Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhospary_Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

1.3 Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдерді қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімдеу технологиялары

Бейімделу процестері әртүрлі стихиялы және саналы икемделу механизмдерінің байланыстарын сипаттайтын үш формада көрінеді:

1.Бейімделу процесінің стихиялы көрінісі адамның өзін-өзі көрсетудегі өзінің көңілі толмауымен сипатталады. Мұндай жағдайда бейімделу процесі қоғамдық-тиімді іс-әрекеттен бас тартумен аяқталады. Қазіргі жағдайда бұл процестер адамның өзін-өзі қайта бағытталуынан, яғни барлық сауықтыру жүйелерінен, дәстүрлі емес жолдар мен психологиялық және физиологиялық өзін-өзі жетілдіруден, «экстарсенсорлық» қасиеттерін дамытудан және т.б. көрініс табады.

2.Бұл формасында шамамен стихиялы және саналы элементтердің тең байланысы сипатталады, оның шынайы жүзеге асыруынсыз жорамалдағы мінсіз модельді құруданкөрінеді. Тұлғаның бейімделуінің мұндай формасының нәтижесі, әртүрлі әлеуметтік қиялды қалыптастыру және оны насихаттау болып табылады.

3. Бейімделу процесінің үшінші формасы саналы элементтердің басым болуымен және тұлғаның мақсаттыбағытталған өмірлік әрекеттерін қалыптастырумен байланысты. Бейімделудің бұл формасы тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және оны қоғамдық даму субъектісіне айналдыруға ықпалын тигізеді [2,46-47 б].

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде бейімделу процестерін реттеу технологиясы балаларға және үлкендерге арналған стационарлы әлеуметтік мекемедерде, соның ішінде қарттарға арналған интернат үйлерінде ерекше мәнге ие болады. Бұл интернат үйлерінің негізгі қызметі әлеуметтік бейімдеу мен қайта бейімдеу болып табылады.Бейімделу тірі организмнің қоршаған ортаға қарапайым икемделуінен бастап, әлеуметтену процесі барысындағы күрделі әлеуметтік- психологиялық бейімделуі сияқты ұғымдардың кең шеңберін қамтитын процесс. Іс-әрекет субъектісі адамды күрделі, көп өлшемді әлеуметтік –психологиялық және биофизтологиялық жүйе ретінде қарастыру қажет. Осыдан келіп, адамның бейімделуін толығымен зерттеу оның барлық деңгейлерінің кешенді бағыттарын жүзеге асыру барысында ғана мүмкін болады.

Қорытынды

Қорытындылай кел, аз қамтылу ол жасөспірімдердің қазіргі трансформацияланған қоғамға әлеуметтік бейімделуіне өз ықпалын тигізеді. Яғни, жасөспірім өзін өзге қоғам мүшелерінен төмен санайды, көптеген әділетсіз жағдайлардың куәгері болады осылайша қоғамға деген өзінің көзқарастарын өзгертеді. Осылайша аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің қазіргі қоғамға сіңісуіне, өз орнын табуына , әлеуметтік бейімделу процесі қарқынды жұруіне үлкен ықпал етуіміз керек. Оларды дұрыс әлеуметтендіру үшін жоғарыда атап өткен әлеуметтік бейімдеу технологияларын қолданамыз.

Әлеуметтік бейімделу процесінде адам әлеуметтік ортаның ықпал ету объектісі және осы ортаның ықпалына жауап беретін субъектісі болып табылады. Бейімделу процесі бұл әлеуметтік құндылықтарды әлеуметтену арқылы игеру. Адам белсенді субъект ретінде өзінің өмір сүру барсында басқарушылық, экономикалық, психологиялық , педагогикалық технологиялар мен әдістерді, яғни адамдық өркениет өнімдерін меңгереді және қолданады.Іс жүзінде адамдық мәдениеттің барлық элементтері бейімделу механизмі арқылы тұлғаның қалыптасуына қатысады.

Кедейлік дегеніміз - жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Аз қамтылған этникалық топтардағы жасөспірімдердің өзіндік бір құндылықтары, ол құндылықтарды айқындауы, оларды бағалауы өзінше жүреді. Бұл жерде қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог А. Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б. Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу. Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу. Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарына сай міндеттері толықтай дерлік қарастырылып, аз қамтылған этникалық топтар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды шығарылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]