Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бизнес жоспар иримшик.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
395 Кб
Скачать
☆

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі 3,1%-ға негізделген, бұл мал шаруашылығы көрсеткіштерінің 3,3% ұлғаюына байланысты болды. Саланың осылайша өсу қарқыны мемлекеттің, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің барынша қолдауымен қамтамасыз етілді. Ішкі нарықта бағаның өсуін ұстап тұру және тиісті инфляциялық күтулер үшін отандық тауар өндірушілер тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуда.

Сүт және сүт өнімдері өндірісі әлемде осы жылы 2%-ға ұлғаюы мүмкін ФАО сарапшылары бірінші жартыжылдықтағы деректерге жасалған талдаудың негізінде осындай қорытындыға келіп отыр. Осы беделді ұйымның шілдедегі зерттеулеріне сәйкес барынша жоғары өсу Оңтүстік Жер шары елдерінде,ең алдымен Жаңа Зеландия мен Австралияда күтілуде. Соңғы жылдары ЕО елдерінде сүтті қайта өңдеу және таза сүт пен қышқыл сүт сусындарын, ірімшікті, қоюлатылған және ұнтақ сүтті, майды және т.б. өндірудің өсу қарқыны байқалуда. Шығарылатын қышқыл сүт өнімдерінің түр-түрі едәуір кеңейді, олардың сапасының деңгейі артты, өндіру көлемі өсті. Бүгінде Қазақстанда ет-сүт және көкөніс-жеміс өнімдерін шығаратын ауылдық кооператив жұмыс істеуде, үш жылдан кейін олардың саны 450-ге жетеді деп жоспарлануда.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Жобаланатын цехтың негізгі мақсаты нарыққа ену және онда одан әрі тұрақтап қалу болып табылады. Қазақстандағы жоғары сапалы өнім шығарады деп күтілетін ең жоғары технологиялы және заманауи зауыттардың бірі ретінде жаңа кәсіпорынды жайғастыру жоспарлануда.

Жылжытудың негізгі әдісі ретінде мүдделі нысаналы топтарға тікелей жарнамалауды пайдалану қажет. Бұл үшін мыналарды қолдануға болады:

- зауыт туралы жарнамалық материалдарды және оның өнімдері бойынша жарнамалық-техникалық құжаттамаларды тарату;

- жергілікті және республикалық маңызы бар арнайы басылымдарда зауыт өніміне арналған жарнамалық-ақпараттық мақалалар дайындау.

Бұл ретте компанияның қабылданған жайғастыруға сәйкес келетін бейнесін құру факторының маңызы кем емес, бұл үшін PR – қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыру құралын тиімді пайдалану қажет. Соның ішінде арнайы жарнама басылымдарында жарнамалық-ақпараттық мақалалар дайындаудың тиімділігі зор.

Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру жоспарлануда:

- Басқалармен салыстырғанда бағаның салыстырмалы төмен деңгейі;

- Білікті құрам;

- Қазіргі заманғы жабдықтар;

- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс

Ірімшік өндіретін заманауи фабрикаларда жаңа технологиялар пайдаланылады. Технологияны жетілдіру жоғары сапалы, таза өнім алуға мүмкіндік береді.

Ірімшік өндіру технологиясының сипаттамасы

Ірімшік дайындаудың барлық процесін 6 негізгі кезеңге бөлуге болады:

1. Қайнату. Процестің мәні сүтті жоғары температураға дейін қыздыруда. Сол

кезеңде қандай сүттің пайдаланылғанына байланысты ірімшікта өзінің ерекше сипаттамасы пайда болады.

2. Іртуі. Сүт (обрат) мәйек немесе сүт ұйытқысын қосу арқылы ірітіледі. Нәтижесінде қою масса сұйықтан (сарысудан) бөлінеді.

3. Ағызу. Бұл кезеңде сарысуды ірімшік массасынан айырады. Кейбір жағдайда процесті тездету үшін ірімшік массасын қыздырады. Нәтижесінде қажетіне қарай массаға болашақ ірімшікке дәм беретін дәмдеуіштер, қоспалар және басқа да ингредиенттер қосылады. Бұл кезең алынатын ірімшіктің құрылымы мен дәмін қалыптастырады. .

4. Тығыздау Бұл кезеңде ірімшік арнайы қалыпқа салынады және тығыздалады.

5. Тұздау. Ірімшік массасын не тұздайды не әсер беру үшін тұзды ерітіндіге салады,

6. Пісіп жетілуі. Бұл кезеңде ірімшікті сақтау орнына немесе пісіп-жетілу үшін басқа да арнайы орын-жайға апарады, сол жерде оны мұқият баптайды. Оны асты-үстіне айналдырады, арасында жуады, шөткемен тазалайды. Ірімшіктің қай түрі дайындалуына байланысты оны ыстау, алкогольмен сүрту, дәмдеуіштер себу және басқа да әдістер жасауы мүмкін. Ең маңыздысы, орын-жайда осы процесс жүрген кезде белгілі ылғалдылық және температура деңгейі сақталады, өйткені соңғы нәтиже соған байланысты болады.

Сүзбені дайындаған кезде бастапқы шикізат сияқты (екінші сорттан кем емес және қышқылдығы 21% көп емес сиыр сүті) қайта өңдеу өнімдері (сүтті айыру арқылы майы алынған сүт), сондай-ақ арнайы өнімдер (таза мәдени сүт қышқылы стрептококтар, хлорлы кальций немесе 2-сулы хлорлы калькийлі ірімшікке арналған ұйытқы) де пайдаланылады. Қосымша өнім ретінде ауыз суды қолданады. Технологиялық процесс қышқыл сүт тәсілімен жүргізіледі.

Сүзбені өндіру технологиясы мынадай кезеңдер бойынша жүреді:

1. Шикізатты қабылдау және оның сапасын бағалау.

2. Сүтті қыздыру және айыру.

Бұл кезең пластинкалы қыздыру-салқындату қондырғысында жүргізіледі, онда сүт 37- 40°С температураға дейін қыздырылады, содан кейін кілегейін бөлетін сеператорға жіберіледі. Осының бәрі сеператордан өткізу ережелері бойынша жүргізіледі.

3. Нормаланған сүттің қосындыларын жасау.