Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЧП СРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

2.1 Халықаралық жеке құқықты унификациялау:

халықаралық шарт және халықаралық ұйымдар

2.2 Халықаралық шарт - тмд елдерінің халықаралық жеке құқығын унификациялау құралы

ТМД шегіндегі халықаралық қатынастардың негізгі құқықтық базасы болып - Достастықтың мүше мемлекетерінің арақатынастарының түрлі салалаларындағы көпжақты және екі жақты келісімдері табылады. Кәсіпкердің бірегей мәртебесін анықтау және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін біртектес құқықтық орта қалынтастыру мақсатында реттеудің халықаралық-шарттық түсінігіне жүгіне ерекше көңіл бөлуды талап етеді.

Шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты дауларды шешу тәртібі жөніндегі Келісім осы бағыттағы маңызды қадам болды. Келісім ТМД-ге қатысушы мемлекеттерінің шаруашылық субъетілеріне өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғау үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету қажетілігіне негізделеді, осы мемлекетердің соттарының шаруашылық субъектілері арасындағы шарттық және басқа да азаматық құқықтық қатынастарынан, олардың мемлекетік және басқа да органдарымен қатынастарынан шығатын істер бойынша соттардың күшіне енген шешімдерін мойындау және атқару мәселерін реттейді, ТМД –ның бір мүше-мемлекетінің азаматтық заңнамасын ТМД-ның басқа мүше-мемлекетінің аумағында қолданудың ережелерін анықтайды.

Құқықтарды өзара мойындау меншік қатынастарын реттеу жөніндегі 1992 ж. Келісім, оған қатысушы Достастық мемлекеттерінің өзара қарсылықтарын болдырмайтын құқықтық нормаларды қалыптастыруға бағытталған. Тараптардың, олардың азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігі, сол меншік орналасқан аумақтың иесі болып табылатын тараппен қамтамасыз етілетін толық және сөзсіз құқықтық қорғауды пайдаланады. Бұл меншік заң актілерімен көзделген ерекше жағдайларды санамағанда, мәжбүрлі тартып алынуға жатпайды. Ол мәжбүрлі түрде тартылып алынған жағдайда, мемлекет оның иесіне сол меншіктің құнына сай компенсация төлейді.

ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің ұйымдары арасында тауар жеткізудің жалпы жағдайлары туралы 1992 ж. Келісімінің негізгі мазмұнын, тауарлардың жеткізілімін реттеу міндетін орындайтын органдардың міндетіне жататын ережелер құрайды. Баға мен есептесу тәртібі, жеткізілетін тауардың сапасы және жиынтықтылығы, саны, тауарларды жеткізу мерзімдері мен тәртібі және тараптардың мүліктік жауаптылығы тауарларды жеткізу шарттарынды жеткізуші мен тұтынушылар арасындағы өзара келісім бойынша анықталады.

Тұтастай алғанда, ТМД елдерінің халықаралық шартты – шетелдік элементі бар жеке құқықтық қатынастарды реттейтін құқықты унификациялаудың кұралы ретінде пайдалануы жеткіліксіз болып табылады.

Достастық елдерінің экономикалық интеграциясы мәселелерін шешетін Келісімдер ''үлгілі заң актілері'' деген тақырыпқа көңіл бөлген. Әр түрлі ұлттық құқықты унификациялау механизіміне берілетін мәнді осындай келісімдерден алынған бөліктер растайды. Мысалы, Экономикалық Одақты құру туралы 1993 ж. Шарттың 26-бабында үлгі актілеріне келесі жолдар арналған: Келісуші тараптар экономикалық қатынастарды біркелкі ретеуге қол жеткізудің қажеттілігін мойындап, ұлттық заңнаманы осы шарттың нормаларымен және халықаралық құқықпен сәйкестікке келтіруге келісті.

Осы мақсаттарда тараптар:

  • Шаруашылық арақатынастарды реттейтін үлгі актілерін жасауға

  • Қолданыстағы ұлтық заңнамаларды, олардағы қайшылықтарды жою мақсатында үлгілі жобалар мен халықаралық құқық нормаларының негізінде үйлестіру және жақындастыру жұмыстарын жүргізуге келісті.

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 ж. Шарттың 15 және 22 – баптарында: “Тараптар заң жобаларын жасау жұмысын үйлестіреді, үлгілі заң актілерін жасайды…”, “Парламентаралық комитет тараптардың заңнамаларын жақындату және үйлестіру мақсатында өз өкілеттіліктерінің шегінде үлгі актілерін қабылдайды, осы актілердің негізінде ұлттық заңнамалар жасалады…” делінген .

Үлгі заң актілерін жасау идеясының, ол жүзеге асып отырған сайын үлкен тәжірибелік маңызға ие болып отырғандығын - ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясының бесінші, алтыншы және жетінші пленарлық отырыстарда (29-шы қазан 1994 ж., 13-ші мамыр 1995 ж. және 17-ші ақпан 1996 ж.) үлгі ретінде Достастықтың ұсынбалы заң актілірі - Азаматтық кодекстің сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші бөлімдерін қабылдау маңызды дәлел болады. Азаматтық кодекстің үлгісін жасау - үлгілі заң жобаларын қалыптастыру ТМД елдері әріптестігінің кейбір салаларында заңнаманы үйлестірудің әсерлілігі халықаралық шарттан кем түспейтін құрал деген қорытынды жасауға негіз болады