- •Мазмұны
- •1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
- •2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
- •3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
- •1. Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
- •1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері
- •Экономика саласының кәмелеттігінің мысалдары
- •1.2 Инвестициялық жобаны талдау формалары
- •Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.
- •1.3.1 Инвестицияның тиімділігін талдау
- •Инфляцияның инвестиция тиiмдiлiгiнiң бағасынa әсерi
- •1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары
- •Бөлім-II Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау.
- •2.1 Жшс « Тамир » инвестициялық жобасы.
- •2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс - гэс» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.
- •Бөлім-III Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
- •3.1. Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері
- •3.2. Инвестициялық жоспардың экономикалық талдау
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Экономика саласының кәмелеттігінің мысалдары
Кәмелеттілік кезеңі |
|||
эмбриональді |
өсуші |
кәмелеттік |
қартайған |
Күн энергетикасы |
Видеотаспаларды өндіру |
|
Кеме жасау (Европа) |
|
Көмір өндіру (АҚШ) |
|
|
Үй компьютерлері |
|
Сағат жасау |
|
|
|
Велосипед жасау |
|
Жобалардың сан алуандығына қарамастан, оларды анализдеу біршама жалпы сызба нұсқа бойынша жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Сызба нұсқадағы «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген жобаның анализі басынан қайта басталуы тиісті.
1.2 Инвестициялық жобаны талдау формалары
Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.
Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:
қаржылық дербестігі (қаржылық баға);
тиімділік (экономикалық баға).
Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі). Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі.
1-сызбадан әрбір критерий бойынша бірнеше әдіс берілген.
Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы
Табыс туралы есеп
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Баланс
Қарапайым (статистикалық) әдістер
Қаржылық бағалау (қаржылық тұрақтылық)
Экономикалық бағалау (инвестицияның тиімділігі)
Дисконттау әдістері
Қаржылық бағалау коэффициенттері
Ішкі табыс нормасы (IRR)
Жобаның қазіргі құны (NPV)
Қарапайым табыс нормасы
Өтелу мерзімі
Сызба 1- Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы
Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:
Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.
Маркетингтік талдаудың базалық мәселелері мыналар:
Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты долбарлайды ма?
Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?
Жобалар қазіргі нарықта іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер аумағында негізгі бәсекелестердіталдайды. Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді. Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек.
Маркетингтік жоспарға сондай-ақ сұранысты болжау да енеді. Инвестициялық жоспардың әзірленуі бойынша болжаудың анықтығын тексереді және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.
Инвестициялық жоспардың барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін ескеру қажет.
Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:
Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс анализі кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:
- Потенциальді сатып алушы кім?
- Өнімді сатып алу себептері?
- Сатып алу қалай жүзеге асырылады?
- Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинайды?
Нарықтың құрамын зерттеу бәсекелестер, мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесе марка қойылған немесе қойылмаған өнімдерден бастайды. Сондай-ақ нарыққа жаңа қатысушылар (болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім (мысалы, мақта үшін жасанды талшықтар, жеміс шырыны үшін алкогольсіз сусындар) тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:
- Берілген өнімнің нарығының қазіргі құрылымы қандай?
- Осы саладағы бәсекелестік базасы?
- Институциональді шектеулер бәсекелестік ортаға қалай әсер етеді?
Маркетингтік жоспар жобаның негізгі бөлімі болуы тиіс, оны әзірлеуде маркетологы мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- Өнім қаншалықты жақсы даярланған?
- Бағалаудың стратегиясы дұрыс анықталған ба?
- Өнімнің нарыққа шығу стратегиясы дұрыс анықталған ба?
- Алып-сату жүйесі сатушы мен сатып алушыларының эффектілі байланысын қамтамасыз етеді ме?
- «Маркетингтік қоспа» элементтері біріңғай жұмыс істеп тұрған маркетингтік жоспарға біріктірілген бе?
Қорытындылай келсек, маркетингтік бөлім жобаны талдау кезінде анықтаушы мәнге ие, себебі ол жобаның іске асуын бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда кәсіпорында нашар маркетингтік талдау жіберілгендіктен, ол кәсіпорын алып-сату операцияларға көптеген қаражат жұмсайды, ол әрине қалаған пайда келтірмейді.
Техникалық талдау - инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:
- Жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
- Жергiлiктi жaғдайларды талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс күшiне қол жеткiзудi және оның құнын;
- Жобаның iскe асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс; 2) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.
Eгep өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегi схемалардың бiрi бойынша бiреуiмен шетелдiк технология мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:
- шетел фирмасымен бiрлескен кәсiпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
- технологиялық «ноу-хауды» icке асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
- «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процестi қалыптастыру;
- «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсiпорынның қажеттi дайын өнім шығарғанға дейiн персоналды оқыту;
- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;
шетелдiк технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялар арасындағы кілттік факторларды таңдау технологияларды қолданудың келесі аспектілерін талдауға әкеледі.
Ұқсас масштабта таңдалған технологияларды бұрынғыдай қолдану (нақты нарық үшін масштабтар тым үлкен болуы мүмкін).
Шикізаттың жергілікті болуы (потенциальді ұсынушылар, олардың өндірістік қуаты қандай, шикізат сапасы, осы шикізатты қолданушылардың саны, шикізат бағасы, әкелу қызметтерінің бағасы мен әдістері, қоршаған ортаға қатыстығы).
Коммуналдық қызметтер және коммуникация.
Технологияны сатушы мекеменің өнімге патенті немесе лицензиясының барына көз жеткізу.
Ең болмағанда, бастапқы кезеңде технологияны сатушының өндірісте болуы.
Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі (температура, ылғал және т.б.)
Жүктеуші фактор (жоба шарттары бойынша номинальді қуаттан пайыздар) және толық өндіруге қабілетті болғанға дейінгі уақыт.
Экология және тіршілік қауіпсіздігі.
Өндірістік және қаражат шығыны.
Сәттіліктің кілттік факторлары |
Фактор мөлшері |
Бәсекелестер |
|||
А |
В |
С |
D |
||
Бұрынғы қолдану |
3 |
6 |
3 |
2 |
0 |
Шикізаттың жеткілікті болуы |
5 |
3 |
4 |
6 |
9 |
Коммуналдық қызметтер және коммуникация |
2 |
5 |
3 |
2 |
6 |
Патент немесе лицензиясының бар болуы |
1 |
0 |
0 |
10 |
10 |
Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі |
2 |
7 |
5 |
4 |
7 |
Жүктеуші фактор |
|
7 |
4 |
6 |
8 |
Экология және тіршілік қауіпсіздігі |
4 |
10 |
8 |
5 |
3 |
Капиталды және өндірістік шығындар |
5 |
5 |
4 |
8 |
6 |
Есептелінген критерий шамасы |
|
143 |
109 |
136 |
147 |
Кесте 1 - Қолайлы техникалық шешімді таңдау мысалы
Бұл кестедегі әр фактор 10 баллдық шкала бойынша бағаланған көп альтернативті таңдау мысалы көрсетілген. Ортақ критерий мына формуламен есептеледі:
мұндағы
-
жеке критерий мөлшері,
G – жеке критерий шамасы.
Критерий мәні жоғары болған техникалық жоба қолайлы деп есептелінеді. Қарастырылған мысалдағы А және D техникалық альтернативтері шамалас, бірақ D-альтернативасын таңдаған дұрыс.
Әлеуметтік талдау – мақсатты жоба жоспарының вариантын оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.
Экологиялық талдау – қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданатынын қарастырады.
Қаржылық талдау - инвестициялық жобаның бұл бөлiмiнiң көлемдi және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселенi түпкiлiктi қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенiн қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлiмiнiң жалпы нұсқасы қарапайым тiзбекке негiзделген:
1. Кәсiпорын қызметiнiң соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегi қаржылық жағдайына талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңiндегi кәсiпорынның қаржылық жaғдайына талдау жасау.
Негiзгi өнiм өңдiрiсiнiң залaлсыздығынына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиiмдiлiк бағасы.
Кәсiпорынның бұдан бұрынғы қызметi мен aғымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсiпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиiмдiлiгiн, несие қабiлеттiлiгiн, өтемпаздығын көpceтeтiн негiзгi қаржылық коэффициенттерiнiң интерпритациясы мен есептеулерiне келтiрiледi. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлiмде кәсiпорынның өткен жылдардағы негiзгi қаржылық есебiн беру және негiзгi көрсеткiштердi салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшiн дайындалса, онда қаржылық есептi беруiн инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтiру керек.
Шығынсыздықты талдау негiзгi өнiмдердi шығару мен өткiзудiң өзiндiк құн құрылымын талдау бойынша жүйелiк жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндipic көлемi мен сату көлемiнiң өзгеруiне орай өзгередi) мен тұрақтыға (өндipic көлемi өзгеруiне байланысты өзгермейтiн) бөлiнуiн қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негiзгi мaқcaты шығынсыздық нүктeciн анықтау, яғни пайданың нольдiк мәнiнe сәйкес келетiн тауар көлемiн сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесiнде шығынсыздық нүктeci мен кәсiпорынның пайданы алып келетiн iскерлiгi ceнiмiнiң кейiнгi бaғасы мен салыстыруына негізделген.
Жобаның қаржы бөлiмiнiң неғұрлым жауапкершiлiгi мол бөлiгi оның инвестициялық бөлiгi болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
- жоба бойынша кәсiпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
- инвестициялық қажеттiлiктердiң қайнар көздерiн белгiлеу (және ары қарайғы iзденiс);
- инвестициялық жобаны iскe асыру үшiн тартылған капиталдың құнын бaғалау;
- жобаның iскe асуы есебiнен түceтiн пайда мен ақша ағымдарын болжау;
- жоба көрсеткiштерiнiң тиiмдiлiгiнiң бағасы;
Қаржылық талдаудың келесі әдістері бар:
Горизонтальді талдау әдісі – базалық мәліметтерді есеп беру мәліметтермен салыстыруға негізделеді.
Вертикальді талдау әдісі – бірнеше көлемдік көрсеткіштерін бір көрсеткішкеқатынасын есептеу. Бұл әдіс арқылы үлес салмақ есептеледі.
Факторлы талдау әдісі – егер бір көрсеткіш жеке көрсетілсе, онда сол бір көрсеткішке көбейте және бөле отырып факторлы моделінің мультипликаторын алуға болады.
Салыстырмалы талдау әдісі – кәсіпорынның алатын орнын анықтауда қолданады.
Индекстік талдау әдісі – бұл уақыт пен кеңістікті қарастыратын көрсеткіштін мәнін сипаттайды. Бұл талдау әдісі арқылы жалпы көрсеткіштін өзгерісіне жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын келесі түрлер бойынша бөледі:
Мүліктік жағдайын бағалау – кәсіпорынның активтері мен құрылым жағдайын сипаттайды.
Өтімділікті бағалау – яғни, активтік өтімділік (ақшаға айырбасталатын қабілеті) және баланс өтімділігі (кәсіпорынның айналым активтерін пайдалану арқылы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілеттілігі)
Қаржылық тұрақтылығын бағалау – кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражаттар есебінен қызмет ету мүмкіншілігі және оның сыртқы факторынан тәуелсіздік деңгейін анықтаумен сипатталады.
Іскерлік белсенділікті бағалау – кәсіпорынның нәтижелігімен сипатталады.
Рентабельділікті бағалау – бұл пайданың шығынға, өнім өндіру көлеміне, актив көлеміне, активтер құрылымына қатынасын сипаттайды.
Экономикалық талдау - қаржылық талдаудың негiзгi cұрағы: жоба кәсiпорын иелерінің (акционерлерi) байлығын көбейте ала ма? Бұл жоғарыда көрсетiлгендей, ақша aғымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономuкалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер emyін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау мiндетi қойылымынын мысалын қарастырайық.
А деген компания кез келген бiр тауарды келесi шарттармен өндірсін:
- компанияға шикiзатты арзан бaғамен мемлекеттiк ұйым сатсын;
- импортталатын қосалқы элементгердi де компанияға мемлекет халықаралық бaғалардан төмен сатсын;
- кәсіпорын өзiнiң жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартынын деңгейiнде төлесiн;
- нәтижесінде кәсiпорын тауарларды мемлекеттiк кәсіпорындарға шетелдiң epкiн нарығындaғы бaғадан едәуiр төмен бағамен сатады.
Мұндағы мiндет - мемлкеттің осындай жобаны icкe асырудан табатын пайдасын төменде көрсетiлген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:
- компанияға шикiзат пен қосалқы бөлшектердi нарықтық бaғамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдiк стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды epкiн бaғамен сатып алу;
- ұқcac тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткiштерi бойынша) шетелден сатып алу.
Осылайша, экономикалық талдау процесiнде бұл жобаның iскe асуының нәтижесiнде түскен кәсiпорын иелерiнiң пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
Экономикалық талдаудың қажеттiгi неде? Егер нарық толығымен (идеалды) epкiн болса, онда экономикалық талдау жүргiзудiң кepeгi жоқ, себебi компанияның иелерiне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Еркін нарықтың негiзгi белгiлерiн көрсетейiк:
- сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;
- барлық өндiрiс факторлары (еңбек, капитал, материалдар ) мобильдi болу керек;
- бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;
- нарыққа жаңа компаниялардың eнyiнe бөгеттер қойылмауы керек.
Осындай жaғдай алдыңғы қатарлы батыс елдерi үшiн де мiнсiз eкeнiн мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бaғасын мемлекет жасанды түрде өзгертедi (көтередi немесе төмендетедi) және егер жобаның қаржылық үлесi белгiлi болса да, экономикалық үлес өте сирек бaғаланады. Сoндықтан да ipi инвестициялық жобалар үшiн олардың қаржылық тиiмдiлiгiнен гөpi, экономикалық тиiмдiлiгi мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан (яғни жобаның ұлттық, басымдылық мiндеттерiне сәйкес дәрежесi).
Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесi нұсқау бойынша iскe асуы мүмкін.
1 - қaдaм.. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейдi. Мысалы:
Мемлекеттiң мaқcaттapы Мақсаттың салмағы
Қатты валютаның ағылуы 0,30
Қатты валютаның үнемделуi 0,20
Жергіліктi нарықта өнiмнiң көбеюi 0,15
Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 0,20
Аумақтарды дамыту 0,15
Барлығы 1,00
2 – қaдaм.. Альтернативтi жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшiн сандық өлшемiн анықтайды (абсолюттi мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендiк (комплекстiк) критерийдiң салмақталған мәнiн есептейдi:
3 - қaдaм. Үздiк вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийi бойынша жүргiзiледi.
Экономикалық тиiмдiлiк дайын өнiм мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, iшкi бaғамен (әлемдiк бaға ерекшеленетiн) және мемлекeттiң айырықша ерекшелiгi болып табылатын және әлемдiк бaғалармен және қағидалармен сәйкес келмейтiн (мысалы, басқа мемлекеттердiң валютасымен жұмыс істey шарттары) тaғы басқа нәрселердi есепке ала отырып бағаланады.
Экономикалық тиiмдiлiктi бaғалаудың iрiленген процедурасы мынaдай түрге ие:
- қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
- экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың ( жаңа жiктелуiн жасау;
- қаржылық мәндердi экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және iшкi нарық бaғасы мен шығыдардың үйлеспеуінe байланысты);
- ресурстарды қолдану және өнiмдер алу үшiн басқа мүмкіндiктердiң құнын бaғалау;
- ішкi төлемдер бойынша барлық есептеулердi шығарып тастау (өйткенi олар мемлекеттiң жалпы байлығын өзгертпейді);
- жыл сайынғы экономикалық құралдар aғымын инвестицияның бастапқы көлемiмен салыстыру (бұл нәтиже болады).
Taғы да айтып кетейiк, экономикалық талдау әдетте мемлекeттiң тапсырысы бойынша жасалатын және ұлттық мaғыналы мiндеттi шешуге бaғыттaлған ipi инвестициялық жобаларға жүргiзiледi. Егер кәсiпорын инвестициялық жобаны өз бастамасы бойынша әзiрлеп, инвесторды өз бетiмен тартса, онда бұл icтiң нәтижесiнде жобaға қатысушыларының жалпы ұтыcы негiзделедi, ең алдымен жобaға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшiн. Және де, осы тұлғалардың санына мемлекет кipмece, онда жобаның экономикалық талдауын жасамауға болады.
Институционалдық талдау - институционалдық талдау инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкiмшiлiк тұрғыда есепке алынуы мен сәттiлiкпен орындалу мүмкiндiгiн бaғалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлiмi сандық та, қаржылық та емес болып табылады. Оның негiзгi мақсаты - инвестициялық жобамен бiрге жүретiн сыртқы және iшкi факторларының жиынтығын бaғалау.
Iшкi факторларды бaғалау әдетте келесi нұсқау бойынша жүреді.
Өндiрiстiк менеджмент мүмкiндiгiн талдау.
Менеджменттiң нашар болуы кез келген, тiптi жақсы жобаны күйретуi мүмкін екeнi белгiлi. Кәсiпорынның өндiрiстiк менеджментiн тaлдaғанда келесi cұрaқтapғa көңiл бөлу керек:
- кәсiпорын менеджерлерiнiң тәжiрибесi мен бiлiктiлiгi;
- оларды жоба шеңберiнде ынталандыру (мысалы, пайдадан алатын үлесi);
- менеджерлердiң жобаның мақсаттары мен этикалық және мәдени құндылықтарымен сыйысуы;
Еңбек ресурстарын талдау. Жобаны iскe асыру үшiн тартылатын еңбек ресурстары, жобаның iшiнде қолданылатын технологиялардың деңгейiне сәйкес болуы керек.
Ұйымдастырушылық құрылымын талдау. Инвестициялық жобаның осы бөлiмi неғұрлым қиын, өйткенi бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсiпорындарда тәжiрибе толығымен жоқ. Кәсiпорында қабылданған ұйымдастырушылық құрылым жобаның дамуын ұстап қалмауы керек. Кәсiпорында шешiм қабылдау процесi қалай жүрiп жатқаны мен оларды орындаy жауапкершiлiгiнiң бөлiнуi қалай жүзеге асып отырғанын талдау қажет.
Сыртқы факторларды талдaғанда негiзгi басымдылықтар келесi аспектiмен шартталған:
Мемлекеттiк саясат, мұнда нақтырақ талдау үшiн келесi позициялар бөлiнедi:
- тауарлар мен шикiзатты импорттау және экспорттау шарттары;
- шетелдiк инвесторлар үшiн құралдарды салу және тауарларды экспорттау мүмкiндiктерi;
- еңбек туралы заңдар;
- қаржылық және банктiк реттеудiң негiзгi ережелерi;
- бұл позициялар батыстық стратегиялық инвесторлардың тартылуын керек eтeтiн жобалар үшiн неғұрлым маңызды болады.
Мемлекеттiң мақұлдауы. Берiлген факторды мeмлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған ipi инвестициялық жобалар үшiн қарастыру қажет.
Тәуекелдi талдау - тәуекелдi талдаудың мәнi мынада. Жiберiлген caпасына тәуелсiз болашақтың әрқашанда белгiciздiк элементi бар. Мысалы, керектi мәлiметтердiң көп бөлiгi қаржылық талдау үшін (шығындар элементтерi, бағалар, өнiмнiң сатылу көлемi және т.с.с.) белгiсiз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жaққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуi) да өзгеруi мүмкін. Тәуекелдi талдау барлық өзгерiстердi, қай жaғынa болса да, есепке алуды қажет етедi.
Жобаны iскe асыру процесiнде келесi элементтер өзгерiске ұшырауға бейiм: шикiзат пен қосалқы бөлшектердiң құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудiң құны, сатудың құны, бaғаның құны және т.с.с. Нәтижесiнде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады, сонымен тәуекел тepic пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең.
Кейде тәуекелдi талдау процесiнде төмендегi нұсқау бойынша жүргiзiлуi мүмкін сценарийдi талдаумен шектеледi:
Инвестициялық жобаның неғұрлым белгiсiз параметрлерiн таңдайды.
Әр параметрдiң шектiк мәнi үшiн жоба тиiмдiлiгiне талдау жүргізеді.
Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
- базалық;
- белсендiгi неғұрлым төмен;
- белсендiгi неғұрлым жоғары (мiндеттi түрде емес). Стратегиялық инвестор әдетте белсендiгi төмен сценарийдiң негiзiнде қорытынды жасайды.
Қорыта айтқанда, инвестициялық жоба соңында бизнес-жоспар түрiнде толтырылады. Бизнес-жоспарда, дәстүр бойынша, жоғарыда берiлген cұpaқтap көрсетiледi. Сонымен қатар бизнес-жоспар құрылымында осы бөлiмнiң тақырыптарының қайталануы мiндеттi емес. Және де бизнес-жоспардың өмiрдiң барлық жaғдайына арналған стандарттары жоқ eкeнiн де ескеру керек. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бiрiншi кезекте жобаның болашақтағы жағдайын шешетiн инвестициялық iскерлiктiң талаптарын қанағаттандыру керек.
