Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП цифр_тех Акмаганбет_Е.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

3. Стек көрсеткіші. Мп шина жүйелері

Стек арифметикалық операциялардың орындалу тәртібін сыртқы есте сақтау құрылғыларына қатыссыз дұрыс ұйымдастырылатын регистрлер тобы, яғни арифметикалық амалдардың ішінде кӛбейту қосудан бұрын, жақша көбейтуден бұрын орындалуын т.с.с. қамтамсыз етеді.Стекті ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Көпшілік жағдайда «ең соңында кіріп бірінші болып шықты» /сирек жағдайда –“ бірінші кірді-ең соңында шықты”) әдісі пайдаланылады. Стекті ұйымдастырудың бұл тәсілі 1-суретте схема түрінде үстірт кӛрсетілген. Информация стекке адресті кӛрсетпей жіберіледі. Мысалы, әрқашан RG1 регистріне жіберіледі, әрі қарай әрбір келесі сӛзді жазу барысында бір регистрге “итеріліп тасталады” : RG2-ге, содан соң RG3-ке т.б. Соңғы бос емес ұяшықтың адресі –оның “ұшы” арнайы регистрде –стек кӛрсеткішінде болады.

Бұл айтылғандар түсінікті болуы үшін үстел үстінде бірінің үстіне бірі жиылған кітаптардың үйіндісін еске түсірейік (ағылшынша Stacr “үйінді” ұғымын білдіреді). Егер де сізге қажетті кітап үйіндінің ең астында жатса, онда ол кітапты алып үйінді үстіне қоямыз, яғни кітап үйіндісіне ең соңғы жатқан кітапты қосамыз.

Сурет 1 - Стектың жұмыс істеу Сурет 2 – Стек кӛмегімен элементның

адресациясы

Осы ең соңында үйінді үстіне қойылған кітап біздің алуымызға ыңғайлы бірінші болып шығады. Егер сізге үйінді ортасында орналасқан басқа кітап қажет болса, онда ол кітапты іздеу барысында үйіндінің үстіндегі жаңа ғана астынан алып қойған кітапты алуға тура келеді. Осы сияқты стекте операцияларды стектің ұшында, яғни жоғарғы регистрлерінде орналасқан операциялармен ған жүргізуге болады.

4. Сақтау құрылғылардың жіктеуі. Оперативтік есте сақтау құрылғысы

Микропроцессорлардың негізінде жиналатын жүйелердің кӛбі жадымен қамтамасыздандырылады. Кейбір жүйелер кӛлемі тек бағдарламаны жазу үшін және деректердің бірнеше БАЙТ-ын ғана сақтау үшін жететіндей жадыларға иеленеді. Басқа МП жүйелерінің жады кӛлемі соншалықты - олардың адрестік мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға болады. МП жүйелерінің жадысын ұйымдастыру үшін тұрақты есте сақтаушы құрылғылары (ТЕСҚ-лары) қолданылады. Олардың төрт түрі бар. Бұл тарауда біз осы құрылғылардың ерекшеліктерімен танысамыз және жадыға тікелей жетудің (ЖТЖ) тәсілін қарастырамыз МП-нің билігінде белгілі бір бағдарламаны құрайтын бұйрықтарды оқу және бұл бағдарламаның ӛндіретін деректерін есте сақтау мүмкіндігі болу тиісті. Демек, ақпаратты оқып жаза алатын жады керек. Казіргі МП-лердің архитектурасы үшін негізгі жады деп аталатын, біріңғай адрестелінетін жады кеңістігінің бар болуы тән. Қалай болғанда да негізгі жадының кейбір бӛлігі оперативті (жедел) жады, яғни ақпаратына жету уақыты МП-нің амалдарды орташа орындау жылдамдығымен шамалас, болуы тиісті.

Кейбір жалпы міндет атқаратын МП жүйелерінде жады кеңістігінің барлығы дерлік оперативті болады. Бағдарламаның бұйрықтары оның ішіне, жады ішіне жазу амалдарының кӛмегімен жазылады. Ақырында бағдарламаны орындағанда МП оның ішінен бұйрықтарды оқып алады. Әрине, деректер де жады аймағына жазылады және олардың ішінен оқып алынады. МП жүйелерінің ЕСҚ-ларындағы көбі оперативті жады болып табылады.