- •Менеджменттегі жоспарлау
- •Лекция мазмұны
- •Менеджменттегі жоспарлау Дәріс мақсаты: Менеджменттегі жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлеріне тоқталу, жан-жақты талдау
- •Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі. (ұзақ мерзімдегі)
- •Тактикалық жоспар
- •3) Қысқарту стартегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда мақсаттар деңгейібылтырғы деңгейден неғұрлым төмен көзделеді. Қасқарту баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- •7 Стратегияны жүзеге асыру.
Менеджменттегі жоспарлау Дәріс мақсаты: Менеджменттегі жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлеріне тоқталу, жан-жақты талдау
1 Менеджменттегі жоспарлау
2 Жоспарлаудың мәні, қағидалары және түрлері
3 Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
4 Стратегияны жүзеге асыру процесін басқару.
1 Жоспарлау қағидалары:
- Орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру (басқарушы және басқарылушы жүйелердің арақатынасы)
- жоспар құруда жееке тұлға мақсаттарына емес, ұжым мақсатына бағытталуы;
- жоспардың ғылыми негізделуі;
жоспарлаудың икемділігі, бейімділігі;
жоспарлау ұйым қызметіне қажет етілетін қызметкерлердің б.б. типін қабылдауға мүмкіндік береді.
Жоспарлау түрлері:
Стратегиялық жоспарлау – ол объектінің келешектегі сапалық жағдайын анықтайтын жоспар түрі. (ұзақ мерзімдегі)
Тактикалық жоспар
Индикативті жоспарлау - өз дамуында 3 негізгі формада жүзеге асқан:
конъюктуралық жоспарлау
құрылымдық формасы
стратегиялық
Ұйым ішіндегі жоспарлау
4.1) Бизнес жоспар екі мақсатта құрылуы мүмкін.
а) несие алу үшін
б) өз ішінде қолдану үшін
Бизнес жоспар құрылымы
ұйым құрылымы;
өндірістік жоспар;
қаржы жоспары;
маркетинг жоспары.
5)Оперативтік жоспарлау – күнделікті іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Уақыт мерзіміне байланысты жоспар 3-ке бөлінеді:
ұзақ мерзімді;
орта мерзімді;
қысқа мерзімді
Стратегиялық жоспарлау – ол басшылықтың іс-әрекеттері мен қабылданған басқару шешімінің жиынтығы. Бұл іс-әрекеттермен шешімдер ұйым мақсатына қол жеткізетін арнаулы стратегияларды құрастыруға әкеліп соғады. Питер Ларони бойынша, стратегиялық жоспарлау шеңберінде 4 негізгі басқарушылық қызмет орын алады:
ресурстарды, қорларды бөлу;
сыртқа ортаға бейімделу;
ішкі координация ұйымның ішкі күшті және әлсіз жақтарын анықтау
ұйымдық стратегияларды танып білу.
Стратегия ерекше «генерал өнері» дегенді білдіреді. Стратегия – ұйым миссиясы мен мақсатардың орындалуын қамтамасыз ететін жан-жақты, кешенді жоспар:
Стратегиялық жоспарлау процесі:
1 Миссия – ұйымның жалпы мақсаты, ұйымның жұмыс істеу себебін анықтау
Ұйымның мақсаты – ұйым миссиясын анықтағаннан кейін ұйым мақсатын нақтылау қажеті тиімді басқарудың шарты ретінде мақсаттар келесі талаптарға жауап беруі.
Стратегиялық жоспарлау процесі.
1 Ұйымның миссиясы
2 Ұйым мақсаттары
3 Сыртқы ортаны талдау және бағалау
4 Ішкі әлді және әлсіз жақтарын басқарушылық зерттеу
5 Стратегиялық баламаларды зерттеу
6 Баламаларды таңдау немесе стратегияны
7 Стратегияны жүзеге асыру:
а) тактика
ә) саясат
б) процедура
в) ереже
8 Бақылау, жоспарлау жүзеге асыру
а) бюджет
ә) мақсат бойынша басқару
9 стратегияны бағалау
а) құрылымды бағалау
Керек:
мақсаттар нақты және өлшемді болуы керек
мақсаттар міндетті түрде қол жеткізерлік болуы керек
мақсаттар уақыт бойынша белгіленген болуы керек
Уақыт мерзімі бойынша мақсаттар ұзақ мерщімді (5-7жыл), орта мерзімді (3 жыл), қысқа мерзімді (1 жыл) болып бөлінеді.
мақсаттар өзара бірін-бірі қолдаушы мақсаттар болуы керек.
3 Бұл кезеңде ұйымның сыртқы ортадағы мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді 7 бағыт бойынша анықталады:
- экономикалық факторлар;
- саяси факторлар;
- нарық факторлары;
- технологиялық факторлар;
- халықаралық факторлар;
- бәсекелестік факторлары;
- әлеуметтік тәртіп факторлары.
Осы жұмыс нәтижесінде сыртқы қауіп-қатерлер мүмкіндіктер және тізімін құрастыру қажет.
Ұйымның ішкі әлді және әлсіз жақтарын зерттеу. Ұйым ішіндегі проблемаларды диагностикалауға мүмкіндік беретін үрдіс басқарушылық зерттеу деп саналады. Бұл процесс шеңберіңді 5 функцияны зерттеу қарастырылады:
а) маркетинг;
ә) қаржы (бухгалтерлік есеп);
б) операциялар (міндетті түрде өндіріске қатысы бар, яғни өндіріс);
в) Адам ресурстары;
г) корпорация мәдениеті мен келбеті.
Маркетинг бойынша келесі көрсеткіштерге көңіл бөлген дұрыс:
нарықтағы үлес және бәсеке қабілеттілігі;
бұйымдар ассортиментінің алуан түрлілігі мен сапасы;
нарықтың демографиялық статистикасы;
нарықтың зерттеулер мен жобалар;
тұтынушыларға сатуға дейінгі және сатудан кейінгі қызмет көрсету;
жарнама, өнімді өткізу және жылжыту;
пайда.
5 Стратегиялық баламаларды зерттеу. Сыртқы ортаның қауіпсіздігі мен мүмкіндігін және ішкі ортаның әлді және әлсіз жақтарын анықтағаннан кейін ұйым стратегиялық баламаны таңдауы қажет. Ұйым алдында көбінесе негізгі 4 стратегиялық балама тұруы мүмкін. Нақты жағдайға байланысты және ұйым мақсатына сәйкес солардың іщінен біреуі таңдануы мүмкін. Бұл 4 стратегияға жататындар:
1) шектеулі өсу стратегиясы – көптеген ұйымдар көптеген жағдайда осы стратегияны таңдайды. Бұл стратегия ұйым мақсаттарын қол жеткізген мақсаттар дәрежесінен және инфляция факторын ескерумен анықтаумен сипатталады. Мұндай стратегияны көбінесе тұрақты жағдайда жұмыс істейтін компаниялар таңдайды. Аталған 4 стратегияның ішінде бұл стратегия ең оңайы, ең ыңғайлы және тәуекел дәрежесі төмен болып есептеледі.
2) өсу стратегиясы – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар деңгейінің былтырғы деңгейге қарағанда неғұрлым жоғары болуымен сипатталады. өсу стратегиясы 2-орындағы. Жиі таңдалғанг стратегия түрі. Ол көбінесе өзгермелі салаларда қолданылады.
