- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •Қазақстандағы білім берудің мазмұны
- •Қазақстандағы білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері
- •3Тарау 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері Қазақстандағы орта білім беру жүйесі
- •Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесі
- •Ресейдегі жалпы білім беру жүйесі
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Терминологиялық сөздік
Қазақстандағы білім берудің мазмұны
Халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі .
Білімнің мазмұны оқу процесі компоненттерінің бірі, ол ғылым білім, іскерлік, дағдылардың жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқулылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды,ғылыми-материалистік қарым-қатынасы, мінезі қалыптасады .
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Білім мазмұны мына мәселелерді қамтуы керек:
табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру
адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешу
жастарды өмірге, еңбекке мамандық тандауға даярлау
диалектикалық-материалистік көзқарасты тәрбиелеу
Б
1. Жалпы білім.
ілім берудің құрамдас белігіЖалпы білім мазмұнына пәндердің үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.
а) ғылыми-жаратылыс пәндері - табиғат заңдары жайында оқушыларға терең білім береді, олардың ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі құралы болып табылады .
ә) гуманитарлық пәндер — оқушыларды педагогикалық даму заңдарымен таныстырады, ойлау аппаратын дамыіудың, қарым-қатынас жасаудың құралы, оқушылардың эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады, дүние тарихымен, мадениетімен, рухани байлықтар мен таныстырады.
б
2. Политехникалық білім
) еңбек, дене шынықтыру пәндері ~~ оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі іс-әрекеттер процестерінде олар іскерлікке, дағдыға иемденеді, кәсіптік бағдар береді.— оқытудың әр түрлі сатысында,яғни еңбек сабақтарының процестерінде қарастырылады,өндіріс негіздері, "есептеу техникасы", "информатика" сабақтары,әр түрлі құраддар, шеберханалар т.б.
Білім мазмұынына қойылатын критериилер:
Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
1. Оқу жоспары ~ оқу пәндерінің құрамын, әрбір курс, сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
2 Оқу бағдарламалары — мұнда білім мазмұны сипатталадық пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Әр пән бойынша түсінік хат жазылады, онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп, мұғалімдерін әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
3. Оқулықтар-оқу бағдарламасының негізінде жасалады, олар білім берудің негізгі кезі.
Білім беру ұғымы — өте күрделі, көпжақты ұғым. Жалпы түрде бұған адамның жүйелі білім, дағды, іскерліктерді меңгеруі және сезім мен ақыл-ойдың дамуы, танымдық процестер мен дүниетанымның қалыптасуы деген анықтама беруге болады.
Білімді адам деп көптеген фактілер мен құбылыстардың қағидасын, әдіс-тәсілін меңгерген, өте жоғары дәрежеде қабілеті жетілген, іскерлігі бар, тез және дұрыс пайымдап, тұжырым жасай алатын адамды айтады. Сонымен бірге адамгершілік тұрғысынан дұрыс сын айта алатын, ойлай білетін, жаңалыққа жаны құмар, бағалай алатын, қарым-қатынас пен іс-әрекет іскерлігі қалыптасқан адам.
Білім беру — мектептен басталады.
Мектеп — жалпы білім беретін, жан-жақты дамудың негізін қалайтын, алғашқы мамандық таңдау мен мамандыққа даярлаудың бастауы болып табылатын, жалпы дамудың баспалдағы.
Мектептегі жалпы білім берудің мазмұны ~ жалпы әдіснамалық қағидалармен, ғылым, өнер, еңбек, дене шынықтыруды қалыптастырудың қағидаларымен анықталады.
Жалпы орта білім берудің мазмұның қалыптастырудың жалпы әдіснамалық қағидалары:
1. Оқу материалының жалпы білім берушілік сипаты;
2. Білім мазмұнының азаматтық және гуманистік бағыттылығы;
Оқу материалының қоғамдағы өзгерістермен байланыстылығы;
Гуманистік - этикалық бағыттылығы;
Оқу материалының дамытушылық сипаты;
Пәндердің өзара байланыстылығы;
Білім мазмұнының эстетикалық аспектісі;
Жалпы білім баланың адамгершіліктік қасиеттері мен сенімін жетілдіруге ықпал етеді, жеке адамның рухани жан дүниесінің неғізін қалайды.
Жалпы білім беретін мектептердің құрылымы
Елдер
|
Мектеп сатылары / Білім беру ұзақтығы |
||
Бастауыш |
Негізгі жалпыға міндетті
|
Орта жалпы |
|
Қазақстан (бүгін)
|
4 |
11 |
11 |
Қазақстан (келешекте)
|
4 |
10 |
12 |
Ресей Федерациясы
|
4(3) |
9(10) |
11(12) |
АҚШ
|
6 |
10 |
12 |
Болгария
|
4 |
9 |
12 |
Венгрия
|
4 |
8 |
12 |
Куба
|
6 |
9 |
12 |
Өзбекстан
|
4 |
9 |
12 |
Чехия
|
4 |
9 |
12 |
Щвеция
|
6 |
9 |
12 |
Жапония
|
6 |
9 |
12 |
Германия
|
4(6) |
9(10) |
12(13) |
Литва
|
5 |
10 |
12 |
Франция
|
5 |
10 |
12 |
Эстония
|
5 |
10 |
12 |
Ұлыбритания
|
6 |
10(11) |
12(13) |
