Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ БТ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
473 Кб
Скачать
☆

Саяси

Ішкі

Сыртқы

Банктік тәуекел сыныптамасы

Қауіпсіздік

Бухгалтерлік

Стратегиялық

Жаңа енізулер

Техникалық

Операциялық

Банк капиталының жеткіліксіздігі

Капитал құрылымы

Төлемқабілетсіздік

Өтімділік

Пайыздық

Қаржылық

Кореспондентік шот

Факроринтік

Есеп айырысу

Кассалық

Банк аралық несиелерді тарту

Нарықтық

Диверсификацияя

Салым депозит бойынша

Валюталық тіуекел

Несиелік тәуекел

Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты

Банк пассивтерімен байланысты

Банк активтерімен байланысты

Экономикалық

Құқықтық

Саяси

Ішкі

Сыртқы

Банктік тәуекел классификациясы

Қауіпсіздік

Банк пассивтер імен байланысты

Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты

Инфляциялық

Бухгалтерлік

Стратегиялық

Несиелік тәуекел

Жаңа енізулер

Төлемқабілетсіздік

Техникалық

Операциялық

Банк капиталының жеткіліксіздігі

Капитал құрылымы

Өтімділік

Банк активтерімен байланысты

Пайыздық

Қаржылық

Кореспондентік шот

Факроринтік

Есеп айырысу

Кассалық

Банк аралық несиелерді тарту

Нарықтық

Диверсификацияя

Салым депозит бойынша

Валюталық тәуекел

Экономикалық

Құқықтық

Қаржылық қызметті жүзеге асыруға байланысты

1-Сызба. Банктік тәуекелдердің классификациясы.

Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидаларына мыналар жатады:

  • Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы;

  • Банк клиенттерінің құрамы;

  • Банктік операциялар сипаттамасы;

  • Коммерциялық банктердің түрі.

Ал енді осы жоғарыда көрсетілген классификация өз кезегінде келесідей жіктеледі:

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси факторларға: соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және т.б. жатқызылады.

Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰӨ-нің төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділігінің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және тағыда басқа шектеулерді ( экспорттық, импорттық шектеулер, шетел инвестициясын лимиттеу сияқты) білдіреді.

Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады.

Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б факторлар. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді.

Банктің ішкі тәуекелінің өзі төртке жіктеледі: банк активтеріне байланысты, банк пассивтерімен байланысты, активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты, қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелі. Олардың өзі ішінара жіктеледі:

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің несиесінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді, сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытында айналысып отыруы керек. Несиелік тәуекелдің өзі былайша жіктеледі:

  1. Қарыз алушыға байланысты несиелік тәуекел:

  • обьективті;

  • субьективті;

  • заңды;

  1. Несиені қамтамасыз етумен байланысты тәуекел:

  • кепіл берушінің тәуекелі;

  • сақтандырылған кепіл мүлкінің тәуекелі:

  • кепіл мүлкінің өтімділік тәуекелі;

  • жойылу тәуекелі.

  • Жүйелік тәуекел;

  • Форс- мажорлық тәуекел.

Валюталық тәуекел – келісім шартқа қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау арасындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қауіпі. Валюталық тәуекел қандайда бір шет елдік валютаға ұлттық валютаның қатысы кезінде, курстың өзгеруі кезінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына, қосымша шығының шығуына алып келеді. Валюталық тәуекел ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

  • айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

  • конверсионды операциялар тәуекелі;

  • трансляциялық тәуекелдер;

  • форфейтинг тәуекелі;

  • коммерциялық тәуекелі;

  • операциялық тәуекелі.

Нарықтық тәуекел – валюталық, пайыздық және инвестициялық тәуекелдердің жиынтығынан тұрады. Бұл тәуекел мүмкін болатын жоғалтулардың, ескерілмеген шығындардың әсерінен және активтер мен пассивтердің нарықтық бағасының төмендеуіне, өтімділік дәрежесінің төмендеуінен туындайды. Нарықтық баға әрқашан да сұраныс пен ұсыныстың негізінде құрылады, сондықтан ол өзгеріп отырады. Нарықтық тәуекелді әсіресе несиемен қамтамасыз ету кезінде ескерген жөн, себебі бағалы қағаздар нарығындағы өзгеріс немесе жылжымайтын мүлік нарығындағы кері жағдайлар күтілмеген шығындарға алып келуі мүмкін.

Кассалық тәуекел – кассалық операциялардың жүргізілуі барысында кассирлер тарапынан байқаусызда немесе кассирлердің жұмысқа салғырт қарауынан туындайтын тәуекелдің түрі. Банк тәжірибесінде кассалық кателіктер көбіне аударымдар жасағанда, коммуналдық төлемдер қабылдағанда, алаяқтардың басқа тұлғалардын атынан ақша алуы және т.б жағдайларда туындайды.

Есеп айрысу тәуекелі – банктің есеп айрысу процесін ұйымдастыру барысында есеп айрысу техникасына байланысты туындайтын тәуекел. Төлемсіздік немесе төлем мерзімін бүзу тәуекелі, есеп айрысу формаларының төлем және құжат айналымдары тәсілдері, есеп айрысу мазмұны мен мәмілелерінің сипаттамасына сәйкес келмеу тәуекелі. Есеп айрысуға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеуі немесе олардың бұзылуы.

Факторингтік тәуекел – факторингтік келісім шарт негізінде клиентке қаржылық қызмет көрсету барысында, яғни тауарлы-комиссиондық операцияларды жүргізу барысында туындайды. Факторингтік операцияда үш тұлға қатысады. Олар: факторингтік компания немесе банк, жабдықтаушы, сатып алушы.

Инвестициялық тәуекел – белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі. Инвестициялық тәуекелдерді келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:

1.Жүзеге асыру сферасы бойынша:

  • техника-технологиялық тәуекел;

  • экономикалық тәуекел;

  • саяси тәуекел;

  • әлеуметтік тәуекелдер;

  • экологиялық тәуекел;

  • заңды-құқықтық тәуекелдер.

2.Жүзеге асыру түрлері бойынша тәуекелдер:

  • нақты инвестициялық тәуекелдер;

  • қаржылық инвестициялық тәуекелі.

3.Инвестициялық тәуекелдердің пайда болу көздері бойынша:

  • жүйелі тәуекел: пайыздық, валюталық, инфляциялық, саяси тәуекелдер.

  • жүйесіз тәуекелдер

Банкаралық несиелерді тарту тәуекелі – банктердің арасында бір біріне берілетін несие, яғни банк өз өтімділігін қамтамасыз ету үшін алатын қысқа мерзімді несие неізінде туындайды. Банк аралық несие тартылған ресурстардың ішіндегі ең қымбаты, олар көбінесе бір күнге немесе бір түнге берілетін несиелер, яғни овернайт несиелері.

Диверсификациялық тәуекел –ақша қаражатын әртараптандыру кезінде әр түрлі салаға орналастыру неізінде туындайтын тәуекел. Ақша қаражаттарын әр салаға бөліп салу тәуекел деңгейін азайтады, алайда жалпылама экономикалық құлдыраулар салалардың құлдырауына алып келуі мүмкін, осы жағдайда диверсификациялық тәуекелді жоғарылатады.

Өтімділік тәуекелі –банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерін уақытында орындай алмауы, қолма-қол ақша қаражаттары мен активтерінің жеткіліксіздігінен, басқа көздерден тез арада тарта алмауы негізінде туындайды. Банк өтімділігінің төмендеуі тікелей банктің нарықтағы деңгейінің төмендеуіне, яғни бәсекелестік қабілетінің азаюына алып келеді.

Пайыздық тәуекел – бұл пайыз мөлшерлемелерінің болжанбаған ауытқуы негізінде банктің ысырапқа ұшырау мүмкіндігі. Пайыз мөлшерлемесі өзгергенде банк табыстары мен шығындары, активтерінің нарықтық құны, пассивтер мен баланстан тыс шоттар да өзгереді. Пайыз тәуекелі берілген ссудалар мен тартылған қаражаттардың мерзімдері сәйкес келмеген жағдайда немесе активтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілмен берілгенде пайда болады. Пайыздық тәуекелдің жіктемесі:

  • Жаңа баға құру бойынша активтер мен пассивтер бағасының өзгеруі;

  • Табыстың өзгеру тәуекелі;

  • Базистік тәуекел

  • Операциондық тәуекел.

Төлемқабілетсіздік тәуекелі –клиенттің банк алдындағы қарыздарын өтей алмау кезінде туындайды. Төлемқабілеттілікті скоринг жүйесі арқылы бағалайды, яғни несие бермес бұрын төлемқабілеттігін бағалау керек.

Капитал құрылымы тәуекелі – банк капиталының құрылымының, яғни банктің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және меншік капиталының дұрыс орналастырлмауынан, қолданбауынан туындайды сонымен бірге банк ресурстарының нарыққа сәйкес қымбаттауы немесе арзандауы барысынд болады.

Меншік капиталының жеткіліксіздігі тәуекелі – коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасының азаюынан, банк меншігінде тартылған қаражаттардың үлесінің тым артып кетуінен туындайды. Банк секторының əлеуетін нығайту жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған жəне жаңадан құрылатын банктердің меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар 2009 жылғы 1 қазаннан бастап - 5 млрд. теңгеге дейін, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап – 10 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылады. Алматы жəне Астана қалаларын қоспағанда, негізгі қызмет көрсету көлемі Қазақстанның аймақтарында көрсетілетін аймақтық банктер үшін меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап 2 млрд. теңгені (бірқатар талаптар орындалған кезде); 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 4 млрд. теңгені құрайды.

Операциондық тәуекел – қызметкерлер тарапынан болатын ішкі процестерді жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктер, ақпараттық жүйемен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан болады.

Техникалық тәуекел – банктік жүйеде жұмыс жасап отырған бағдарламалардың ескіруі, жаңа құрылған бағдарламалардағы кемшіліктер салдарынан туындайды.

Жаңа енгізулер тәуекелі – жаңа банктік өнімді нарыққа енгізумен байланысты тәуекел. Яғни нарыққа енгізілген өнім күтілген бағада өтпеуі, ойлаған шығындардан нақты шығындардың асып кетуінен, банк басшыларының жаңа өнімді енгізудегі іс-әрекеттерінің дұрыс ойластырылмағандығынан болады.

Стратегиялық тәуекел – банктің алға қойған стратегиялық жоспарларының дұрыс құрылмағандығы салдарынан, яғни орналасқан жерінің дұрыс таңдалмағандығы, ол жердегі банк өніміне деген сұраныстың дұрыс бағаланбауы, алға қойған жобалардың дұрыс жүргізілмеуі негізінде туындайды.

Банктік тәуекелдердің пайда болу уақытына байланысты банктік тәуекелдер ретроспективті және перспективті болып бөлінеді. Тәуекелді бұлай бөлудің тиімділігі болжанған шығындардың алдын алуға көмектеседі, яғни бұрын кеткен кателіктерді алдын-ала ескеріп отырады.

Тәуекел деңейіне байланысты банктік тәуекелдер төмен, орташа, жоғары болып бөлінеді. Бұл тәуекелдердің деңгейлері коэффицентер немесе процент түрінде көрсетіледі.

Банктік тәуекелді есептеу әдісі бойынша кешенді және жеке болып бөлінеді. Кешенді дегеніміз жалпы банктің тәуекелін есептегенде, тәуекел көлемін болжағанда, өтімділік туралы экономикалық заңдылықтарды ұстағанда қажет. Жеке дегеніміз жеке банктік тәуекелдерді шкалалар, коэффиценттер түрінде есептегенде ескеріледі.

Банктің типіне қарай банк тәуекелдері мамандандырылған, салалық және әмбебап банк тәуекелдері болып бөлінеді.

Банк клиенттерінің құрамына қарай: кіші, орта, және үлкен деп үшке бөлінеді.

Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігіне қарай: ашық және жабық болып жіктеледі. Ашық тәуекел дегеніміз пайда болған тәуекелдің бетін қайтаралмайтын түрін айтамыз, ал жабық тәуекелде пайда болған тәуекелдің бетін диверсификация арқылы азайтуға болады.

  • Банктік тәуекелдердің әр түрлі бағыттар мен салаларға, критерилерге байланысты жіктелуі банк саласында тәуекелдің пайда болу тұстары көп екендігін көрсетеді. Жалпы банктік сферада 130-дай банктік тәуекелдердің түрі кездеседі, жоғарыда аталып көрсетілген тәуекел түрлері солардың негізгілері десек болады. Банктік тәуекелдердің түрлерін білмейінше оны банк тәжірибесінде басқара да алмаймыз.