Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПСЗБИ Зертханалык жумыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Парольдік қорғауды күшейту тәсілдері

Парольді енгізудің негізгі механизмдері. Парольді енгізу механизмін жетілдіру есебінен парольдік қорғауды күшейту.

Парольді енгізу тәсілдерінің түрлері көп.Оны мынандай сұлба түрінде беруге болады.

Сурет 8.2 Парольді енгізу тәсілдері

Барлық ОЖ-де пароль кілтжиыннан енгізіледі. Бұл тәсілдің кемшілігі парольді қаскүнем визуальды түрде түсіріп ала алады. Күрделі, ұзын парольдерді қолданушы есте сақтай алмайтындықтан, оны бір жерге жазып қояды. Ол да парольдің қолды болуына бір себеп.

Бұлардың барлығына ұйымдастыру шаралары арқылы қарсы түруға болады. Парольді визуальді түсіріп алу қаупіне қарсы әрекет ретінде сыртқы ақпарат тасымалдағыштарды қолдануға болады. Бұл мақсатта стандартты ақпарат енгізу жабдықтарын (диск, флэшка), сондай-ақ парольдік ақпарат енгізудің арнайы жабдықтарын қосуға арналған электрондық кілттер, ”таблеткалар” және т.б қолдануға болады. Осы тасымалдағыштарды қолданушыны аутентификациялау кезінде жүйенің оқитын паролі жазылады. Бұларға ұзын парольдерді жазуға болады. Бұл парольді визуалды түсіріп алудан сақтайды. Сыртқы ақпарат тасымалдағыштарын қолданудағы кемшілік – қаскүнем оны ұрлауы да мүмкін ғой.

Паролі бар ақпарат тасымалдағышты қаскүнем ұрламас үшін мынандай альтернативті қорғау түрлері қарастырылады:

  • қолданушының биометриялық сипаттамаларын қолдану - паролі бар сыртқы тасымалдағыштан бас тартуға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл жағдайда қолданушының идентификаторы оның биометриялық параметрлері болып табылады.

  • Кілтжиыннан парольді енгізу және сыртқы тасымалдағыштан парольді енгізудің аралас тәсілі. Мысалы, кілтжиыннан паольді енгізу механизмі сыртқы тасымалдағыштан парольді енгізу механизміне қосымша қолданылса, ақпарат қауіпсіздігіне төнетін қауіп аз да болса сейілер еді.

Аралас тәсіл екі механизммен жүзеге асырылады.

  • Негізгі;

  • Қосымша.

Біздің көзқарасымызша, компьютерді қорғау кезінде парольді енгізудің аралас тәсілін қолданған дұрыс:

  • Негізгі – сыртқы тасымалдағыштан;

  • Қосымша – кілтжиыннан (Бұл үшін ОЖ-де тіркелген, қолданушыларды авторизациялау механизмдерін қолдануға болады.

Осылайша парольді енгізу механизмдерін қолдануда келесі приоритеттерді атап кетуге болады (кему реті бойынша орналасқан):

  1. Қолданушыны идентификациялаудың биометриялық тәсілі.

  2. Аралас тәсіл (консольдық енгізу+сыртқы тасымалдағышты қолдану)

  3. Парольді сыртқы тасымалдағыштан енгізу.

  4. Консольдық енгізу (парольді кілтжиыннан енгізу)

Парольді қорғау механизмін парольді енгізу кезеңінде-ақ күшейтуге болады. Ол үшін жүйеде приоритеті жоғарырақ тәсілді қарастырған жөн.

Қатынас құруды бақылаудың биометриялық жүйелеріне тән негізгі артықшылықтар

Бір қолданушы басқаға өзінің парольдік деректерін береді, ал алған адам сол парольді жүйеге рұқсатсыз кіру мақсатында қолданады.

Жалпы биометриялық идентификация (қолданушыны) механизмі қолданушылар арасында парольдік ақпаратты беру мүмкіндігін болдырмайды. Ал бұл қорғау механизмдерін администрациялаудың орталықтандырылған сұлбасын жүзеге асыруда аса (қолданушының қатысуынсыз) маңызды. Парольдік қорғаудың бұл тәсілі осымен де артықтығы жағынан ерекшеленеді. Қорғау жүйесі орталықтандырылған администрациялау концепциясы қатына құруды биометриялық бақылауды қолданып жүзеге асырылады.

Сыртқы ақпараттық тасымалдағыштарды (парольдік деректерді) қолдану артықшылығы – тіркеу деректерін сақтау мүмкіндігінің жеткілікті көлемде әмбебаптылығында. Яғни, оларда тек қолданушыны идентификациялайтын ақпарат қана емес, сонымен қатар шифрлау кілттері және т.б. деректер сақтала алады.

Қазіргі заманғы ОЖ-лер мен қосымшаларда қолданылатын парольдік қорғауды күшейтудің негізгі тәсілдері

Қазіргі заманғы ОЖ-лер мен қосымшаларда қолданылатын парольдік қорғауды күшейтудің негізгі тәсілдерін мына құрылымдық сұлба түрінде көрсетуге болады (сурет 8.3). Бұл тәсілдердің барлығы қаскүнемнің парольді іріктеуіне кедергі жасауға бағытталған.

Сурет 8.3 Парольді күшейту тәсілдері