Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ. БА-13..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
258 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Қазақстан тарихы – іргелі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың бірі.

Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясында ежелгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі болған тарихи оқиғаларды, жағдайларды, фактілерді, үрдістерді жалпы түрде зерттейтін ғылым.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан тарихы - ол әлемдік тарихтың, Евразия тарихының заңды бір бөлігіне айналды.

Қазақстан тарихын оқу арқылы қоғамдық заңдылықтарды, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуын, тарихи оқиғалардың бір-бірімен байланыстылығын, өткеннің, қазіргі кезеңнің және болашақтың бөлінбейтіндігін танып-білуге болады.

Қазақстан тарихы студенттерді патриоттық, азаматтылық және тарихи ескерткіштерге құрметпен қарау сезіміне тәрбиелейді.

2.2. Пәннің мақсаты: отандық тарихтың ежелгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі кезеңдеріндегі қазақ этногенезіндегі байланыстылық пен сабақтастылықты, олардың мемлекеттерінің қалыптасуы мен дамуына объективті баға беру.

2.3. Пәннің міндеті:

  • қоғамдық дамудың объективтік заңдары мен заңдылықтарын білу;

  • Отандық тарихты әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарау, Батыс пен Шығыстың өзара бірлігі;

  • өткен тарихқа объективтік көзқараспен қарау, қазақ халқының этногенезінің қайнар көзін, оның мемлекеттілігінің дамуын, қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін болған күрестерінің негізгі кезеңдерін, таңдаулы тарихи тұлғаларын білу;

  • қоғамның дамуының қазіргі кезеңдегі негізгі ерекшеліктерін білу;

  • тарихи жағдайларды және үрдістерді сыни көзқараспен және логикалық ойлаудан өткізіп, тарихи түсініктерге сүйеніп, талдау жасай білу.

2.4. Оқытудың соңғы түйіні:

Студент білуге тиісті:

• Қазақстан тарихының негізгі деректерін, тарихнамасын және кезеңдерге бөлінуін;

• қазақ этносының қалыптасуының қайнар көзін, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін;

• Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісін, оның жағымды және жағымсыз жақтарын;

• Қазақстанның азаматтық қарама-қайшылық кезеңдері мен кеңестік тоталитарлық режім жағдайындағы дамуын;

• қайта құру мен қоғамдық өмірді демократияландыруға алғашқы қадам жасау кезеңдерін;

• тәуелсіз және егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, қазақстандық моделдің қазіргі кезеңдегі дамуының ерекшеліктері;

• тарих ғылымының негізгі категориялық аппараты.

Меңгере білуі керек:

• тарихи деректермен өз бетінше жұмыс жасаудың әдісін білуі керек;

• баяндама, реферат, эссе дайындаудың әдісін меңгере білуі керек;

• тарихи оқиғаларды ғылыми түрде саралап, талдап, оған объективті баға бере білуі керек;

• логикалық түрде ойлап, еркін сөз сайыстарына қатысып, өзіндік дүниетанымдық ұстанымын сақтап, тарихи білімін өмірде қолдана білуі керек.

2.5. Пәннің пререквизиттері:

мектеп курсы көлеміндегі “Қазақстан тарихы”, “Жалпы тарих” бойынша білімі.