге қол қойды. АҚШ Ұлыбританияны Жапониямен одақ болудан бас тартқызып, Шандун провинциясын Қытайға қайтарып беруге қол жеткізді. Сондай-ақ Жапония өзінің теңіздегі қарулы күштерін АҚШ және Ұлыбританиямен салыстырғанда 3:5 қатынасқа дейін қысқартуға мәжбүр болды.
Соғыстан кейінгі Жапонияның Қытай және басқа да Қиыр Шығыс елдері рыногында позициясының күшеюі өнеркәсіп пен сауданың өсуіне және монополистік компания-дзайбацуға үлкен кірістің кіруін қамтамасыз етті. Сонымен бірге соғысқа дейінгі және кейінгі жапон экономикасының керісінше жағы да болды. Жұмысшы табы қаналып, шаруалардың тоналуы өз кезегінде таптық күресті шиеленістіре түсті. Елде күріш бағасының өсуі 1918 жылы тамыздағы «күріш бүлігіне» әкелді. Қысқа уақытта «күріш бүлігі» Жапония территориясының үштен бір бөлігін қамтып, шамамен 10 млн. адамды құрайтын жұмысшылар мен қала кедейлері көтерілісіне ұлғасты.
1920-1921 жж. соғыстан кейінгі экономикалық дағдарыс елдің экономикасына нұқсан келтіріп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Көтерілісшілерге қарсы жүргізілген репрессия жұмысшылардың кәсіподақ құруына ғана емес, сонымен бірге олардың бірігуіне әкелді. 1920 жылы Кәсіодақтың біріккен лигасы құрылып, социалистік қозғалыспен байланысы орнатылды. 1920 жылдың аяғында идеологиялық әртүрлі топтар мен ұйымдардың (социалистер, анархистер, коммунистер) бірігуінен Социалистік лига құрылды. Ал 1922 жылы шілдеде Токиода Катаяма және Токуда басқарған социалистік топ өкілдері Жапон Коммунистік партиясының (ЖКП) құрылғандығы туралы жариялады.
2. Вашингтон конференциясының Жапония үшін негативті нәтижелері әскери топтар мен саяси партиялардың жақындасуына итермеледі. Өздерінің қаруларын шектеуге міндет алған Жапония тікелей соғыс бюджетін өсіре алмады, сондықтан да модернизация жолымен әскери күшті ұлғайту үшін партиялардың қолдауын қажет етті. Осыдан бастап, батыс елдердегідей Жапонияда партиялық кабинеттердің басқару тәжірибесі біртіндеп орнай бастады.
Конституцияны қорғау күресі барысында Сэйюкай (саяси достар қоғамы), Кэнсэйто (Конституциялық партия) және Какусии курабу (өзгерістер клубы) партиялары Киехара басқарған кезекті бюрократиялық үкіметті құлату мақсатында бірікті. 1924 жылы сайлауда коалиция парламенттің төменгі палатасына қол жеткізіп, коалициялық үкіметті Кито Такааки басқарды. Осы уақыттан бастап 1932 жылға дейін елде тек партиялық кабинет билік жүргізді.
1927 жылы Қытайда Чан Кайши әскері шетел өкіліне қарсы қастандық жасалғаны туралы оқиға тіркелді. Танака Жапон өкілдеріне қауіп төнетін жерлерге өз әскерлерін жіберу туралы сыртқы саясатында жаңа принциптер қабылдады. Сондай-ақ ол қытай революциясының кең таралуынан қауіптеніп, Қытайдан Манчжүрия мен Монғолияны бөлуді ұсынды. Сонымен бірге осы жылы Қытай, Үндістан, Оңтүстік Шығыс Азия елдерін, Ресейді, тіпті Еуропаны басып алу жобасы жоспарланған Танака меморандумы деп аталатын құжат жарияланды.
1927 жылы экономиканың дамуы бәсеңдеп, құлдырай бастады. Өзі де нашар еңбекшілердің жағдайы күрт төмендеді. Жұмысшылар жаппай жұмыстан шыға бастады. Бұқара халық Танака үкіметінен халық жағдайын түзетуді күтті. 1928 жылы ақпан айынан бастап елде репресиия кезеңі басталды.
3. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Жапонияны да жайлады. Дағдарыс алдымен елдің өмірінде басты рөлге ие ауыл шаруашылығына зиянын тигізді. Шаруа шаруашылығының жартысынан астамы айналысатын жібек өндірісі төмендеді. Дағдарыс салдарынан жапон жібегін АҚШ-қа тасымалдау күрт қысқарып, бағасы төмендеді (1930 жылға дейін шамамен жапон экспортының 30%-н құрады). Тас көмірді өндіру және кеме жасау көлемі де күрт қысқарды. Жұмыссыздардың саны 3 млн. дейін өсті.
Дағдарыс жылдарында бұқара халық жағдайының нашарлап кетуі елдегі демократиялық қозғалыстың өсуіне әкелді. Тоқымашылар, трамвай жүргізушілерінің ереуілдері кеңінен етек жайды. Ауылдарда жалға алушылар мен ұсақ жеке меншіктер өздерінің құұықтары үшін күрес жүргізді.
ЖКП мен басқа демократиялық бірлестіктер елдің ірі қалаларында агрессияға қарсы ереуілдер ұйымдастырды. Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігін басып алуға даярланған үкімет коммунистер мен демократтарға қарсы репрессияны күшейтті. 1931 жылы қыркүйекте түрмелерге мыңдаған революционерлер жабылса, 1929-1933 жылдар аралығында 50 мың адам тұтқындалды. Токуда сынды көптеген компартия қайраткерлері өмірінің соңына дейін түрмеге жабылды.
Экономикалық дағдарыс салдарының бірі ретіндегі ішкі әлеуметтік-саяси жағдайдың шиеленісуі билеуші топтар арасындағы қайшылықтың шиелеісуіне әкелді. Ірі концерндермен бәсекелестікке шыдай алмаған ұсақ және орта буржуазия өкілдері қанағаттанбады. Осы топ өкілдері «Мицуи», «Мицубиси», «Ясуда», «Сумитома» сынды ескі концерндер және олармен байланысы бар Минсэйто мен Сейюкай партия өкілдерінен құралған үкіметтің саясатына қарсылық білдірді. Ал І дүниежүзілік соғыс жылдарында өнеркәсіптің әскери салаларында (түрлі түсті металлургия, ұшақтар жасау) пайда болған жаңа концерн иелері ескі қаржы олигархтарымен қызу бәсекелес күрес жүргізді. Бірақ олардың қаражат кірісі өте төмен болғандықтан дзайбацуларға тәуелді болды. Сонымен қатар саяси партиялар әсерінің бәсеңдеуі байқалды.
Осы кезеңде саяси сахнаға жас офицерлер құрамы шықты. Олар экспансионаттық әрекеттерді қолдап, Қытайдағы сыртқы саясаттың белсенділігін қолдады. Жас офицерлер мен жаңа концерндер жапон фашизмнің түрін құрады. Жаңа концерндер өкілдерімен (Кухара, Накадзима) бірігіп, жас офицерлер Жапонияны партия басшыларынан тазартуды көздеді. Премьер-министр Ханагути, президент Сэйюкай және кабинет басшысы Инауи алғашқы құрбандарының бірі болды. Әскердегі өздерінің ықпалын күшейткен жас офицерлер император билігін күшейтуді, парламент пен партияны жоюды, партиялық үкіметтің кетуін және Манчжүрияны басып алуды талап етті.
1931 жылы Қытайда жасақталған Квантун әскерінің құрамына кірген жас офицер өкілдері генерал-лейтенат Исихар мен полковник Итагаки Манчжүрияда поездың жарылысын ұйымдастыруға әрекеттенді. Бұл қастандықтары сәтсіз болғанымен Квантун әсері екінші Ванацуки кабинетіне бағынбай, Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігін басып ала бастады. Қысқа мерзімде басып алынған Манчжүрияда Жапонияның отарына айналған, император Пу И басқарған жаңа Манчжоу-го мемлекеті құрылды. Сонымен қатар Пекинді қоса солтүстік-шығысты Қытайдан автономия ретінде бөлуді көздеген жапондықтар Ішкі Монғолияны да басып алды.
Манчжоу-гоның құрылуы Жапонияның Батыс елдерімен қатынасын қиындатты. 1933 жылы Қытайда соғыс күшін падаланғаны үшін айып тағылып, Жапония Ұлттар Лигасы құрамынан шығарылды.
4. 1935-1936 жылдары соғыс өнеркәсібін дамыту туралы бесжылдық және қаруларды өндіру туралы алтыжылдық жоспар даярланып, кейіннен жаңа экономикалық және жаңа саяси құрылымдар деп аталаған біріккен реформа жиынтығын құрады. Бұл бағдарламаны 1937 жылы билікке келген Коноэ үкіметі іске асыра бастады. Бұл үкімет әскери-фашистік диктатура мен Шығыс Азияда жаңа тәртіпті орнату бағытын сәтті жүргізді.
Барлық саяси партиялар таратылып, коммунистер мен демократиялық қозғалыс белсенділері түрмеге жабылды. Бұл бағыт ІІ дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгенге дейін барлық мемлекеттік және экономикалық саясатта монополияға бақылау орнатты.
Коноэ кабинеті әртүрлі топтарды біріктіре отырып, Қытаймен күресті жалғастыру шешімін қабылдап, КСРО-ны басып алуға даярланды. 1937 жылы шілдеде Пекинде соғыс қимылдарын бастау үшін қолданылған кезекті инциденттер ойластырылды. Бірақ соғыс ұзаққа созылды. Қалаларды басып алу ешқандай жеңіске жеткізген жоқ, Гоминдан әскері мен коммунистер жеңіліске ұшырағанымен қарсылықтарын тоқтатқан жоқ. Басып алынған жерлерде партизан қозғалыстары кеңінен жүргізілді.
АҚШ, Ұлыбритания және басқа да державалар өздерінің араласпау саясатын ұстана отырып, бұл соңында Жапонияның КСРО-мен соғысына әкелетінін білді. 1938 жылы жазда жапон әскерлері кеңестік территория- Хасан көлі ауданын (Владивостоктың маңайы) басып алуға әрекеттенді. 1939 жылы көктем мен жазда жапон әскерлері 1936 жылдан бастап КСРО-мен өзара көмек туралы келісімі бар МХР-на басып кіріп, қайтадан шиеленісті ушықтырды. Кеңсес және монғол әскерлері Халкин-Гол өзені маңындағы шайқаста жапон әскерлеріне күйрете соққы берді.
1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония Германия және Италиямен бірігіп, КСРО, АҚШ және Ұлыбританияға қарсы бағытталған әскери одақ (Үштік пакт) құрды. Ізінше 1941 жылы сәуірде Жапония КСРО-мен бейтараптық туралы келіссөзге қол қойғанымен, кеңестік Қиыр Шығысқа басып кіруге даярлығын жалғастырды.
1941 жылы қазанда кабинетті әскери және ірі монополия өкілі генерал Тодзе басқарды. Жапон-американ қатынасын реттестіру туралы келіссөздер жүргізілгеніне қарамастан, 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапон флоты еш жарияламастан АҚШ-тың Перл-Харбордағы (Гавай аралы) әскери теңіз күшін атқылады.
Соғыстың бастапқы кезеңінде сәттілік жапондықтар жағында болып, Жаңа Гвинея, Филиппин, Тынық мұхитттың көптеген аралдарын басып алды. 1942 жылға қарай Жапония шамамен 3,8 млн. шақырым жерді (бұрын басып алынған Қытай және Корей жерлерін қоспағанда) басып алды.
Бірақ жапон әскери теңіз күші 1942 жылы мамырда Коралл теңізіндегі, 1942 жылы маусымда Мидуэй аралында, 1943 жылы қыркүйек-1944 жылы наурызда Соломон аралында американ флотынан ойсыратыла жеңілді. 1945 жылы 6 және 9 тамызда жапондық Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбалары түсірілді.
КСРО соғысқа кіріскеннен кейін жағдай өзгерді. 1945 жылы наурызда Кеңес Одағы Жапониямен жауласпау туралы келісімді жойып, Қырым кездесуі кезінде қабылданған одақтастар алдындағы өзінің міндетін іске асыра отырып, 1945 жылы 9 тамызда Квантун әскеріне қарсы соғыс қимылдарын бастады. 14 тамыз 1945 жылы император Жапонияның сөзсіз тізе бүгуі туралы жариялауға мәжбүр болды. 1945 жылы 2 қыркүйекте «Миссури» американ линкорын бортында тізе бүгу актісіне қол қойылды.
9 дәріс. 1914-2013 жж. Қытай.
1. І д.с.ж. Қытай
2. І д.с оғыстан аяқталғаннан кейінгі Қытай
3. Азаматтық соғыс және антижапондық майданның құрылуы
1. І д.с. басталысымен елдің президенті Юань Шикай Қытайдың бейтараптылығы туралы жариялады. Қытай үкіметі соғысушы державалардан қытай жерінде соғыс өртін жүргізбеуді сұрады. Бірақта 1914 жылы 22 тамызда Жапония өзінің 30-мыңдық экспедициялық корпусын Циндао портына жақын жерге түсірді. Екі ай шамасында Шандун түбегіне толықтай Жапон бақылауы орнатылды.
1915 жылы 18 қаңтарда Жапония Юань Шикайға өзінің «21 талап» деп аталатын ультиматумын қойды. Бұл талапты толық орындаған жағдайда Қытайға толықтай Жапон мемлекетіне тәуелді болу қаупі төніп тұрды. Юань Шикай өте ауыр жағдайға тап болды. Өйткені Қытай әлсіз болғандықтан Жапонияға қаулы жолмен қарсы тұра алмайтын еді. 1915 жылы 9 мамырда ағылшын және американ төтенше өкілдерінің кеңесімен «21 талаптың» жинақталған түрін қабылдауға келісті. Бұл күн Қытайда ұлттық масқара күні деп жарияланды.
1916 жылы 6 маусымда Юань Шикай жүрек ауруынан кенеттен қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін орталық үкімет әлсіреп, біртіндеп генерал-милитаристердің қолына өте бастады. Біресе таратылып, біресе қайта шақырылған парламенттің рөлі төмендеді.
2. І д. соғыс қытай қоғамының ішіндегі қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Маңызды салаларда шет ел капиталы өзінің позициясын нығайта түсті. Көптеген темір жол мен банктер шетелдіктердің меншігінде болды. Сыртқы сауда, байланыс құралдары мен кедендік салықтар да шетелдіктердің бақылауына өтті.
І д. соғыс аяқталуы Қытайдағы революцияның жаңа өрісінің бастамасы болды. 1921 жылы жас қытай жұмысшы табы топтастырылған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) құрылды. 1922-1923 жж. жұмысшы және шаруалар қозғалысы өрістеп, кәсіподақ қозғалысы бой көтерді. 1924 жылы өткен Гоминданның І конгрессінде коммунистер қатысып, Гоминдан мен ҚКП-ның біріккен майданы құрылды. 1924 жылы 31 мамырда КСРО мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.
1925 жылы 1 шілдеде Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттық үкіметі деп жариялап, елді біріктіру үшін күресе бастады. 1926 жылы шілдеде Гоминдан әскерлері өздерінің атақты Солтүстік жорықтарына кірісті. Нәтижесінде Гоминдан мен ҚКП бақылауындағы территорияларға Нанкин, Ухан және басқа да қалалар мен провинциялар кірді. 1927 жылы көктемде басқолбасшы Чан Кайши Шанхайда өзінің ұлттық үкіметін құрды. Бұл Гоминдан мен ҚКП біріккен партиясының арасына іріткушілік тудырды.
3. Елдегі жағдай 30-шы жж. ортасына қарай күшейіп, әлсіз мемлекет алдында жапон агрессиясы қаупі төнді. 1937-1938 жж. жапондықтар Пекин, Тяньцзинь, Шанхай сынды Қытайдағы маңызды провинциялар мен ірі қалаларды басып алды. Чунцинде орныққан Чан Кайши жапондықтарға қарсы шығып, ҚКП Қарулы күштерін антижапондық күреске шақырды. Бірақ күрестің бірігуіне саяси қайшылықтар кедергі келтірді. 1927 жылдың аяғында ұйымдастырылған бірнеше көтерілістер сәтсіздікке ұшырады. 1928-1930 жылдары елдің бірқатар аудандары коммунистердің бақылауына өтіп, Кеңестер құрылды. 1931 жылы Жуйцзинде Қытай Кеңестік Республикасын құрған Кеңестер съезді құрылды. Орталық және Оңтүстік Қытай провинцияларында коммунистер мен Гоминдан арасында азаматтық соғыс басталды. Бірақта жапон интервенциясы, қытай қоғамындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында туындаған патриоттар жауласқан жақтарды татуластыруға тырысты. 1937 жылы 8 шілдеде ҚКП Орталық Комитеті бұқара халықты жалпы ұлттық соғысқа және ұлттық патриоттық біріккен майдан құруға шақырды. 1937 жылы қыркүйекте қытай басылымдарында ҚКП Орталық Комитеті мен Гоминдан үкіметінің екі партияның ынтымақтасуы туралы ұсынысы жарияланды. Антижапондық біріккен ұлттық майданы 1924-1927 жж. біріккен майданынан ерекше болды. Гоминдан Сунь Ятсен кезіндегідей бұқара халықтың мүддесін қорғаған жоқ, керісінше әртүрлі жекеменшік-помещиктер, банкирлер, фабрика иелері мен көпестердің мүддесін жақтады. Қаншалықты біріккен майдан құрылғанымен олар империалистік державалар мен қытай милитаристеріне қарсы шықпай, тек Жапонияға қарсы шықты. Бірақта екі бәсекелес күштер біріккен майданға қарамастан, өз беттерінше жеке күресуді жөн көрді.
1945 жылы тамызда КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашып, Квантун әскерін талқандай отырып, Манчжүрияны басып алды. ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғанымен Қытай жерінде бейбітшілік орнаған жоқ. Азаматтық соғыстың жаңа кезеңі басталды.
10 дәріс. 1914-2013 жж. Түркия
1. І дүниежүзілік соғыстың Түркия үшін салдары
2. Елде басқыншыларға қарсы наразылық және Кемаль революциясы
3. 1923-1934 жж. елдегі экономикалық саясат принциптері
4. ІІ д.с. қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы Түркия.
1914 жылы билік толықтай Энвер, Талаат, Джемальдан құрылған триумвират қолында болды. І д.ж.с. жас түрік лидерлері кайзерлік Германия жағында соғысуға шешім қабылдады. Бұл соғыс Осман империясының құлауына әкелді. 30 қазан 1918 жылы Түркия Антанта державалары алдында тізе бүгіп, жас түріктер билігі аяқталды. Оның басшылары шетелге қашып, партия таратылды(1889 ж. Стамбулда жас түріктер ұйымы иттихад ве тераки: Бірігу және даму партиясын құрды). Сұлтан империясының сыртқы иеліктерін (Балқан, араб жерлері) одақтастар аннекциялады. Сұлтан қарамағына тек қазіргі Түркия территорияларын құрайтын жерлер қалдырылды. Жеңісшілердің қол қойған құжаты елді бөлуге мүмкіншілік туғызып, іске асырыла бастады. Ағылшындар Мосул мен Александретті (Искандерун), итальяндықтар Антальямен көрші округтарды басып алды.1919 жылы мамырда Греция Измирмен, оған жанасып жатқан жерлерді басып алды.
Елде басқыншыларға қарсы наразылық туды. 1918-1923 жылдары Анатолидегі түрік халқының азаттық күресін генерал Мұстафа Кемал (Ататүрік 1880-1938жж.) басқарды. Елде жергілікті тұрғындардың құқығын қорғау қоғамы құрыла бастады. 1919 жылы шілдеде Эрзерумде, ал қыркүйекте Сиваста өткен конгрессте генерал Кемал паша басқарған Өкілетті комитет сайланып, уақытша үкімет қызметін атқара бастады. Конгресс құжаты елді тәуелсіздік үшін күреске, ал сұлтанды жаңа кабинет құруға шақырды. Қазан айында жаңа кабинет құрылып, 1920 жылы қаңтарда қайта сайланған парламент «Ұлттық ант», яғни Түркия тәуелсіздік декларациясын қабылдады. Бұл декларацияға жауап ретінде Антанта державалары 1920 жылы наурызда Стамбулды басып алып, парламентті таратты.Сұлтан бағынуға мәжбүр болып, оның жаңа үкіметі ресми түрде Өкілетті комитет пен Кемаль пашаға қарсы шықты.
Елде наразылық туды. 1920 жылы 22 сәуірде Анкарада жаңа меджлис-«Түркияның ұлы ұлттық жиналысы» (ТҰҰЖ) сайланып, оның құрамына алдында таратылған парламенттің 105 мүшесі кірді. ТҰҰЖ –елдегі жалғыз заңды билік болып, төрағасы ретінде М.Кемал сайланды.1920 жылы маусымда РСФСР кеңестік халық комитеті ТҰҰЖ үкіметін мойындап, Мәскеу мен Анкара арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1920 жылы тамызда Антанта лидерлері сұлтанға Түркияны бөлуді ресми бекітуге шақырған Севр бейбіт келісіміне қол қоюға мәжбүрледі. Шарт бойынша Түркия Англия,Франция, Италия және Греция арасында бөлінді. Елдің солтүстік шығысы Арменияға кетіп, оңтүстік шығысында Англия протекторатындағы күрд мемлекетін құру жоспарланды. Түркия дербес мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
1921 жылы 16 наурызда Мәскеуде РСФСР мен Түркия арасында достық пен бауырластық туралы келісімге қол қойылды. Бұған Антанта державаларының жауабы ретінде грек әскерлері 1921 жылы наурызда басқыншылық жорықтарын бастады. 1921 жылы Иненю түбіндегі шайқаста сәтті қимылдар жасап, 1922 жылы түрік әскері қарсыластарына соққы беріп, Анатоли территориясын тастауға мәжбүр етті.
Соғыстағы жеңіс елде Ататүрікпен оның жақындастарының позициясын күшейтті. 1922 жылы 1 қарашада меджлис сұлтанатты жою туралы заң қабылдады. 1923 жылы сәуірде бұрынғы құқықты қорғау қоғамының орнына жаңа саяси ұйым-халық партиясы құрылды. Кейін бұл партия халықтық республикалық партиясы деп өзгертілді. 1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып жарияланды. Сұлтан әулетінің өкілі Абдул
Меджид ІІ ресми түрде «барлық мұсылмандар халифы» болып жарияланды, бірақ 3 наурыз 1924 жылы халифат жойылды. Осымен елде ескі саяси жүйе құлап, кемалистік революция деп аталатын ұлттық мемлекетті құру процесі аяқталды.
Соғыстағы жеңіс және кемалдық революцияның жетістіктері Антанта державаларының барлық картасын шатыстырды. 1922-1923 жж. (қараша-шілде) өткен Лозанн конференциясында Кемалдың ең жақын серіктесі Исмет Иненю бастаған түрік өкілдері тәуелсіз мемлекет ретінде Түркияны қазіргі шекара бойынша халықаралық дәрежеде мойындауға қол жеткізді.
Осы жылдарда Түркия экономикалық жағынан өте әлсіз болып, аграрлық және жартылай отарлық сипатқа ие болды. Халықтық республикалық партиясы 10 жылдай (1923-1934жж.) әртүрлі шаралар жүргізіп, үкімет шетелдіктерден оларға тиесілі өнеркәсіп өндірістері мен темір жолдарын сатып алып, «Режи» шетел табак монополиясын ұлттандырып, Орталық банк құрды.
Экономикалық саясаттың басты маңызы бұл-халықтық республикалық партиясының алты негізгі принциптерінің бірі -этатизм саясаты. Бұл принципте барлық мемлекеттік қаражаттың өнеркәсіпке,темір жол транспортына, ал кейін шаруашылықтың қалған салаларына құю қарастырылды. Сонымен қатар жеке меншік кеңейтілді. Этатизм бұл мемлекеттің капитализм формасы, ол шетел капиталының шектелуіне әрекет етіп, түрік ұлттық буржуазиясы позициясының күшеюіне әкелді. Бірақ үкіметтің протекционистік (өэ өндірісінің пайдасы үшін шет елден келген тауарларға қымбат салық салу) саясатына қарамастан жеке капитал өнеркәсіп құрылысына құйылмады. Шетел инвестицияларын тарту шаралары да нәтижесіз болды. Ауыл шаруашылығы көтерілмей, капитализмге дейінгі тәртіптер мен помещиктік жер иеленушілік жүйе сақталынды.
Сойдай-ақ әлемдік дағдарыс Түркия экономикасына өте ауыр соқты. Елде кемалистер қоғамдық өмірді түбінен реформалауға кірісті. 1923 жылы қазанда астана Стамбулдан Анкараға көшірілді. Жоғарыда айтылғындай 1924 жылы халифат таратылып, Түркияда алты ғасыр бойы билеген осман әулетінің барлық мүшелері елден шығарылды. Дін және вакуф ісі бойынша министрлік таратылып, дін басылары байлықтарынан айырылды. Медреселер жабылып, барлық оқу мекемелері ағартушылық министрлігінің бақылауына өтті. Вилайеттерге (губернияларға) жаңа әкімшілік бөліктер енгізіліп, орталыққа бағынды.1924 жылы қабылданған конституция барлық азаматтарды түріктер деп жариялнып, Түркиядағы аз ұлттың өмір сүруі мойындалмады.
1925 жылдан бастап елде бірпартиялық тәртіп орнады. 1925-1928 жылдары еуропалық үлгідегі жаңа қылмыстық және азаматтық кодекстер қабылданды. Азаматтық кодекс бойынша көп әйел алуға тыйым салынып, әйелдер еркектермен неке құру, ажырасу мәселесінде тең құқыққа ие болды. Еуропа киім үлгісі және күн тізбегі енгізіліп, бұрынғы араб әліпбиі жаңа латын әліпбиіне ауыстырылды. Бей, паша, эфенди ұғымдары жойылып, фамилия енгізілді. Парламенттің арнайы шешімімен 1934 жылы Кемалға Ататүрік фамилиясы берілді.
Этатизм саясатын жүргізу, буржуазиялық реформалар барысында кемализм идеологиясы (ататюркизм) қаланды. Бұл түрік буржуазиялық ұлтшылдығының бір ағымы болып табылды. 1927, 1931 жылдары қабылданған осы доктрина Халықтық республикалық партиясының бағдарламасынан көрініс тапты. Кемализмнің негізгі принциптері болып «республиканизм», «национализм», «этатизм», «лаицизм» (исламды мемлекеттік істен және халықтық ағартушылықтан бөлу), «түрік халқының бірлігі»(Түркиядағы тап және тап күресін мойындамау), «революцияшылдық» (кемалистік идеялар мен реформаларға берілгендік) болып жарияланды.
30-шы жж. ортасында кемалистік қайта-құрулар өз нәтижесін бере бастады. Елдің саяси және экономикалық жағдайы нығайып, көрші елдер арасында елдің беделі өсті. Бұл түрік дипломатиясына анкара үкіметінің әлемдік сахнадағы беделін өсіретін бірнеше сыртқы саяси акцияларын орындауға мүмкіндік берді. Соның бірі-Қара теңіз бұғазындағы тәртіпті қайта қарастыруға арналған Монтрё (Швейцария) халықаралық конференциясы. Конференцияға қатысушылар даярлаған конвенция түрік үкіметінің бұғаздағы қауіпсіздік шаралары туралы негізгі ұсынысын еске алып, Анкараға оны ремилитаризациялауға (қайта қаруландыру немесе қарусыздандырылған территорияларды қаруландыру) құқық берді.
1938 жылы Ататүрік өлгеннен кейін елдегі бірпартиялық жүйе әлсіреді. 1938 жылы қарашада Түркия президенті И.Иненю болды. Бірақ ІІ д.с. қарсаңында халықаралық жағдай шиеленісе бастағанын ескеріп, оның мұрагерлері бұл жүйені сақтауға бел буды. Соғыс басталғанда Түркия өзінің бейтараптылығын жариялады. Соғыс жылдарында Анкара өзінің шекарасының дербестігін сақтауға ұмтылып, біресе «үштік ось» державаларымен, біресе антигитлерлік коалиция одақтастарымен ойын жүргізді. Гитлерлік Германияның жеңілетіне көз жеткізген түрік үкіметі 1945 жылы ақпанда Германия мен Жапонияға қарсы соғыс ашуға бел буды. Бұл акт Түркияның БҰҰ-н құрушы елдердің арасында болуына мүмкіндік берді. Бірақ оның беделі халықаралық аренада төмендеп, Кеңес Одағымен қатынасы нашарлады. Елдің билеуші тобына өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзгерту керек болды.
Соғыстан кейінгі бірінші онжылдықта елдің дамуының концепциялары қарастырылды. ХРП-да (Халықтық-республикалық партиясы) жіктік пайда болады. 1946 жылдың басында басқа жаңа буржуазиялық-помещиктік партия – Демократиялық партия (ДП) құрылады. Бірақ, бұл партия өзінің бағдарламалық нұсқаулары жағынан ХРП-нан көп айырмашылығы болған жоқ. Елді билеген уақытта түрік халқы жоқшылық көріп, оның құрбаны болды. Соғыстан кейін ереуілдер, аграрлы ретсіздік, студенттердің толқындары елде жайлап кетті.
Түрік буржуазиясы соғыстан кейін кемалистік саясат этатизммен күрес жүргізе бастайды. Осыған байланысты ХРП басшылығы республика президенті И.Иненюмен (1938-1950) кемалистік бағдарламаларының кейбір бөлімдеріне өзгерістер енгізеді. Үкімет авторитарлық тәртіптің жұмсарылуына, биліктегі демократиялық негіздердің кеңейуіне көптеген шаралар қабылдайды. Бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшу жөнінде заңды жобалар қабылданды. Көп ұзамай елде әртүрлі бағдардағы 30 шақты партия құрылады. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Демократиялық партия болды. Түрік қоғамының дамуындағы өзгерістер Турция мен АҚШ-тың жақындасуына алып келді. Американдықтардан көмек сұрағаннан кейін, ел «Трумэн доктринасы», «Маршалл жоспары» әрекет сфераларына кірді. Бұл елге ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар алуға мүмкіндік туғызды.
1950 ж болған парламент сайлауында ДП жеңіске жетеді. Оның лидері Д.Баяр елдің жаңа президенті болады. Он жыл бойы бұл партия билік етуші партия болып қала берді. Бұл жылдар аралығында Түркия АҚШ-пен және басқа да батыс елдерімен қатынастарын бекітіп алады. 1952 жылы оны НАТО-ға қабылдайды. 1948-1957 ж аралығында Түркия АҚШ-тан 800 млн. долл. көлемінде көмек алады. Осы ақшаның көп бөлігі әскери құрылысқа жұмсалып, кішкене бөлігі ғана экономиканың дамуына жұмсалып отырды. Осы кезде ел үлкен армияны құрады. Бюджеттің 60% әскери шығындарды өтеп отырды.
1950-60 ж ДП билеген кездегі елдің ішкісаяси жағдайының ушықтырылуы.
Министрлер кабинеті экономикалық жағдайда «мадақтау» саясатын жүргізе бастайды. Өнеркәсіпте жеке капиталистік сектордың салмағы өсті, ол мемлекеттіктен де асып кетеді. Шетел капиталдарын өзіне қарату саясаты жүзеге асырылды. Бірақ, елдің экономикалық жағы онша дамыған жоқ. 1951-54 жж көп жеңілдіктер алып, шетел монополиялары өздерінен әлсіз түрік ұлттық капиталды ушықтырады. 1955 жылы үкімет сыртқы қарыздарын жабуға ақщалары болмай, өзінің барлық алтын қорларын салады. 1956 ж Турция астық импорттауға мәжбүр болады.
1950 ж елде беәбітшілікті жақтаушы қоғамы құрылады. Бұл қоғам түрік әскерлерінің (5 мың әскер)Кореядағы АҚШ жағында болуына қарсы болады. Үкімет Қоғам басшылығын қатігездікпен басып тастайды. Сонымен қатар жұмысшылардың, шаруалардың, интелегенциялардың көтерілісіде қатігездікпен басып тасталынады.
1953 ж. қазанда «процесс 167-ми» болды. Онда әртүрлі ұлт өкілдерінен: түрік, күрдтер, гректер, армяндар құраған қайраткерлер коммунистік насихат жасалды деп ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айырылды.
1958ж болатын парламент сайлауы алдында ДП исламды сайлаушылардың идеологиялық мобилизациясы үшін қолдануға шешім қабылдайды. Сайлауда ДП жартысынан аз дауыс жинайды бірақ, мажоритарлық жүйе көмегімен парламентте 3-ші орын алады. Мендерес үкіметі құрылады.
Елде студенттер мен Түркияның әскери училищі курсанттарының толқындары жайылып кетеді. 1960 ж. Басында Мендерес үкіметі оппозицияны басу үшін бірнеше шаралар қолданады. Осы жағдайда 1960ж. 27 мамырда елде төңкеріс болады. Әскерлерден құралған ұлттық бірліктің Комитеті (КНЕ) елдегі басқарманы өзінің қолына алады. 1924 жылғы конституцияны жоққа шығарады, парламент таратылады, саяси партияның қызметіне шек қойылады. Осылайша, Түрік республикасының өмір сүруінің бірінші кезеңі аяқталады.
Екінші республика: саяси либерализация кезеңі (1960-80)
КНЕ-ң бұйрығымен елдің белгілі заңгерлерімен жаңа конституциясының жобасы дайындалып, 1961 ж. референдумға шығарылып, күшіне енеді.
Конституция бойынша Түркия «әкімшілік-заңды» мемлекет түрінде белгіленді. Онда аграрлы реформалар жүргізілуі керектігі туралы және жеке кәсіпорындарды ұлттандыру туралы жазылды. Бұған қарамастан Түркия әлде де артта қалған мемлекет ретінде қала берді. Бірақ, Экономика саласында өнеркәсіптер саны көбейеді. Өнеркәсіп орындар саны 4есеге көбейеді. Мемлекет және шетел капиталдары көмегімен жеке фабрикалар мен заводтардың өнімдері тез қарқында дамиды.
Негізінен Екінші республика саясаткерлерінің таңдап алған жолының жақсы да, жаман жақтары болды. Бір жағынан елдің экономикасы алға жылжыды. Осы арқылы Түркия индустриалды-аграрлы елге айналады. Ал, басқа жағынан қарайтын болса, экономика өсудің тұрақты темпін ұстап тұра алмады, ал, саясатта этатизмді жақтаушылар мен жеке инициативаның кеңейуі мен либерализациялауын тілегендер арасындағы бәсекелестікті жоя алмады. Нәтижесінде, ойластырылған жоспарлар жүзеге аспай, тек керісінше елде наразылық туғызып, кризистік жағдайға алып келеді.
Сол кездегі дағдарысты тоқтату мақсатында, әскери басшылық 1980 ж. мемлекеттік төңкеріс жасайды. Биліктегі Сүлейман Демирел үкіметі тоқтатылып, тарламент таратылады. Демонстрациялар мен ереуілдерге тыйым салынады. Әскерлермен ұлттық қауіпсіздік кеңесі (СНБ) құрылады. Билік басына генштабтың бастығы генерал К.Эврен келеді.
Үшінші республика. Экономикалық либерализацияға бағыт.
1982ж. жаңа конституция қабылданады. Конституцияда демократиялық бағыт көрсетілді. Массалық хабар құралдары реттелді, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдарының қызметі шектелді. Саяси партиялардың құрылуына рұқсат бере отырып, әскери басшылық ол партиялардың бұрынғыларына ұқсамау керектігін айтты. Белгіленген 15 партияның ішінде тек үшуі ғана келесі 1983ж.болатын парламент сайлауына өткізілді. Сайлауда Азаттық Партия (ПО) жеңіске жетті және Түркияның Ұлы ұлттық жиналысына (ВНТС) орын алды. Ал, ПО-ның жетекшісі Тұргұт Озал премьер-министр болады. 80-ші жылдардың аяғына дейін ПО елдің жетекші партиясы болып қала берді. 1990 жылы Т.Озал президент К.Эвреннің орнына келеді және өлгенше билік етеді. (1993). «түрік реформаларының атасы» атанған Т.Озал алдында экономиканы либерализациялау міндеті тұрады. Нәтижесінде, Түркияны Еуропалық экономикалық қоғамдастығына мүше ету мақсаты болды.
Т.Озалдың бағдарламаларының нәтижесінде Түркия ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоғарлатылды (8%), электроэнергия өндірістері тез қарқында дамиды, автомобильдер мен техникалар, киімдер мен аяқ-киімдер шығарылды. Ет, сүт өнімдері көп шығарылды. Соның арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттай бастайды. 80-ші жылдардың аяғына таман Түркиядағы экспорт 1980 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейеді. Сонымен бұл кезең Түркияны қазіргі замандағы индустриалды мемлекетке айналдырумен аяқталды.
Н.Эрбаканның происламдық билігі.
1995ж. желтоқсанда мерзімінен бұрынғы парламен сайлауында ислам жағында тұрған игілік Партиясы (ПБ) жеңіске жетеді. Билік басына 63 жастағы оның лидері Неджметтин Эрбакан отырады. Бұл партияның «1,5 млрд адамды құрайтын жаңа әлем, жаңа ислам одағын құру» уәдесі орындалған жоқ.
Қысқа мерзім ішінде Эрбакан Иранмен, Иракпен қатынасын түзетіп қана қоймай, басқа да мұсылман елдеріне сапар жасайды. Сонымен қатар «үлкен 8-к» құру жоспарын жүзеге асыра бастайды. Турция, Иран, Пакистан, Египт, Малайзия, Индонезия, Нигерия елдерінің сыртқы істер министрлерінің құрылтай конференциясы 1997ж. қаңтарда Стамбулда өтеді. Бірақ, елдің экономикалық жағдайы нашарлай түседі. 1995-97 ж аралығында инфляция 80% жетті. Ақшаның эмиссиясы 50%-ға өседі. Эрбаканның экономика жүйесіндегі уәде еткен реформалары жүзеге аспайды. Исламдық «8-дік» те үміт артпады. Елдің президенті С. Демирелдің өтініші бойынша саясатқа әскерлер араласады. Олар ультиматтық түрде Эрбакадан өткізіп жатқан происламдық бағыттан бас тартуын сұрайды. Нәтижесінде, Эрбакан биліктен кетеді.
90-шы жыл-ң соңындағы Түркиядағы қоғамдық-саяси жағдай.
1997 ж. маусымда билікке жаңа коалициондық үкімет келеді. Оны ПО-ң лидері Месут Йылмаз басқарады. Вице-премьерлердің біреуі болып белгілі саясаткер-ветеран Бюлент Эджевит болады.
2000 жылғы парламент сайлауында Бюлент Эджевиттің Демократиялық сол партиясы (ДЛП) алдыға шығады. Екінші орынға националистік қозғалыс Партиясының ұлтшылдары (ПНД) келеді. Қоғамға бұл партия «Сұр қасқырлардың партиясы» ретінде белгілі.Парламентке исламдықтар да орын алды. Жаңа премьер- министр болып Бюлент Эджевит сайланды. Саясатқа 40 жыл өмірін берген С.Демирель биліктен кетуге мәжбүр болады. 2000ж. мамырда жаңа президент болып Ахмед Неждет Сезер сайланады.
ХХғ соңындағы Түркияның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Түркияның капиталистік эволюциясы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге алып келді. Сан жағынан және экономикалық жағынан буржуазия нығайды - өнеркәсіптік, сауда, финанстық, ауылшаруашылық. Оның көбісі шетел әсіресе, американ капиталдарымен байланысты. Жеке кәсіпорындар елдің экономикалық күшіне айналды.
90-шы жылдардың соңына қарай ЖІӨ өнеркәсіп өнімі 27% , ауылшаруашылық өнімі 15,7%. құрады. Елде әр жылы 2 млн т таскөмір және 4 млн т мұнай, 4 млн т темір рудаларын өндірілді. 75 мыңнан аса жүкті машиналар мен 250 мыңға жуық жеңіл машиналар шығарылды.
Елдің экспорты 90-шы ж аяғына таман 25 млрд долл. құрады. Оның 80%. өнеркәсіп өнімдері құрады. Елде 45 млрд долл. көлемінде тауар импортталады. Түркияға жыл сайын 9 млн жуық туристер келеді.
Үкімет саясатындағы пантюркизм идеясы
КСРО-ң құлауы және өздігінше түркітілді мемлекеттердің құрылуы Түрияның сыртқы саяси бағытына жаңа серпіліс береді. Беловеж келісімінен кейін Түркияның премьер-министрі Т.Озал «Ұлы Түркістан Жерорта теңізінен Қытай қамалына дейін» ұранын жариялайды. Түркия Азербайджан және Қырымға, ортаазиялық мемлекеттерге әсер ете бастайды. 1993 ж наурызда Анкарада өткен конференцияға ортаазиялық республикалар қатыса отырып, түрік орфографиясы мен алфавиті жөнінде 34 әріпті латын алфавитін қолдану жөнінде шешім қабылданды. 1991-95 ж Түркияның ресми өкілдері мен ортаазия аймағының басшылары арасында үш пантюркистік кездесу өтеді. 1992ж сәуірде президент Сүлейман Демирель Өзбекістан мен Қырғызстанға ресми сапар жасайды.
11 дәріс. 1914-2013 жж. Иран.
1. І д.ж.с. және оның салдары. Иранды ағылшын және кеңестік Ресей әскерлерінің басып алуы.
2. Ирандағы ұлт-азаттық көтерілістің өрістеуі.
3. 20-шы жж. Иран. Елдегі мемлекеттік капитализм саясаты.
4. ІІ д.ж. с. қарсаңындағы және барысындағы Иран.
І дүниежүзілік соғыс кезінде Иран өзінің бейтараптығын жариялап, соғысқа қатыспағанмен, оның территориясы екі коалиция күштері арасындағы саяси күрес пен әскери операциялардың аренасына айналды. 1915 жылы түрік әскерлері Түркиямен шектесетін бірқатар Иран областарын басып алды, бірақ бұл майданда оры және ағылшын күштері басымырақ болды. Соғыстың басында Англия Иранды түрік әскерлеріне қарсы күрес плацдармасы ретінде қолданды. 1918 жылдың басында Иранды дерліктей ағылшын әскерлері басып алып, Кеңестік Ресейге қарсы қарулы көтеріліс бастауды көздеді.
Соғыстың аяғына қарай ел толықтай тоқырауға ұшырап, экономикасы күйзеле түсті. Меджлис таратылып, үкіметтік кабинеттер жиі ауысты. 1918 жылы тамызда құрылған англофильдік үкімет басшысы Вогус эд-Доуле 9 тамыз 1919 жылы «Персияныңдамуына әрекет ету үшін британдық көмек туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша иран әскері, қаражаты, жол құрылысы, сыртқы сауда және басқа да қоғамдық экономикалық істер ағылшын кеңесшілері мен инструкторларының қолына өтті. Іс жүзінде ағылшын протектораты орнады.
Ағылшын басқыншылығы мен келісімге қол қойылу жалпы наразылық туғызды. 7 сәуір 1920 жылы Тебризде шах үкіметіне қарсы көтеріліс бастады. Бұл қозғалыс 1920 жылы тамыз айы бойы созылып, шах әскері мен ағылшындар тарапынан басып тасталынды. 1920 жылы иранның солтүстік провинциясы-Гилянда ұлт-азаттық қозғалыс өршіп, 5 маусым 1920 жылы Гилян республикасы жарияланып, Иран компартиясы құрылды. Оның мүшелері Гилян уақытша революциялық үкімет құрамына кірді.
Иран тарихындағы басты оқиғалардың бірі- 1921 жылы 21 ақпанда (3 хута 1299 иран күнтізбегі бойынша) Тегерандағы өткен мемлекеттік төңкеріс. Төңкерісті сейд Зия эд-Дин Табатабай ұйымдастырып, Реза хан бастаған әскери казактар бригадасы іске асырды. Нәтижесінде Зияэд-Дин жаңа үкімет құрып, реза хан әскери министр болып тағайындалды. Бұл үкімет «қара үкімет» деген атауға ие болды. Жаңа үкімет «ақсүйектерге қарсы күрес» туралы декларация жариялап, жұмысшылар мен шаруалардың жағдайын жақсарту қарастырылып, тәуелсіз сыртқы саясат жарияланып, 1919 жылы ағылшын-иран келісімін жою туралы хабарлады. Зия эд-Дин және одан кейін 1921 жылы мамырда ауыстырылған Кавам эс-Салтан үкіметі ағылшындарға қарсы бірнеше шаралар жүргізді. Ағылшындар құрған оңтүстік парсы атқыштар корпусы жойылып, елден ағылшын әскери жаттықтырушылары мен қаржы кеңесшілері шығарылды. 1921 жылы көктемде Ираннан ағылшын әскерлері шығарылды.
Жағдайды тез арада АҚШ пайдаланып, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қысымның жаңа әдістерін қолдана бастады. 1922 жылы Иранға Кавам үкіметінің шақыруымен А. Мильспо бастаған американ қаржы кеңесшілері келді. Мильспо қаржы, мемлекеттік кіріс, салық жинау істеріне бақылауға құқық алды.
1921 жылы 26 ақпанда Мәскеуде иран-кеңес келісіміне қол қойылды. Кеңес үкіметі Иранның территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған кез-келген шараларға қатысудан бас тартатынын жариялады. Кеңес үкіметі барлық бағалы қағаздар, жылжымалы және жылжымайтын мүліктермен бірге Иран есеп банкін, жолдарды, кемелерді, телефон және телеграф жүйелерін, Энзели портын қайтарып, патша үкіметі берген қағаздарын жойды. Келісімнің 6 бабында Иран территориясы Ресейге қарсы әскери базаға айналған жағдайда оның территориясына кеңес әскерлерінің енгізілетіні қарастырылды.
«Қара кабинетте» әскери министр қызметін атқарған Реза хан 1923 жылы премьер-министр болып тағайындалып, ал 1925 жылы желтоқсанда Каджарлар династиясы құлатылып, Реза хан жаңа династия Пехлевидің шахы болып жарияланды. Иранның жаңа билеушісі маңызды реформалар жүргізу үшін бірқатар шаралар қолданды. Елде тез қарқынмен мемлекеттік, қазына есебінен жаңа өнеркісіптік өндірістер, темір жолдар салынды. Елде ағылшындардың әсерін шектеуге ұмтылған Реза шах Германияның экономикалық көмегін қабылдай бастады. 1928 жылы Иранның ұлттық банкі құрылып, 1931 жылы сыртқы саудаға мемлекеттік монополия енгізілді. Елде білім және мәдени саланы дамытуға әрекеттенген бірқатар реформалар жүргізілді. Елде көптеген орта және жоғарғы оқу орындары ашылды. 1934 жылы Тегеран университеті ашылды.
Бірнеше заңдар мен қаулылар шығарылды. 1927 жылы қылмыстық және 1929 жылы азаматтық кодекс, 1930 жылы жер иеліктерін тіркеу мен мемлекеттік жерлерді жалға беру туралы заң, 1931 жылы «аграрлық бандитизмге» қарсы, яғни шаруалар қозғалысына қарсы заңдар шығарылды. Ауылдарда жартылай феодалдық қатынас сақталды.
1929-1933жж. әлемдік дағдарыс Иран экономикасына кері әсерін тигізді. Бұл иран үкіметінің1931 жылы басталған мемлекеттік капитализм саясатын жүргізуге әкелді. Елде ағылшын-иран мұнай компаниясын мемлекеттендіру саясатын жүргізуге ұмтылды. Өйткені 1909 жылы құрылған мұнай компаниясы аз ғана пайда әкелді. 1931 жылы кірістің азаюымен компания Иранға кететін қаражатты қысқарту туралы жариялады. Реза шах үкіметі концессияны жою туралы және Иранға 40% пайда түсуін, әрі компанияны Иранның бақылауына өткізу туралы жариялады. Бұл сөғыс өрті қаупін төндірді. Бірақ 1933 жылы жаңа келісімге қол қойылып, компания 60 жылға мұнай көздерін бақылауға құқық алды.
Сондай-ақ 1935 жылы чадраны тастау туралы міндетті түрде декрет шығарып, еуропалық киім үлгісі енгізілді. Феодалдық титулдар жойылып, фамилия енгізілді. Сыртқы саясатта Реза шах Кеңес Одағымен көршілес қатынасын сақтады. Дағдарыс жылдарындағы Кеңес Одағымен айырбас сауда Иран экономикасына септігін тигізді.
30-шы жж. ортасында Иран билеуші топтарының Германияға қарай бет бұруы КСРО-мен қатынасын нашарлатты. 1938 жылы Иран КСРО-мен жаңа сауда келісіміне қол қоюдан бас тартып, бұл иран-кеңес сауда қатынасының толық тоқтауына әкелді.
1937 жылы Иран Түркия, Ирак, Ауғаныстанмен Саадабад пактісіне қол қойып, шекаралық және территориялық таластарын реттестірді. Бұл пакт антикеңестік бағытта болғанымен аймақта қауіпсіздік сақтау мүдделерін қорғады. Соғыс алдында Германия саудасы Иран сыртқы саудасының 40-45 %-н құрады.
Германияның КСРО-ға басып кіруі Иранның сыртқы саяси жағдайын күрт өзгертті. Черчилдің ұсынысы бойынша Англия мен КСРО Иранды бірігіп басып алуға кірісті. 1941 жылы қыркүйекте оңтүстік Иранға ағылшын әскерлері, ал солтүстік бөлікке кеңес әскерлері енгізілді (олар 1921 жылғы иран-кеңес келісіміне сүйенді). Форуги бастаған жаңа үкімет Ираннан Германияның дипломатиялық өкілдері мен агентурасын шығаруға уәде берді. 1941 жылы қыркүйекте Реза шах тақтан бас тартуға мәжбүр болды. Билікке өзінің ұлы Мохаммед реза Пехлеви келіп, 1942 жылы қаңтарда Тегеранда КСРО мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды(соғыс кезінде Иранның территориясы одақтастардың қарамағына беріліп, бұл территория арқылы әскери тасымалдар жіберілу туралы). 1942 жылы 29 қаңтарда Тегеранда КСРО, Ұлыбритания, Иран арасында одақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша Германия және басқа державалар агрессиясынан Иранды қорғау, оның тәуелсіздігін сақтау, сондай-ақ соғыстан кейін алты ай бойы КСРО мен Англия өзінің қарулы күштерін ұстауға құқық алды. Осы келісім негізінде Иран арқылы КСРО-ға соғыс құралдары тасымалданды. 9 қыркүйек 1943 жылы Иран іс жүзінде германияға соғыс жариялап, бірақ иран әскерлері соғыс қимылдарына қатысқан жоқ.
Бұл Иранның қоғамдық саяси өміріне әсер етті, шахтың әскери диктатуралық тәртібі жойылып, демократиялық қозғалыстар жанданды. 1941 жылы қазанда Иран халық партиясы құрылып, елдегі ең үлкен саяси партияға айналды. Ол Иранның ұлттық егемендігін сақтау және халық жағдайын жақсарту үшін алға шықты. Саяси сахнаға ескі саясаткерлер оралып, Ахмед Кавам демократиялық партия құруға әрекеттенді. Ирандағы немістердің қуылуын, Англия позициясының әлсіреуін американдықтар қолдана бастады. 1942 жылдың аяғында соғы жүктерімен қамтамасыз ету қажеттілігін сылтауратып, АҚШ Иранға өз әскерін енгізді. Кавам елге американ экономикалық кеңесшілері, әскери кеңесшілерін шақырды.
Англия АҚШ-тың Ирандағы позициясының алға шығуына кедергі келтіріп, 1943 жылы Палестинадан Сейд Зия эд-Диннің оралуына көмектесті. Ол меджлисте өзінің фракциясын құрды. Көптеген либералды-ұлттық партиялар, Иран партиясы, сондай-ақ ислам үшін күресшілер партиясы құрылды. Осылайша ІІ дүниежүзілік осғыстың аяқталар жылдарында Иранда көптеген саяси ағымдар өрістеді.
Әуелі Иранның атом энергиясы саласындағы зерттеулер АҚШ-тың көмегімен жүргізілгенін айта кеткен жөн. Атомдық энергетика саласының жандануы, дерек көдеріне үңілсек, сәл ертеректен, яғни, М. Пехлевидің билігі тұсынан, Тегеран университетінде Атомдық орталықтың негізі қаланған кезден бастау алады. Сондай-ақ Иран 1957 Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану туралы АҚШ-пен келісім жасасқан болатын. 1967-1977 жж тек АҚШ ғана емес, Франция, Ұлыбритания, Италия, Бельгия және ГФР Ирандағы ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасына белсене қатысты. 1992 жылдың қыркүйек айында Бейжің қаласында Иран ҚХР атомдық энергетика саласындағы ықпалдастық туралы хаттамаға қол қойды. Аталмыш келісім аясында Исфаханда Қытайдың ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бірақ осы тұста АҚШ тарапынан Қытайға көп қысым көрсетілді. Ядролық зерттеу саласындағы Иранның тағы бір әріптесі Ресей болды. 1992 жылы Ресей Иранмен келісім жасады, нәтижесінде Иран жерінде бірнеше реакторлар салынып, Ресейде ядролық энергетика саласының ирандық мамандары дайындалды. [1]
Аумақтағы ядролық энергетика саласындағы ғылыми-техникалық базасы жағынан Иран ең қуатты саналады (Израильді есептемегенде). Иранда үш ядролық орталық бар: Тегеран ядролық ғылыми-зерттеу орталығы, Исфахан ядролық зерттеу орталығы, Караджадағы ауылшаруашылығы мен медицинаның ядролық зерттеу орталығы.
Халықаралық қауымдастықтың қауіптеніп отырғаны Иранның уран байыту мүмкіндіктері. Алайда сарапшылардың пікірі бойынша, Иранның қазіргі ғылыми-техникалық әлеуеті мен МАГАТЭ-нің тексерістері Иранда өнеркәсіптік уран байыту технологиялары жоқ екендігін растады. Бірқатар сарапшылар уран байыту жұмысы Иранда құпия түрде жүзеге асырылып жатқанын алға тартады.
Өткен жылы осы мәселе төңірегінде өрбіген елеулі оқиғаларға тоқтала кетелік. 2012 жылдың қаңтар айында Иранмен дамыған елдер (АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Канада) одағының арасындағы байланыс нашарлай түсті. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Жапония жаңа санкциялармен қорқытты. Егер санкция жарияланар болса, Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтынын ескертті. Ал АҚШ пен Франция тіпті соғыс жариялаудан да тайынбайтындарын айтты. Аустралия мен Жапония соғыс жариялана қалса АҚШ-қа жақтасатынын ашық айтты.
Ақпан айында Иран ядролық бағдарламаның сәтті жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. Бұған дамыған елдер тағы да қарсылық танытты. Айдың соңында АҚШ пен Аустралияның қысымымен Иранға МАГАТЭ сарапшылары ядролық қару өндіру барысын тексеруге жіберілді. Алайда үш айдан кейін сарапшылар ел аумағынан аластатылды, сондай-ақ Иран үкіметі болашақта дипломатиялық келісімдер болмайтынын мәлімдеді. Пәкістан соғыс жағдайында Иранға көмек көрсететінін жариялап қолдау көрсетті.
5 наурыз күні Вашингтон қаласында Иранның ядролық бағдарламасы туралы АҚШ, Израиль, Франция және Жапония қатысқан келіссөз өтті.Изариль премьер министрі келіссөз барысында сәуір айында Иранның Израиль аумағына ядролық шабуыл жасау әрекетін жоспарлап отырғанын айтып, дамыған елдерден Иранның ядролық қару өндіруін тоқтатуды өтінді. 26 наурыз күні Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында ядролық қорғаныс туралы бүкіл әлемдік конференция өтті. Аталмыш конференцияда Иран мен КХДР-ның ядролық бағдарламасы жайлы мәселе қарастырылды. Бірақ Сеул конференциясы еш нәтиже бере қоймады.
15 сәуірде АҚШ, Франция, Жапония қатарлы дамыған елдер Иранға өзінің одақтасы КХДР аумағында ядролық жарылысқа дайындалып жатыр деген айып тақты. Сәуір айында КХДР құрлық аралық баллистикалық зымыран сынағын жүргізді. Бұл жағдай әлем елдерінің назарын тағы ядролық қару мәселесіне аударды. Мамыр айының 3-4 жұлдызында АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Иран мен оның одақтасы КХДР-на қысымды күшейте түсті. Ал Ресей жағы болса, Иран мен КХДР аумағында соғыс басталып кету қаупі бар екенін ескертіп, аталмыш егемен елдер аумағына шетел әскерилерінің кіруіне жол бермейтінін мәлімдеді. Тіпті Владимир Путин Үлкен сегіздік саммитіне барудан да бас тартты.Осы тұста Венесуэла мен Иран алыс қашықтықтан әрекет ететін зымыран жасау жұмысына кірісті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында америкалық ғалымдар 2014 жылдың ортасында Иранның байытылған уран қоры бірнеше ядролық бомба даярлауға жететіні туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде кеш болмай тұрғанда Иранға қарсы санкцияны күшейту керектігі ескертілді.
Иранның ядролық саясатына қатысты Иран тарапы мынадай пікірде: «Британия мен Франция қатарлы елдер бір триллион доллар қаржы жұмсап өздерінің ядролық арсеналдарын жаңаландыру шараларымен іс жүзінде NPT шарты бойынша халықаралық міндеттемелерін аяққа таптап отыр. Сондықтан өз халқының қоғамдық пікірі мен халықаралық қоғамдастыққа жауапты болуы керек. Атомдық қарулардың болуы шынайы түрде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіре алады. Сондықтан атомдық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салу уағдаластығының әлемді қамтитындығына берік болу кейбір елдерді бөліп қарау немесе екіұдайлыққа салынбауы керек маңызды тақырып болып табылады. Сол себепті ядролық қаруларды таратпау шартын қайта қарау конференциясының бірдей мақсаттың соңында болып, кез- келген атомдық қарудан ада әлем қалыптастыру бағытында барлық мүмкіндіктерді қолдануы қажет. Ядролық қаруы бар кейбір елдер осы қарулардың толығымен көзін құртудың орнына ядролық қаруларын шартты түрде қысқартумен ғана шектелуде».
Иранның ядролық бағдарламасы шеңберіндегі жүргізіліп жатқан жұмысқа халқаралық қауымдастық қатарында Иранға қарсылармен қатар, жақтаушылар да жоқ емес. Иран ұстанымын қолдайтын Ресей мен Қытайдан басқа, ірі дамушы елдер-ОАР, Бразилия, Венесуэла және Аргентина сынды елдер бар.
Саяси әлемде «Батыстың бас ауруы» атанған ядролық қару мәселесін шешуді өз мойнына алған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ). Алайда соңғы жылдары құрамына 140-тан астам ел мүше болып отырған агенттіктің өз беделін жоғалта бастағаны жасырын емес. Тек АҚШ-ның ығына жығыла беретін аталмыш агенттік Ирактың ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды шешуде қауқарсыздық танытқаны белгілі. Ал бүгінгі таңда Иранның ядролық бағдарламасы Батыс елдері шүйлігіп отырған өзекті мәселеге айналып отыр. Бірақ АҚШ бұл жолы да МАГАТЭ-нің айтқанымен санаспады. Иран Ислам республикасындағы бағдарлама бейбіт мақсатқа пайдалану үшін қолға алынғаны туралы айтылса да, АҚШ алған бетінен қайтар емес. Ал АҚШ-тың алға тартып отырғаны - Президент Эйзенхауэрдің 1953 жылы БҰҰ трибунасында айтқан «Атом тек бейбітшілік үшін!» деген ұраны. Міндетін орындау былай тұрсын, құзіретіне қол сұғылып отырған МАГАТЭ сынды БҰҰ жанындағы ұйымдарды реформалайтын кез келген сияқты. [3]
Исламдық Иран Республикасының Каспий аймақтық бағытындағы саясаты бірнеше стратегиялық мүдделерімен анықталады. Біріншіден, аймақтағы мемлекеттермен қарым-қатынасты реттеу, яғни АҚШ жасап отырған халқаралық оқшауланудан (изоляциядан) шығуға бағытталған ортақ саясат негізінде бірігу. Екіншіден, өзінің солтүстік шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл мәселені Тегеранда Орта азиялық мемлекеттерде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де қажет мәселе деп қарастырады. Үшіншіден, аймақтағы елдермен сауда – экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты дамыту. Бұл салада Тегеран негізгі назарын Түркменістан, Қазақстан және Арменияға аударып отыр.
Қазақстанның бұл мәселеде ұстанымы мынадай: «Ядролық қару қатері тарих қойнауында қалуы керек. Тегеран бізден сабақ алып, қорқыныш пен күдік емес, бейбітшілік еліне айналуы керек» деген ұстанымда. Ал өз кезегінде ресми Вашингтон да Иранмен келісімге келу мәселесінде Қазақстанның адал дәнекер бола алатынына еш күмәнданбайды. [2] Ақпанның 27-сінде Алматыда Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздер өтті. Жиынға Иран және Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Германия, ЕО елдерінің өкілдері қатысқан болатын. «Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге қатысты Тегеран мен батыс елдерінің ұсыныстары бір-біріне жақындай түсті" - деп мәлімдеді Иран қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили. [5]
Әзімбай Ғали қатарлы кейбір Қазақстандық саясаттанушылар Иран мен АҚШ арасындағы алауыздық ушыға түссе де Қазақстанға еш қаупі төнбейтінін айтады. Керісінше, мұнай бағасы көтеріліп, Қазақстан экономикасы шарықтап дамуы мүмкін екенін алға тартады. Сондай-ақ, Иранның Қазақстанға Каспий мәртебесіне қатысты қойып отырған территориялық талабы бар екенін айта келіп, бұл тартыста Иранның жағына шығу Қазақстан үшін тиімсіз болатынын ескертеді [4].
Қорытындылай келсек, бұл мәселеде шешілмей отырған екі түйткіл бар: біріншісі-халықаралық ұйымдардың айтқанымен санаспай, ядролық қару ұстану мен тартуды өзінің заңды құқығы деп есептейтін алпауыт алтылық болса, екінші бір түйткіл-сол алпауыттарды ауыздықтап, әлем елдерінің құқығын қамтамасыз етуде қауқарсыздық танытып отырған халқаралық ұйымдар мен органдар болып табылады. Сондықтан Ресей мен Қытайдың халықаралық қауымдастыққа жасап отырған ұсынысына сәйкес, БҰҰ жанындағы ұйымдарды реформалау қажеттілігі туындап отыр. Сонда ғана бұл мәселе әділетті түрде өз шешімін таппақ.
