Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

3. Бара-бар (пропорционалды) сайлау жүйесі

Пропорционалды сайлау жүйесі-бұл әлемде барынша кең таралған жүйелер, онда әр саяси партия сайлауға қатысқан парламентте оған берілген сайлаушылар дауысының пропорционалды саны депутаттың мандаттар санын алады. ХХ ғ. басында оның 152 түрлері саналады және қазіргі уақытта ол әлемнің 60 тан астам елінде бар. Пропорционалды жүйенің әр түрлі түрлері бір мәселені әртүрлі әдіс пен тәсілдермен шешеді, мәселен, мандат саны мен дауыстар саны арасында сәйкестікке жету.

Бұл жүйенің ерекшелігі сайлау процесінде жеке кандидаттар емес, партиялық тізімдер өзара бәсекелесетіні болып табылады. Сондықтан әр аймақтан бір емес, бірнеше немесе көп кандидаттар сайланады.

Пропорционалды жүйе униноминалды болмайды, себебі бір мандатты әртүрлі партиялар арасында бөлу мүмкін емес, яғни мұнда көп мандатты аймақтар қолданылады.

Аймақ көп болған сайын, пропорционализмнің басымдылығы айқын көрінеді. Кей жағдайда бүкіл ел бір сайлау аймағы болуы мүмкін.

Пропорционалды жүйенің ерекшелігі кандидаттар тізімі ережеге сәйкес иесіз болып табылатыны, сондықтан сайлаушы қолдайтын партиядан кандидаттарды мүлдем білмеуі мүмкін. Одан басқа жүйенің барынша маңызды белгісі тіпті ұсақ партияға қатысты болса да заңнамалық органда оның өкілеттілігіне кепілдік беруі болып табылады.

Пропорционалды жүйенің өзінің түрлері бар.Оның жіктелу шартына сәйкес келетін мандатты пропорционалды бөлу әдісін пайдалануға болады.

Барынша кең таралған әдістер

-сайлау квотасы (үлес) әдісі. Сайлау квотасы –бұл бір кандидатты сайлау үшін керекті дауыстардың аз саны. Үлесті санау жүйесі әр түрлі, бірақта жалпы үлес тиісті мандаттардың саны берілген дауыстардың санының бөлінуімен анықталады.

Қандай жағдайда болмасын квота әдісін қолдану одан әрі қосымша операцияларды жүргізуді талап етеді, себебі қолданылмаған дауыстар мен бөлінбеген мандаттар қалады. Осымен байланысты келесі ережелер қолданылады:

  1. барынша қалдық ережесі-ең үлкен қалдық дауысы бар партияларға бөлінбеген мандаттар беріледі;

  2. барынша орташа ереже –бөлінбеген мандаттар бірлікті үстемелеумен мандаттарды бірінші бөлуде алынған санға олардың жиналған санды бөлу жолымен алған дауыстарына барынша жеке қатысты партияларға беріледі.

Әлемдік практика пропорционалды жүйенің бұрмалайтын бірнеше тәсілдерін біледі.

Кең таралған тәсілдердің біріпанаширование, француз тілінен аударғанда қоспа(смесь) , қабат дегенді білдіреді. Сайлаушыға бос орындарды толтыратын санға сәйкес бірнеше дауыстар ұсынылады.Ол бұларды бір тізім ретінде , сондай-ақ әртүрлі тізімдердегі депутаттарға беруі мүмкін. Бұл тәсіл әртүрлі түрдегі көзбояушылықтардың тууы үшін мүмкіндіктер жасайды. Күшті партиялар аймақта қамтамасыз етілген мандаттар иеленуші ,өздерінің артық дауыстарын барынша әлсіз партияларға бере алады, өзінің сайлаушыларына панаширования тәртібімен әлсіз партияның тізімінен қандай да бір кандидатқа дауыс беруді ұсынады.

Пропорционалды сайлау жүйесін бұрмалайтын арнайы ережелердің бірі “заградительный пункт” болып табылады. Оған сәйкес заң бойынша тағайындалған дауыстардың минимумын жинай алмаған партиялар орынды бөлісуге қатысуға жіберілмейді және осы партияларға берілген дауыстар сайлау квотасын санауда ескерілмейді. “Заградительный пункт” тәсілі пропорционалтзм мақсатының өзін шектейді.

Пропорциониалды жүйені искажающий келесі ереже тізімдерді біріктіру , яғни ортақ партиялық блокты құру болып табылады. Бірқатар елдердің заң шығару органдары парияларға өздерінің тізімдерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл ережеге сай блок құрушы партиялар өздерінің кандидаттарының тізімдерін біріктіргенін жариялайды, бұл партиялардың тізіміне берілген дауыстар олардың ортақ тізіміне берілген ретінде қарастырылуы керек. Біріктірілген тізімнен алынған орындар содан кейін бұл тізімдердің әрқайсысымен алынған дауыстар санына сәйкес олардың арасында бөлінеді.Тізімдерді біріктіру –бұл ең алдымен блок құрушы партиялардың мүмкіндігін жасанды көбейту әдісі.

Пропорционалды сайлау жүйесінің өзінің кемшіліктері бар. Ең басты ол кемшіліктердің сипаты саяси , қызметтік сипаты.

Біріншіден, ұсақ партиялардың парламентте өздерінің өкілдіктерін алуы, қоғамның барлық топтарының өкілдерінің мақсаты қөзқарасынан , сол уақытта үкіметті құруда күрделі мәселелерді тудырады, себебі бұл жағдайда бір де бір партия парламентте берік абсолютті көпшілікті иеленбейді.

Екіншіден, пропорционалды сайлау жүйесінде сайлаушы партиядан барлық кандидаттарды білмейді, тек лидерлер және тізімде бірінші есмдер болуы мүмкін, бұл партиялық электорат пен партиялардан бірқатар мүшелердің саясаттан алыстауына алып келеді.

Сонымен қатар пропорционалды жүйе демократиялық партияларға парламентте өзінің өкілеттіліктеріне жасанды жетуге мүмкіндік береді және өкілетті орган қоғамдағы саяси күштердің нақты ара қатынасы барынша объективті бейнесін береді.

Әлемдік практика көрсеткендей , пропорционалды сайлау жүйесі әлемнің көптеген елдерінде өзінің қолданылуы жағынан басқа сайлау жүйелеріне қарағанда басым түседі. Ол Австрия, Аргентина, Бельгия, Израиль, Италия, Нидерланды және т. б. Қолданылады.