- •Мазмұны
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мағлұмат:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •5. Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау жөнінде ақпарат
- •Бағалау саясаты келесі кестеде толық көрсетілген
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Саяси ғылымның дамуына үлес қосқан ойшылдар туралы қысқаша мәлімет
- •Саясаттану ғылым ретінде
- •Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері
- •3.Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік
- •4.Билік және саяси режимдер
- •5.Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
- •6.Қазіргі кездегі саяси жүйелер
- •7.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде
- •8.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- •9.Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс
- •10.Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және олардың қр-дағы орны мен рөлі
- •11.Саяси элита және көсемділік
- •12.Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қауым
- •13.Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену
- •14.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •15.Саяси үрдіс. Модернизация
- •Саясаттану пәнінен семинар сабақтарын арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •Тақырыптық презентациялар, жобалар
- •6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына қосымша сұрақтар мен тапсырмалар
- •Саясаттану пәнінің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
Бағалау саясаты келесі кестеде толық көрсетілген
Maximum 90-100 пайыз |
Студент бұл ұпайды жинай алады, егер сабақта:
|
Middle 75-89 пайыз |
Студент бұл ұпайды жинай алады, егер сабақта:
|
Minimum 50-74 пайыз |
Студент бұл ұпайды жинай алады, егер сабақта:
|
Пән бойынша бағалау келесі кесте бойынша жүзеге асырылады
|
Сабақ түрі және студенттің орындайтын жұмыстары |
Балл саны % min/max |
І |
Ағымды бақылау
|
50/100 |
ІІ |
Аралық бақылау І модуль – тестілеу ІІ модуль - коллоквиум |
50/100 |
|
Жиынтығы |
|
ІІІ |
Қорытынды бақылау Емтихан |
50/100 |
|
Барлығы: |
50/100 |
Студенттердің білімін емтиханда балл арқылы бағалаудың үлгісі
|
Емтихандағы баға |
Бағаның балл пайызы (%) |
1 |
3 (қанағаттанарлық) |
50-74 |
2 |
4 (жақсы) |
75-89 |
3 |
5 (өте жақсы) |
90-100 |
Студенттердің білімін бағалау шкаласы
Әріп жүйесімен бағалау |
Балдардың цифрлық баламасы |
Балдардың пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
С Ө З Д І К
Абсентизм (латынша absentia – қатыспау, жоқ) – саяси қатысудан алшақтауды білдіретін категория. Абсентизмнің себебі ретінде тұлғаның саяси мәдениетінің қалыптаспағанын, өзіне өзі сенбегендікті, саясатқа деген сенімнің жоқтығын, саяси-экономикалық өмірге риза болмағандықты келтіруге болады. Оны саяси тұрақтылықтың куәсі ретінде де және қоғам тарапынан билікпен байланыстың үзілгендігінің салдары ретінде де түсіндіруге болады.
Абсолютизм (латынша absolutus – сөзсіз) – билік формасын немесе заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің монархтың қолына шоғырланғанын сипаттайтын билік категориясы. Абсолютизм Орта ғасырларда Батыс Еуропада кеңінен таралған.
Автократия – (грекше autocrateia - самодержавие) – бір адамның билігі, басқаруы немесе жетекшілік етуі. Көбіне билік етуші мен оның айналасындағыладың шығарған билігі.
Авторитаризм – (латынша auctoritas – билік, ықпал ету) – бір адамның немесе топтың билікке монополия жасауын сипаттайтын саяси режим (тәртіп). Авторитаризм қоғам мен билік арасындағы тәртіпті қатаң қадағалайды. Қоғамның басқа салаларына еркіндік бергенімен, саяси саланы бақылауында ұстайды. Кейбір авторитарлық режимде тоталитаризмнің де, демократияның да белгілері кездеседі. Авторитаризмнің бернеше түрлерін атауға болады: әскери, олигархиялық, популистік, бюрократиялық және т.б.
Анархизм – (грекше anarchia - биліксіздік) – саяси идеологияның және саяси қозғалыстың бір түрі, ол мемлекеттің жойылуын, мәжбүрлейтін органдардың орнына еркіндікті қамтамасыз ететін азаматтардың ерікті қоғамы тұруы керек деп есептейді. Анархизмде мемлекет күш көрсететін, адамның бостандығына шек келтіретін орган болып есептелінеді. Анархизмді ғылыми тұрғыда зерттегендер: Бакунин М.А., Кропоткин П.А. және т.б.
Аннексия – (латынша annexio - қосылу) – мемлекеттің қосымша территорияны қосып алуы.
Атлантизм – саясаттанулық және геосаяси ұғым; өзіне қосады: тарихи – адамзат өркениетінің батыс секторы; әскери-стратегиялық – НАТО елдері; әлеуметтік – «нарықтық құндылықтарға» бет қою (АҚШ- үлгісі); идеологиялық – Батыс елдерінің басқа әлемнен үстемдігін дәріптейтін концепция.
Агломерация – (латынша қосылу, толу деген мағынада) ортақ территориялық-өндірістік кешен негізінде қалыптасқан, өзара байланысқан қалалық және ауылдық тұрақтардың жиынтығы.
Аксиология – құндылық туралы ілім.
Альтернатива – (латынша екеуінің бірі деген мағынада) «немесе-немесе» принципі бойынша құрылған дамудың нұсқалары, бірақ бірі екіншісін жоққа шығаруы мүмкін.
Аномия – (грекше а-жоққа шығару, nomos-заң деген мағынада) қоғамның құндылықты-нормативті жүйесіндегі ауытқушылықтың түрлерін білдіреді.
Антропология – адам туралы ілім.
Бихевиоризм – (ағылшынша behaviour – тәртіп) - әртүрлі объектілерді зерттегенде сандық әдістердің қолдануын қарастыратын бағыт. Саясаттануда саяси оқиғаны немесе саяси топты зерттегенде оған қатысты мүшелердің тәртібін жекелей зерттеу арқылы шындыққа көз жеткізуге болады деп санайды. Бихевиоризм 1930-1950 жылдары қалыптасқан. Оның негізін салғандар: Ч. Мерриам мен Г. Лассуэлл.
Бюрократия – (французша bureau – бюро, кеңсе және грекше kratos – күш, билік) – жоғарғы билік органдарының шешімдерін орындайтын және басқару мәселелерімен кәсіби айналысатын адамдар тобы. Негізгі белгілері: мемлекеттік қызметкерлердің жоғары мәртебені иеленуі, атқарушы биліктің заң шығарушы биліктен алшақтауы, басқарудың тұлғасыз жүйесі, іс-қимылдың маңыздылығын көрсететін қызметтке тәуелділік жүйесінің болуы.
Билік – (ағылшынша power) – саяси ғылымдағы орталық ұғым. Субъектінің объектінің бедел, күш көрсету, құқық, мәжбүрлеу және тағы да басқа әдістермен әсер ететін қабылеті мен мүмкіндігі.
Биография – (грекше өмірді сипаттау деген мағынада) индивидтердің өмір жолын зерттеуде қолданылады.
Буржуазия – (француз сөзі) еркін қалалықтардан шыққан қоғамның ортаңғы немесе жоғары табын құрайтын, негізгі құндылықтары индивидуализм, кәсіпшілдік, жеке пайда болып саналатын әлеуметтік топ.
Варна – көне үнді қоғамын әлеуметтік топтарға бөлу жүйесі. Бұл жүйе бойынша үнді қоғамы брахмандарға, кшатрийлерге, вайшийлерге және шудраларға бөлінген.
Даосизм - қытай саяси ойындағы бағыт, негізін қалаушы б.э.д. VI ғ. Өмір сүрген Лао цзы. Оның негізгі шығармасы «Дао және дэ туралы кітап» деп аталады. Дао аспандағы билеушіден тәуелсіз, заңды даму дегенді білдіреді. Дао аспандағы, табиғат пен қоғамдағы заңдарды анықтайды. Даоға қатысты барлығы тең.
Демография – (грекше халық және жазамын деген сөздерден құрылған) халықтың өсімін зерттейтін ғылым, бағыт.
Демократия – (грекше халық және билік деген сөздерден шыққан) мемлекетті көпшіліктің мүддесін жоғары қоятын қазіргі таңдағы тиімді басқарудың түрі.
Идеал – (грекше идея, бейне деген мағынада) адамның топтың ұмтылысын анықтайтын жоғарғы мақсат, жетістік өлшемі, үлгі.
Идентификация – (латынша сәйкестендіру, тура сай қылу) әлеуметтік рөлдерді меңгері, адамның өзін басқа адаммен ұқсас қылдыруы. Қоршаған ортадағы құндылықтарға байланысты өзіндік бейнені қалыптастыру.
Иерархия – (грекше әулие билік деген мағынада) бағынуға негізделіп құрылған күрделі әлеуметтік жүйе, онда төменге деңгейдегілердің тәртібін жоғары деңгейдегілер бақылайды.
Индивид – (латынша бөлінбейтін, кісі) халықтың, қоғамның, топтың жеке мүшесі. Әлеуметтануда адам ұғымынан жоғары тұрады.
Интеграция – (латынша толығу немесе тұтас деген мағына береді) осыған дейін бір тәртіпке келмеген оптардың бірігкуі, жүйелене жинақталуы.
Интеллигенция – (латынша түсінетін, білетін, ақылды деген мағына береді) ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың әлеуметтік қабаты.
Интервью – ағылшын сөзі, мақсатты түрде бағытталған әңгімелесу. Оның мақсаты – алдын ала құрылған бағдарлама бойынша сұрақтарға жауап алу.
Инфрақұрылым – (төмен, асты деген мағынада) экономикалық және әлеуметтік қатынастардың нәтижесінен қалыптасқан, тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған мекемелердің, транспорттық құралдардың және т.б. жиынтығы.
Капитализм – (немісше басты деген мағына береді) маркстік ғылыми теорияда кездесетін қоғамды-экономикалық формация.
Консерватизм - (француз, латын тілдерінен аударғанда сақтаймын, қорғаймын дегенді білдіреді) бағдарлардың ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс- әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болып табылады. Оның алғышарты Ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз Ағартушылығы мен1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм).
Қайта өрлеу дәуірі - діни негізге негізделген ортағасырлық дүниетанымға қарама қарсы жаңа зайырлы идеология уақыты. Бұл жаңа идеология қоғамдық өмірдегі үрдістердің нәтижесі. Бұл кезеңді жаңа ғылымның қалыптасуы, жаратылыстанудағы жаңалықтар ерекшелендіреді. Қайта өрлеу адамзаттың ұйқыдан оянуымен пара пар серпіліс.
Қызмет – тұтастықтың бір бөлшегі ретінде оның бөлшектерінің өз міндетін, рөлін атқаруы.
Легизм - б.э.д. IV ғ. Қытай саяси ойында қалыптасқан бағыт. Бұл бағыттың негізгі идеялары «Шан облысының билеушісінің кітабы» атты еңбекте көрініс тапқан. Бұл кітаптың кейбір бөлімдерін Гунсунь Ян жазған, ол Шан Ян деген атпен танымал. Заң мен қатал жазалауға негізделген басқаруды ұсынады. Жалпы бұл бағытқа тұрғындар мен мемлекеттік билік арасындағы қарым қатынасты антагонистік сипатта шешу тән.
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық зомбылықсыз түрлерін ұстанады, Либерализм ағым ретінде XVII ғ. Ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасымен байланысты болды. Либерализмнің негізі: индивид еркіндігі, қызмет кеңістігінің автономдығы, индивидтің жеке қалыптасуы.
Моизм - қытай саяси ойындағы бағыт, оның негізін қалаушы Мо-цзы б.э.д. 479-400 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Ол адамдар жаратылысынан тең, сондықтан мемлекетті басқаруда қарапайым халықтың мүдделерін есепке алуға шақырған. Мемлекеттің шығу тегін келісім тұжырымы арқылы негіздеген.
Полития - мемлекеттің жақсы түрі ретінде олигархия мен демократияның жақсы жақтарын қабылдаған. Полития мемлекеттің «орта» түрі: мүлікте орта жетістік, билікте орта топ. Мемлекет орта адамдардан тұрады.
Реформация - халықтың католиктік шіркеу бұғауынан босанып, ар ұждан еркіндігін жариялауы, яғни ерте христианшылдық негізінде шіркеуді өзгерту, демократияландыруды жүргізу.
Социум – (латынша біріккен, ортақ деген мағына білдіреді) өзара қарым-қатынастағы тұрақты адамдардың бірлестігі.
Статус – (латынша жағдай деген мағынада) әлеуметтік топтың немесе адамның қоғамдағы орнын анықтайтын категория.
Стереотип – (грекше қатты және қолтаңба деген сөздерден тұрады) әлеуметтік объект туралы схемалық, білімге негізделмеген түсініктердің қалыптасуы.
Стиль – (грекше сөзбе сөз түзу шыбық деген мағынада) тұрақты мінез-құлық, іс-әрекет, әдеттердің жиынтығы.
Стратификация – (латынша қабат және жасау деген сөздерден құрылған) қазіргі қоғамдағы теңсіздікті білдіретін категория.
Сциентизм - (латынша білім, ғылым деген мағына береді) мәдениетте ғылымның мәнін жоғары қоятын көзқарас.
Табиғи жағдай - мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған, жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Қайта өрлеу дәуірінде ойшылдармен кеңінен дамытылған идея.
Технократия - (грекше өнер, шеберлік және билік деген мағынада) техникалық мамандардың мемлекет басына келуін қалайтын бағыт.
Урбанизация - (латынша қалалық деген мағына береді) қалалардың өсуін білдіретін әлеуметтік-экономикалық үрдіс.
Утилитаризм - латын тілінен аударғанда пайдалылық дегенді білдіреді. Утилитаризм негізіне төрт қағида жатады: адам қызметінің мәні рахат көру және азап көрмеу; барлық құбылыстардың негізгі шешімі пайдалылық, кез келген міндетті шешу құралы; мәдениеттілік, көп адамға бақытқа жетуге бағыт береді; адамзат дамуының мақсаты жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігін қалыптастыру арқылы ортақ пайдаға жету.
Утопия – (сөзбе сөз тамаша жер деген мағынада) ғылыми-көркем шығармашылықтың бейнелі түрі, нақтылықты сынаудан пайда болған теория.
Футурология - (латынша болашақ және грекше ілім, білім деген сөздерден құрылған) болашақты зерттейтін, болжам жасайтын ғылым.
Цивилизация (өркениет) – (латынша азаматтық, мемлекеттік) ғылыми және техникалық жетістікке жеткен қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуын білдіретін даму сатысы.
Эксперимент – (латынша тәжірибе, байқап көру) бақылай және басқара алатын жағдайда жаңа мәліметтер алу әдісі.
Эмпиризм – (грекше тәжірибе деген мағынада) әлеуметтік құбылыстарды, үрдістерді объектілерді зерттегенді мәліметтерді жинау, сандық көрсеткіш категорияларымен зерттеу жүргізетін қолданбалы ғылым.
Эргономика – (грекше жұмыс және заң деген сөздерден құрылған) өндірісте, тұрмыста адамның техникалық құралдарды пайдалана отырып жұмыс жасау мүмкіндігін зерттейтін ғылым.
Этнос – (грекше тайпа, халық дегенді білдіреді) белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан, мәдениеті, тілі, психологиясы ортақ адамдар бірлестігі.
Этос – (грекше сипат, ғұрып деген мағына береді) белгілі бір әлеуметтік топтың мәдениетіне жалпылама сипаттама.
