- •Терминологиялық сөздік
- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Жоба мақсаты
- •Қорытынды
- •Қашықтан білім берудің білім саласындағы рөлі.
- •Қашықтықтан білім берудегі мәліметті игеру деңгейі Қашықтықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
- •Қашықтықтықтан білім беруді ұйымдастыру технологиялары
- •Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:
1. қашықтықтықтан білім беру курстары түріндегі электрондық кітапханаға материалдар базасын жасау және жинақтау;
2. білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтық курстар, электрондық кітапханалар);
3. оқу процесін ұйымдастыру;
Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттыруды ұйымдастыруда оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін.
Бір деңгейлі модель мен екі деңгейлі модель.
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі |
Қашықтықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары |
Қашықтықтықтан оқытудың тыңдаушылары |
Қажет алғы шарттары: - оқытушылар, тьюторлар, координаторлар; -компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары; - әлектрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту курстары. |
Қажет алғы шарттары: - кейс-технологиясын қолдануда CD жеткізу каналы; телефон байланысы; Интернетке шығудың мүмкіндігі;
|
Қажет алғы шарттары: - компьютерлер; - кейс-технологиясын қолдануға байланыс каналы; - электрондық пошта; - телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN);
|
Бір деңгейлі модельді мына жағдайларда қолдануға болады:
- тыңдаушылар тұратын аудандарда қашықтықтықтан оқытудың бөлімін орналастыруға мүмкіндік жоқ;
- белгілі бір курс бойынша бір топтың тыңдаушылары облыстың әр түрлі аудандарында тұрады;
- белгілі бір аудан бойынша тыңдаушылар саны өте аз.
Бұл модельде тыңдаушыға оқу мерзімін өзі анықтауға мүмкіндік беріледі.
Бұл модельдің кемшіліктері:
- оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жоқ;
- оқытушының кеңесі телефон арқылы алынады;
- тыңдаушының техникалық мүмкіндіктері болмаса, оқу мүмкін емес.
Екі деңгейлі модель
Екі деңгейлі модельде жергілікті жерлердегі қашықтықтықтан білім беруді қолдайтын орталықтар болуы қажет. Қажет алғы шарттары:
-оқытушылар,
тьюторлар, координаторлар;
- компьютерлер;
- кейс технологиясына электрондық пошта,желілік технологияға
-Интернет байланысы,
-телекоммуникациялық технологияға цифрлық байланыс каналы (ISDN);
Екі деңгейлі модельде білімді көтеру мекемелерінің жергілікті жерлерде филиалдары болу қажет. Мысалы, аудандық әдістемелік кабинеттерде ашуға болады.
Бұл модельді ұйымдастырудың әр түрлі нұсқалары бар: тьютор негізгі білім мекемесінде немесе филиалда болуы мүмкін. Оқушы өз компьютерін немесе филиалдың компьютерін пайдалануына болады. Курс кезінде оқуды бір мұғалім немесе бірнеше тьютор қамтамасыз етеді.
Екі деңгейлі модельдің артықшылықтары:
- оқушы оқу бойынша кеңесті жергілікті жерде ала алады;
- барлық оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жасайды;
- оқушы филиалдағы техникалық құралдарды пайдалана алады;
- бір уақытта үлкен аумақ пен көп тыңдаушыларды қамтуға болады.
Қашықтықтан білім берудің Қазақстандағы дамуы
