- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •І Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі.
- •1.1 Қазақстан Республикасының білім беру бағыттары.
- •1.2 Қазақстан Республикасының білім беру ісінің мазмұны, міндеттері, мен принциптері.
- •Нормативтік құжат
- •Қорытынды
- •Терминологиялық сөздік
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Қорытындылай кете, қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Ағымдағы ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян. Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның негізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.
Бүгінгі таңда білім беру жағдайы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Бүгінгі күні мемлкетімізде білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа ие болуда.
Терминологиялық сөздік
1. Унитарлы-мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі.
2. Унификация- бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту. Унификация стандарттаудың тиімді және кең тараған әдісі. Оның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге және пайдалануға жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.
3. Схоластика-(лат. shola мектеп) ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі схоластика деп екіге бөлінеді.
4. Инновация-терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi.
5. Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым.
6. Гуманизациялау -адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.
7. Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
8. Коммуникация – латын тілінен аударғанда, «қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу» деген мағына береді. Коммуникация қоғамның кез келген саласында кездеседі. Тіпті мектепте мұғалім мен мен оқушының байланысқа түсуін де осыған мысал етуге болады.
9. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.
10. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.
